​Ажырасарда мына ҮШ НӘРСЕНІ есте ұстаңыз!

0
3 103

Үш адамның түзелетініне ешкім кепілдік бере алмайды.


​Ажырасарда мына ҮШ НӘРСЕНІ есте ұстаңыз!

Ұрыс-керіссіз отбасы болмайды. Психологтардың айтуынша, кикілжің көбейіп, отбасылық мәселе созылып кеткенде, шаңырақты шайқалтпауды емес, ажырасуды ойлайтын ерлі-зайыптылар көп екен.


Сезімдері салқындай бастаған ерлі-зайыптыларға өмірлік тәжірибесі мол үлкендер «Сезімдер жылуы үшін алдымен екі дене бір-бірін жылытуы керек. Қапа болсаң да, ренжісең де бөлек жатпа» десе, ал психологтар «Жұбайлар неғұрлым уақытын бірге өткізсе жылы қарым-қатынас нығая түседі» дейді. Алайда еліміздегі төтенше жағдай бір ай бойы үйге бірге «қамап» қойса да карантин уақытында ажырасуға онлайн өтініш бергендер бар. Бұл екі адамның ажырасу мәселесіне психологтардың кеңесі де, үлкендердің ақылы да көмектесе алмайды дегенді білдіре ме? Кімді тыңдаған дұрыс?

Ажырасу бақытсыздықтан құтқара ала ма? Ажырасқаннан ұтасыз ба, ұтыласыз ба?

Осы сұрақтар сізді де ойландырып жүрсе, мына үш нәрсені есте ұстаңыз.


БІРІНШІДЕН, ажырасу – операцияға ұқсайды. Білікті, тәжірибелі хирургтың ешқайсысы да операция жасалғаннан кейін ағзаның сауығып, аурудың жоғалып кететініне уәде бере алмайды. Өйткені операция жасалғаннан кейін сауығып кететін, керісінше ауру одан сайын асқынып, операцияны көтере алмайтын ағза болады. Сол сияқты үш дипломы бар білімді психолог та, ең жанашыр досыңыз бен ақылды анаңыз да ажырасу бақытсыздықтан құтқаратынына кепілдік бере алмайды.


ЕКІНШІДЕН, ажырасу – лоторея ойынына ұқсайды. Не ұтасыз, не ұтыласыз! Бұны да ешкім алдын ала білмейді.


ҮШІНШІДЕН, үйленерде немесе тұрмысқа шығарда қыз да, жігіт те «Отбасы құрғаным дұрыс па? Жұбайлық өмірде мені не күтіп тұр?» деп ешкімнен сұрамайды. Ал сіз ше, кімнен кеңес сұрадыңыз? Өз жүрегіңізді ғана тыңдап, өз басыңыздағы ақылға жүгіндіңіз. Олай болса, ажырасарда да жүрегіңіздің үніне құлақ түріп, ақылмен шешім қабылдаңыз. Бірақ асықпаңыз.



ТАҒЫ ДА ОЙЛАНЫҢЫЗ!

  • Мүмкін құлайын деп тұрған шаңырақты түзеуге болатын шығар?

  • Мәселеден шығудың жеңіл жолын іздеп жатқан шығарсыз?

  • Бәлкім, жағдай жөнделер, ол өзгерер?


Осы сұрақтарға көңіл күйіңіз біресе от, біресе су, енді бірде ауа, тағы бірде жер болып тұрған кезде, яғни төрт түрлі күйде, әр күні жауап беріп көріңіз. Лажы болса, ажырасуды емес, некені сақтаудың жолдарын іздеңіз.


Әрине, бұл сіздің жеке өміріңіз, шешімді өзіңіз қабылдайсыз. Дегенмен есте ұстаңыз, нашақор маскүнем, алаяқ - осы үш адамның түзелуіне ешкім кепілдік бере алмайды, ал бұдан басқа адамдарды өзгерту өзіңізге байланысты.

(Суреттер ашық дереккөздерден алынды)


Жазира СМАҒҰЛОВА,

«ERNUR.KZ»


Тағы да оқыңыз:


АҚША шақыратын СУПЕР техниканы қолданып көріңізкөріңіз


Күніне БІР-ақ МИНУТ: Ең жалқау адам үшін де ҚОЛАЙЛЫ ӘДІС