​Қай сағатта дүние есігін аштыңыз?

0
5 935

Баланың дүниеге келген сағаты оның ең басым деген қасиеттерін айқындап бере алады екен.


​Қай сағатта дүние есігін аштыңыз?

Баланың дүниеге келген сағаты оның ең басым деген қасиеттерін айқындап бере алады екен.

1:00-3:00 — «Өгіз сағаты». Бұл сағатта дүниеге келгендер — байсалды, ұстамды болып келгенімен, ішіне жинап-жинап, бір күні бомба боп атылатындар.

3:00-5:00 — «Жолбарыс сағаты». Тәуліктің бұл бөлігінде дүние есігін ашқандар жомарттығымен ерекшеленеді. Оған қоса, өмірді, айналасын қатты сүйеді. Күту бекінісінде ұзақ уақыт жата алады, ал, сәті туды деп санағанда, тез шешім қабылдап, қажетті әрекеттер жасап, жеңіске қол жеткізе алады.

5:00-7:00 — «Мысық сағаты». Таңмен таласа туылғандардың ең жақсы қасиеттері — әділдік, мейірімділік пен тектілік.

7:00-9:00 — «Айдаһар сағаты». Бұл уақыт аралығында туғандарды астрологтар қуатты, шешім қабылдауда батыл әрі табанды болады деп санайды. Олар қаржы ұстау мен жинауға өте пысық.

9:00-11:00 — «Жылан сағаты». Бұл сағат сәбиге даналық, айрықша ойлау қабілетін сыйлайды екен.

11:00-13:00 — «Жылқы сағаты». Осы уақыт аралығында дүние есігін ашқандар — елгезек, еті тірі, жігерлі жандар. Жүйелі және айқын ойлай қабілеті ерекше.

13:00-15:00 — «Ешкі сағаты». Бұл уақыт аралығының балаларында асқан төзімділік, әділдік басым.

15:00-17:00 — «Маймыл сағаты». Жылдам ойлап, жылдам іске кірісетін, адамдармен тез тіл табысқыш, алғыр, іскер жандарм осы сағатта дүние есігін ашады.

17:00-19:00 — «Әтеш сағаты». Бұл сағаттың тумалары тәртіпті, ұйымшыл, мұқият, ұқыпты әрі табанды болып келеді.

19:00-21:00 — «Ит сағаты». Бұл сағатта туғандардың негізгі басым қасиеттері: әдептілік, парасаттылық, адалдық және жылы шырай мен достық ықылас.

21:00-23:00 — «Қабан сағаты». Осы сағат аралығында туып, осы симвлоды арқалап жүрген жандар ержүрек, қайтпас қайсар, төзімді әрі биік мәртебелі болады.

23:00-1:00 — «Егеуқұйрық сағаты». Бұл сағатта туылғандар ақылды әрі сақ, байқампаз, алды-артын терең ойлай білетін азамат боп өседі.