​БҰЛ шипалы сөздермен өміріңізді "ЕМДЕЙ" аласыз

2
4 306

Осылай өзіңізге күнде бата беріңіз.


​БҰЛ шипалы сөздермен өміріңізді

Фото: avatars.mds.yandex.net

Сөздің құдыреті күшті. Онда ғаламат қуат жатқанын бәрі біледі. Өйткені сөзбен адамды жұбатуға, жылатуға, ашуландыруға да болады. Дәл сол сияқты сөзбен тұқыртып, сөз арқылы көңіл күйін көтеру де әп-сәтте.

Сөзбен адамның көңіл күйін өзгертуге болады. Демек эмоция арқылы өмірді де, ауруды да емдеуге әбден болады деген сөз. Бұл тұрғыда ғалымдар ұзақ жыл зерттеу жұмыстарын жүргізіп, адамның ағзасы мен өміріне жылдам әсер ететін шипалы сөздерді анықтапты. Соның бірқатарын ұсынамыз.


Шипалы сөздерді неғұрлым жиі қайталасаңыз, соғұрлым оның емдік қуаты артады дейді мамандар. Сонымен, бұл сөздерді таңертең ұйқыдан тұрған соң және түнде ұйқыға жатарда ішетін дәрі секілді қолданыңыз. Дауыстап қайталаңыз.



1) МЕН өз ақылыма сенім артамын. Күнделікті өмірде қандай іс істесем де, мәселелермен бетпе-бет келгенде де ішкі даусымды тыңдаймын. Менің интуициям әрқашан мені дұрыс бағытқа бұрады. Мен ішкі әлеміме сенем. Мен өзіме сенімдімін!


2) МЕН кешіремін, кешіруге дайынмын. Мен өткен шақтағы ойларымды кешіремін. Өзімді, қателіктерімді кешіремін. Кешіру арқылы өмірімдегі мәселелерден, аурудан құтылып жатқаныма сенемін.


3) МЕН өміріме қанағаттанамын. Мен жұмысыма, табысыма, өміріме, пайдаланып жатқан мүліктеріме қанағат етем. Әр күн мен үшін ұлы күн. Өз жүрегімді тыңдай отырып, өмірдің ғажайыптарын көрем. Менің жаным тыныш. Менің өмірім тыныш. Өйткені қанағатшылмын.


4) МЕН тағдырыма ризамын. Құдайдың маған лайық деп берген тағдырымды қабылдаймын. Өмірім мені маған қажетті жолмен жүргізетініне сенем. Тағдырым әрқашан мені қолдайды.


5) МЕН еркін адаммын. Уайым-қайғыдан, өткен шақтың ойларынан, естеліктерінен азатпын. Бүгінгі ойларым болашағымды түзетініне сенем, сондықтан да әрдайым ойларым таза, анық. Мен ойларымнан қуат аламын.


6) МЕН өзгеріске дайынмын. Ескі жағымсыз ойларды, қатып қалған қағидаларымды өзгертемін. Өміріме қуанышты, бақытты, сүйіспеншілікті қабылдаймын.


Тілек, бата, дұға да сөзбен айтылады. Бұл сөздер өзіңізге жасаған дұғаңыз, батаңыз сияқты. Олай болса, өзіңізге күнде осы сөздер арқылы бата жасаңыз.


Ж. Нұрабайқызы,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:


Аурудан ЖЫЛДАМ емделудің сіз білмейтін ТӘСІЛІ

Мынандай 6 түрлі әйелге ҮЙЛЕНБЕ!