Күйеуіңіз «көзіңізге шөп салып» жүрген жоқ па? (тест)

0
10 195

Күйеуіңізге күмәнданып жүрсіз бе? «Бұны білу қиын емес» дейді психологтар.


Күйеуіңіз «көзіңізге шөп салып» жүрген жоқ па? (тест)

иллюстрациялық фото: kolobuga.ru

- О, Жанна, қалай арықтадың?

- Уайымнан. Күйеуім көзіме шөп салып жүр екен!

- Көнбістікке салынба, шара қолдан!

- Тағы да 5 кг салмақ тастап алайын. Сосын...


Әдемі әзіл. Дегенмен, расында да, күйеудің «көзге шөп салуы» әйелдер үшін үлкен уайым, трагедия.

Ал, күдіктену – одан да жаман. Қыз күніңдегі «Оның сезімі шынайы ма?», «Сезіміммен ойнап жүрген жоқ па?» деген күдік ешнәрсе емес-ау, отбасы құрғаннан соң «Жар төсегіне опасыздық жасамады ма екен? Ақ махаббатыма сатқындық жасап жүрген жоқ па?» деген күмәнді ой – азаптың азабы.

Әрине, себеп болмаса күдіктенбейсіз ғой. Оның соңғы уақыттағы қылықтарына, сөздеріне, әрекеттеріне, салқындығына қарап, дүдәмал оймен алысып жүрген боларсыз?! Анық білгіңіз келе ме? Онда мынандай психологиялық тест көмегіне жүгініп көріңіз.


1. Соңғы кезде ол өзіне қалай көңіл бөліп жүр?

а) Бұрынғыдай, айтарлықтай өзгеріс жоқ;
ә) Айна алдында ұзақ тұрады. Шашына ақ түскенін, тазданғанын айтып шағымданатынды шығарды. Бет терісіне үңіледі, аузын ашып тісіне қайта-қайта қарайтын болған;
б) Іш киімін жиі ауыстаратын болды. Жиі қырынады.


2. Ол жұмыстан кейін:
а) Жұмыс уақыты аяқталды ма үйге қайтуға асығады;
ә) Соңғы кезде жұмыстан кейін кеш келетін болды. Жұмыстан кейінгі іскерлік кездесуі көбейіп кетті;
б) Жұмысының фанаты, тіпті демалыс күні де жұмысына кетеді. Бітпей қалған жұмысы көп. Жұмысы көбейіп, үлгере алмай жүр.


3. Жұмыста көп кідіре ме?

а) Ешқашан;

ә) Аптасына бір рет;

б) Күнде. Жиі.


4. Оның ұялы телефоны:

а) Мен қалаған уақытымда оның ұялы телефонымен басқаларға қоңырау шала аламын!

ә) Телефонын сұраусыз қолданғанымды ұнатпайды;

б) Үнемі қалтасына салып жүреді, ұстатпайды, түнде өшіріп тастайды.

иллюстрациялық фото: shkolazhizni.ru


5. Ол үйде ұялы телефонында қанша уақыт отырады?

а) Аз отырады, көбіне жұмыс барысымен;
ә) Ұзақ, көбіне достарымен хат жазысады;
б) Ұзақ, жұмыстағыларымен хат жазысады.


6. Одан отбасылық қажеттіліктерге ақша сұрасаңыз:
а) Бірде көл, бірде шөл.

ә) Ұсақшыл боп кеткен сияқты, есептеп, тергеп, бірақ сұрағанымды береді;

б) Бұрынғыдай емес, сұрағанымнан аз беретін болған;


7. Жұмысқа көлігімен жеткізіп салуды сұрансаңыз, ол:
а) Бірден келіседі;
ә) Амалсыздан келіседі, бірақ кешке алып кете алмайтынын айтады;
б) Апармайды. Түрлі сылтау айтады, кейде үндемей таксиге ақша береді.


8. Сіз оған жақындағанда, ол қандай реакцияда болады?
а) Бұрынғыдай;
ә) Жақтырмайды. Өзін менен алып қашады;
б) Бұрынғыдан белсенді. Екі есе асырып «жауап береді».


9. Жатын бөлмеде қандай?
а) Бірқалыпты, тұрақты;
ә) Кейде аяқ астында жаңа эксперимент жасауға ұсыныс жасайды;
б) Шаршап тұрғанын, мазасы болмай тұрғанын жиі айтады.


10. Көп ашуланатын болған ба?
а) Мінезі белгілі емес пе, бұрынғыдай;
ә) Соңғы кезде қатты ашуланатын болған, бірақ көбіне өзін ұстауға тырысады;
б) Болмашыға ашыланады, жиі керіседі;


11. Басқа әйелдермен қарым-қатынасы:
а) Бірқалыпты, онша көңіл бөлмейді;
ә) Әзілдескенді ұнатады;
б) Басқа әйелдердің қасында маған әдетегіден ерекше көңіл бөледі.


12. Алыстағы төркініңізге немесе құрбыларыңызбен отырысқа баратын болсаңыз:

а) Міндетті түрде ұрыс-керіс болмай жібермейді;

ә) Жақтырмайды, бірақ амалсыз жібереді;

б) Сабырлы қабылдап, көңілді шығарып салады;


ТЕСТ НӘТИЖЕСІ

«А» жауабы көп болса: Күдіктенуіңіз бекер. Күйеуіңіз таза. Ол сізге опасыздық жасамақ түгілі, ондай ойы да жоқ. Отбасына, сізге адал.

Дегенмен, немқұрайлы болмаңыз. Жұп жарасымдылығына көңіл бөліп, арадағы сүйіспеншілікті арттырып отырғаныңыз дұрыс-ақ.


«Ә» жауабы көп болса: Ол физикалық тұрғыда жар төсегіне сатқындық жасап жүрген жоқ. Алайда, қиялмен өзгені құшып, аңсары ауып көңілі бұзылып жүр. Тіпті, сырттай бақылап, көз қырын салып жүрген таңдауы да жоқ емес. Жоспар құрып, дайындық жасауда.

Қиялының жүзеге аспауына әрекет жасаңыз. Шу шығарып, ашуланып сезімді суытып алудан аулақ болыңыз. Жылылықпен, тәтті қылық пен жұмсақ сөздеріңізбен әрекет етіңіз. Мүмкін, сымбатыңызға, киіміңізге, жатын бөлмедегі оңаша шаруаға өзгеріс енгізу керек шығар?! Ақылмен ойланып, шындап кіріссеңіз, оның сыртқа ауған көңілін үйіңізге қайтара аласыз.


«Б» жауабы көп болса: Жан жары ретінде, балаларының анасы ретінде оның сізге көңілі тоқ. Оның ойында ажырасу да жоқ. Бірақ, күдігіңіз алдамайды. Ол сезіммен емес, тән құмарлығымен әуейі боп жүр. Тек құмарлық нәпсісі.

Бірақ, жамандықтың алдын алғаныңыз жөн. Ең алдымен, себепті өзіңізден іздеп көріңіз. Жұбайлық қатынасқа қаншалықты көңіл мен уақыт арнап жүрсіз? Күйеуіңізбен ерлі-зайыптық қарым-қатынаста Карма заңын (сөзбен, оймен болса да) бұзып жүрген жоқсыз ба? Есте ұстаңыз, карма заңың бұзбасаңыз, бақытсыздық пен сәтсіздік те жоламайды.


Десек те, психологиялық тестке емес, өз көзіңіз бен жүрегіңізге сеніп, жан-жақты ойланып қадам жасағаныңыз дұрыс! Тек, асығыстыққа, ашуға жол бере көрмеңіз. Бұзу оңай, құру қиын!

Дайындаған: Ж. СМАҒҰЛОВА,

ERNUR.KZ

Қайғы мен мұңнан арылудың бір-ақ әдісі бар

Мен күйеуімді отбасына қалай қайтардым

Карма заңын бұзбасаңыз - бақытсыздық пен сәтсіздік те жоламайды