​Қиындықты ойша жойсаңыз, шын мәнінде құтыласыз!

0
7 473

Өз-өзіңді қабылдау мен өз іс-əрекеттеріңді қолдау – ұзақ өзгерістер кілті болып табылады. Біз, тек қана біз, өзіміздің тəніміздегі «ауруды» қолдан жасаймыз.


​Қиындықты ойша жойсаңыз, шын мәнінде құтыласыз!

фото: blogs.femina.in

«Жасырын реніш, ашу, өзін жəне басқаларды сынау, кінəлі сезіну – денсаулық үшін ең зиянды көңіл күй. Біз өзімізді өзіміз шын мəнінде жақсы көрген кезде, біздің өміріміз де жақсарады. Біздің өткеннен арылуымыз жəне барлығын да (өзімізді қоса) кешіруіміз қажет. Біз қазіргі сəтпен өмір сүруді үйренуіміз қажет. Өз-өзіңді қабылдау мен өз іс-əрекеттеріңді қолдау ұзақ өзгерістер кілті болып табылады. Біз, тек қана біз, өзіміздің тəніміздегі «ауруды» қолдан жасаймыз.

Бұл әлемге әйгілі психолог Луйза Хэйдің сөзі. Ал, оны қазақша аударған қаламгер Мырзагелді Кемел. Жазушы ағамыздың «Көгілдір кітап» деп аталатын кітабында ауру мен проблемалардың пайда болуын және оны жоюдың, ағзаны сауықтырудың қарапайым тәсілі жазылған. Сонымен, әлгі кітапта Луйза Хэй былай деіді:

Біздің əрбір ойымыз біздің болашағымызды құрайды

фото: syl.ru

Əрбір адам өмірде оқиғаны ой мен сезімнің қатысы арқылы жасайды. Біз өзіміз –өз уайымымыз, қоршаған орта шындығы мен ондағы барлық нəрселердің бастауы болып табыламыз. Екінші жағынан алғанда, өз санамыздағы үйлесімділік пен тепе-теңдікті ұстана отырып, біз өмірде сол нəрселерді кездестіре бастаймыз. Егер сізге аса бақытты болмаған, жексұрын немесе өздерін кінəлі сезінген адамдармен өмір сүруге тура келген болса, онда сіз қоршаған орта мен өзіңізді керісінше қабылдауды үйренгенсіз. «Мен ешқашан ештеңені дұрыс жасамаймын», «Бұл менің кінəм», «Егер мен ашулансам, онда менің жаман адам болғаным» – міне, сіздің кейбір ойларыңыз. Мұндай ойлардан арылыңыз!

Сіздің өмірде басыңыздан өткерген жайлардың бəрі – сіздің өз ішкі ойыңыздың бейнеленуі. Мен кейбір адамдардың келеңсіз қылықтарын жақтамаймын, біз үшін маңыздысы бізге осылай қарым-қатынас жасаған адамдарды біздің танымымыз өзіне тартатынын түсіну. Егер сіз: «барлығы мені сынайды, мен үшін ешкім ештеңе істемейді» деп ойласаңыз, бұл сіздің ойлау қалыбыңыз. Сіздің бүкіл өміріңізде осындай адамдарды өзіне тартып тұратын ой сізде терең сақталған, егер одан бас тартсаңыз, ондай адамдар сіздің өміріңізде өз-өзінен жоғалады. Сіз бұдан былай мұндай адамдарды өзіңізге тартпайтын боласыз. Мен төменде тəни дəрежеде көрініс табатын осындай ойлау қалыбының нəтижесінкелтіремін:

1. Ұзақ уақыт бойы жинақталған ашу-ыза, өз-өзіне көңіл толмаушылық, реніш тəнді жеп, қатерлі ісік (рак) ауруына айналады.

2. Басқаларды үнемі сынау ревматизм сырқатына шалдықтырады.

3. Кінəлі сезіну əрқашан жазалануға алып барады, ал жазалау қиналуды тудырады. Ол тудыратын қорқыныш пен тығырық асқазан жарасы мен аяқ ауруының жəне шаштың түсуінің пайда болуына бірден бір себепкер.

Жалпы, барлық ауру кешірмегеннен пайда болады. Осыны қатаң есте ұстаған дұрыс. Мен өз тəжірибемнен реніш пен ашу-ызадан құтылу тіпті қатерлі ісікті де жоқ қылатынын білдім. Сырттай қарағанда бұлай түйіндеу қарабайыр боп көрінуі мүмкін, бірақ менің өзім оны көрдім жəне өз басымнан өткердім.

Өзіңізден өзіңіз кешірім сұраңыз!

Қалай адам ауыра бастайды, солай ол өз кеудесінен кешірім етілуі қажет адамды іздеуі керек. Егер сіз кешірім жасалуы өте қиын адамды тапсаңыз, онда тап сол адамды кешіру керек. Кешіру – демек, азат болу. Сізге қалай кешіруді білу қажет емес. Ең керегі – кешіруге құлықтылық. Ары қарай сізге Жаратушының өзі көмекке келеді.

Өзіңді жақсы көрсең – денсаулық жақсарады, қолға ақша өзі келе бастайды

фото: ok.ru

Мен мынадай қорытындыға келдім: біз өзімізді жақсы көрген кезде, өз іс-əрекетімізді мақұлдаған кезде жəне өз-өзімізбен қалған кезде – денсаулық жақсарады, қолға ақшаның өзі келеді, біздің басқалармен қарым-қатынасымыз гүлдене түседі, біз өзіміздің тұлғалық қасиетімізді шығармашылық негізде білдіре бастаймыз. Біз өзімізді бар жан-тəнімізбен жақсы көріп, құрметтеген кезде жəне өз іс-əрекетімізді мақұлдаған кезде біз ақылдың белгілі бір ұйымын жасаймыз.

Өзіңді мақұлдау мен өзіңді қабылдау біздің өміріміздегі оң өзгерістердің кілті. Өзіңді бұлай жақсы көру ешқашан, ешбір жағдайда да өзіңді сынауға болмайтынын сезіну фактісінен басталады. Өз басымызды сынау біздің құтылуға тырысқан ойдың бейнесіне əсер етеді. Өз-өзіңді түсіну сиқырланған құрсаудан шығып кетуге көмектеседі.

Сіз жылдар бойы өзіңізді сынадыңыз, сонда да бұдан ешқандай жақсылық шықпағанын естен шығармаңыз. Өзіңізді жақсы көруге тырысып көріңіз, жəне бұдан не шығады екен, байқаңыз. Өзін жақсы көру – демек, өз басыңның тірлік кешу фактісін мерекелеу мен өмірдегі сыйы үшін құдайға шүкірлік ету. Өзіңді жақсы көру – демек, бəрінен бұрын, өз басыңды құрметтеу.

Қандай жағдай да, егер сіз өзіңіздің жетістігіңізді жоққа шығарсаңыз, бұл сіздің өзіңізді жақсы көрмейтініңізді білдіреді. Менің есіме көзілдірік киген өзімнің бір пациенткам түседі. Бір сабақ бойына ол өзін түп негізі балалық шақта жатқан бір қорқынышынан азат етті. Келесі күні ол оянады да, көзілдіріктің өзіне енді қажеті жоқ екенін түсінеді. Оның жанары 100 пайыз көреді. Бірақ үнемі өзіне: Мен бұған сенбеймін, мен бұған сенбеймін», - деп айтып бүкіл күнді өткізеді. Сөйтіп, ол келесі күні тағы да көзілдірік киеді. Біздің санамыздан тысқары ойымызда юмор сезімі жоқ. Ол өзінде 100 пайыз көретін жанар пайда болғанына тіпті де сене алмайды.

Міне, ең бірінші сізде «Бәрі жақсы болатынына сенуіңіз керек. Содан соң ең бірінші өзіңізді жақсы көріңіз, сымбатыңызды, әрбір мүшеңізді сүйе біліңіз. Өзіңізден-өзіңіз кешірім сұраңыз. Сонда өміріңізден келеңсіздіктер жойылып, ұзақ жылдар бойы қинаған ауруыңыздың да жоғала бастағанына куә боласыз.

Әлемге әйгілі психолог осылай дейді. Түк қиындығы жоқ, қарапайым әдіс. Ал, біз небір қымбат дәрілерді сатып алып, «жол ашады екен» деп басқа қалалардағы көріпкел, емшілерге барып сандалып жүрміз. Сіз іздеген білікті емші де, психолог та – өзіңіз. Олай болса, дәл қазір, осы сәттен бастап, өзіңізден кешірім сұрап, өзіңізді сүюді үйреніңіз!

Табиғат ҚАЛЫБЕК,

ERNUR.KZ