КӨЗдің орналасуына қарап адамның БОЛМЫСЫН біле аласыз ба?

0
8 008

«Көзіме тік қара» деген сөз де жауаптан жалтартпау үшін айтылатын сөз екендігін білесіз. Сондықтан, сіздің қаншалықты шынайы, адал адам екендігіңізді көз жанарыңыз аңғартып қоятынын естен шығарып алмаңыз.


КӨЗдің орналасуына қарап адамның БОЛМЫСЫН біле аласыз ба?


Әрине, «адам аласы ішінде, мал аласы сыртында» деген сөзге сүйеніп, адамды толықтай біле алмайсыз, бір адамды толықтай білу үшін «бір пұт тұз жеу керек». Яғни, «сыры маған толықтай таныс» деген адамыңыздың өзінің сіз білмейтін тұстары болады. Әйткенмен, қанша жасырғысы келсе де көзге қарап ол адамның болмысын аңғаруға болатыны жайлы айтпақпыз.


«Көз көңілдің айнасы» деп жатамыз. Сырын бүгіп, қанша ішіне жасырса да көз алдамайды. Психологтар адамның көзіне тік қарау арқылы оның өтірік айтып тұрғанын немесе шындығын айтқанын бірден байқай алатынымызды айтады.


Психолог мамандардың пікірінше, көздің орналасуы, көлемі мен қабақтың жаратылысына қарай адамның ішкі жан-дүниесін білуге болады дейді. Оның артықшылықтары мен әлсіз тұстарын анықтау мүмкін екен.


ЖЫЛАН


Данышпандық белгісі.

Көздің қабағы түзу сызық бойымен орналасқан, қабағы түсіңкі, көздің қарашығын жауып тұрғандай әсер қалдыратын көздердің иесі - өз қадірін білетін, өзін-өзі бағалауы жоғары адамдар. Олар өзіндік пікірінің дұрыстығын дәлелдеу үшін жанын салады. Сондай-ақ, ойының дұрыстығына күмән келтірген адамдарды да сендіре алады. Өйткені, жеті рет өлшеп, бір рет кесетін олар қадамының дұрыстығына күмәні болмайды. Сонымен қатар, айналасындағы адамдардың пікірін тыңдағанымен, өзінің ішкі түйсігіне сеніп әрекет етуші адам. Өзгенің пікірімен санасып, ойын өзгерте салу, өзгенің сөзіне еру - жылан типтес көздің иесі үшін емес.


ЖОЛБАРЫС


Керілген қабақ. Әйтсе де, жылан типтес көздер секілді емес, сәл ғана түсіңкі, көз үстін анықтап қарасаңыз, аз ғана жауып тұрады. Бұл көзді біршама қысыңқы етіп көрсетеді, қиғаштау орналасады.

Осындай жаратылыстағы көздердің иесі - өмірлік жарына берілген, өз қалауын да, жанына жақын жандарының да қалауын анық білетін және бастаған ісін соңына дейін жеткізбейінше тыным таппайтын жандар. Мұндай адамдар тосын жайттарға, аяқ астынан пайда болатын жағдайларға да әрдайым дайын тұрады.

«Жолбарыс» көзді адамдар сабырлы келеді. Әр істің өз сәті туатынын жақсы түсінетін олар ешқашан асығыс шешім қабылдамайды. Асықпайды да, аптықпайды да. Ашуға берілуі де жылдам емес. Барынша сабыр сақтап, әр істі бейбіт жолмен шешуге бейім.


ТҮЛКІ


Ойнақы, жүзіне аярлық секілді сипаттарды сыйлайтын түлкі тәріздес көздердің иесі - ортаға тез сіңісіп кете алады. Әрдайым жұрттың назарында болуды қалайды. Көпшілік ортаны жаны сүйеді. Шулы ортада, думанды кештерде жүргенді ұнатады.

«Түлкілер» ісмер, жанына жақын жұмысына берілген. Уақытты текке өткізуді қаламайды. Үнемі ізденіс үстінде жүргенді жаны сүйеді. Олар тез шешім қабылдауға бейім және ерекше жобаларды жасағанды жақсы көреді, жаңаша көзқараста. Елден ерек өзгеше нәрсені ойлап табуға құштар.


ҚҰЗҒЫН (қарға)


Мұндай көздер жоғарғы қабақ пен төменгі қабақтың сызығы айшықталған, әдемі орналасқан.

Құзғын көздің иесі - әңгімелесушінің ыңғайына ойысуға бейім. Оның пікіріне құрмет білдіріп, мейірімділікпен қарайды. Кішіпейіл, мәдениеті жоғары адамдар. «Құзғын» көзді адамдар емен-жарқын әңгімені, сұхбаттасушының мейлінше өзін еркін сезініп, өз ойын толықтай жеткізе алуы үшін жағдай жасайды. Шын көңілімен сырын айтып отырған адамды тыңдай біледі, өзі де осындай сұхбаттарды жақсы көреді.

Дайындаған: Г.ЖҰМАДІЛДАЕВА,

ERNUR.KZ

Тағы да оқыңыз: Неге өзіңізді тамақтан ТЕЖЕЙ алмайсыз?

Қандай КОФЕНІ жақсы көресіз? (психодиагностика)