Мазалаған сұрақтың НАҚТЫ жауабын 24 САҒАТТА қалай табуға болады?

0
2 693

Таңқаларлық ЕКІ әдіспен кез келген сұрағыңыздың нақты жауабын жылдам таба аласыз.


Мазалаған сұрақтың НАҚТЫ жауабын 24 САҒАТТА қалай табуға болады?

Күнде түрлі жағдайға тап болып, мәселелер орын алып жатады. Кей жағдайда маңызды шешім қабылдау керек болады. Не істеу керек? Кімнен кеңес сұраған жөн?

Ата-анадан... Күйеуіңнен... Әйеліңнен... Досыңнан... Психологтан... Жоқ! Олардың ешқайсысы сізге нақты не қажет екенін, шындығында нені қалайтыныңызды білмейді.


Өз түйсігіңізден сұраңыз!

Түйсіктің таңқаларлық күші туралы есімі бүкіл әлемге белгілі жазушы Джон Кехоның «Түйсігіңмен ойлай біл» кітабында жан-жақты жазылған.

«Түйсік адамның іс-әрекетіне бағыт беріп, кез келген жағдайда жәрдем бере алады. Ол ішкі дауыс, түс, сезімдер арқылы бізге қажетті идеялар мен шешімдерді көрсетеді» дейді Д.Кехо.

Түйсіктің қалай жұмыс істейтінін тәптіштеп айтпай-ақ қояйын. Өйткені, ол сізге қажет емес. Неге дейсіз бе? Мысалы, көліктің моторының қалай жұмыс істейтінін, құрылысын білмеу оны жүргізуге кедергі бола алмайды. Дәл сол сияқты түйсік арқылы кез келген сұраққа жауап алу үшін, ол туралы білудің маңызы шамалы.

Сонымен, «қандай шешім қабылдағаным дұрыс?» немесе «бұл жағдайда не істегенім жөн?» деген сұрақ туындады делік. Адам миын зерттеуші мамандар екі тәсілді ұсынады.



№1 ӘДІС

Жалпы, адамның ұйықтар алдындағы және таңертең ұйқыдан тұрған кездегі 10 минуттың маңызы зор. Ұйықтардан 10 минут бұрын барлық күйбең тіршілікті, мәселелерді бір шетке ысырып қойып, тек маңызды бір ғана сұрақты ойлаңыз.

Жарықты да, ұялы телефоныңызды да сөндіріңіз. 10 рет терең-терең тыныс алыңыз. Көзіңізді жұмып, сұрағыңызды дауыстап және іштей 10 реттен қайталаңыз. Содан соң көз алдыңызға А4 немесе А3 форматтағы ақ қағазды елестетіңіз. Дәптердің бетін елестетсеңіз де болады.

Ойша ақ парақ бетіне сұрағыңызды 10 рет жазыңыз. Үлкен әріптермен жазып, ойша 10 рет қайталап оқып шығыңыз.

Сіз осылай түйсігіңізге тапсырма бересіз. Түйсігіңіз арқылы дұрыс жауапты таба алатыныңызға сеніп ұйықтаңыз.

Таңертең ұйқыдан оянғанда басыңызды жастықтан жұлып алуға, телефоныңызды қосуға, тіс жууға асықпаңыз. Қандай түс көрдіңіз, есіңізге түсіріңіз. Жауапты түс арқылы да алуыңыз ғажап емес. Түнде ұйықтарда қойған сұрағыңызды ойша үш рет қайталаңыз. Содан соң орныңыздан тұруға болады.

Күні бойы осы сұрағыңызды ойлап жүріңіз және осы күні әлдебіреулерден (танитын адам, бейтаныс адам) естіген, арада болған әңгімелерге назар аударыңыз. Осы күні кездескен, танысқан адамдарыңызға да мән беріңіз. Өйткені, сұрағыңызға байланысты немесе қажетті мағлұмат беретін, мәселеңізді шешіп бере алатын адамды, маманды жолықтыруыңыз әбден мүмкін. Сондай-ақ, қажетті жауапты әріптесіңіздің, я болмаса тағы да басқа бір адамның аузынан естуіңіз де мүмкін. Ойыңызға келген ұтымды шешімдерді де түртіп қойыңыз.

Кешке ұйықтар алдында күні бойы естіген, көрген, біреудің сұрамасаңыз да сізге айтқан жаңалық пен ақпараттарын, орын алған оқиғаларды еске түсіріп, сараласаңыз, сұрағыңыздың нақты жауабын таба аласыз.


Нақты жауапты 24 сағаттың ішінде «көре алмасаңыз», онда тағы да екі күн қайталаңыз. Бірнеше рет қайталау арқылы түйсігіңізбен байланыс орнатқаннан кейін, кез келген жағдайда бұл тәсілді қолдану қиындық тудырмайтын болады.



№2 ӘДІС

Бұл әдіс те түнде ұйқыға жатарда орындалады. Жарты литр су құйып екі қолыңызбен ыдысты ұстап тұрып мазалап жүрген бір ғана сұрақты ойлаңыз. Басқа ешнәрсені ойламауға тырысыңыз.

Сұрақты 10 рет дауыстап қайталаңыз да судың жартысын ішіңіз. Жартысы ыдыста қалуы керек. Суды бас жағыңызға қойып, бетін қағазбен жауып, көзіңізді жұмып әлгі сұрағыңызды ойша 10 рет қайталаңыз.

Ішкен суыңызға, сұрағыңызға дұрыс жауап тауып беретін түйсігіңізге алғыс айтып ұйықтаңыз.

Таңертең ұйқыдан тұрған соң түнде қойған сұрағыңызды еске түсіріп, бас жағыңызда тұрған суды ішіңіз.

Бірінші әдістегідей күні бойы кездейсоқ болған жағдайға, біреуден естіген ақпараттарға саралау жасап немесе қағазға жазып қойыңыз. Кешке күні бойы жиналған ақпарат пен мәліметтерге, жолықтырған адамдарға сүзгі жасап, сұрағыңызға қатысы барын бөліп алыңыз.

«Бүгін ол адам менің жолымда не үшін кездесті?», «Неге менің өмірімде бұл оқиға орын алды?» деген секілді сұрақтарды өзіңізге қойып, негізгі сұрағыңыздың жауабын іздестіріп көріңіз. Өйткені, кездейсоқ ешнәрсе орын алмайды, сізге қажетсіз адам алдыңыздан шықпайды және керексіз ақпаратты да естімейсіз. Әрине, ол үшін түйсігіңізге дұрыс әрі нақты сұрақ қоя білуді үйренгеніңіз жөн.


Бұл әдісте бір ғана сауал қою маңызды. Бір сұрақты әр түрлі формада қоюға болмайды. Екі сұрақ қою да түйсігіңізді шатастырады. Дұрыс сұрақ қойған адам дұрыс жауап алады!

(Суреттер ашық дереккөздерден алынды)

Жазира СМАҒҰЛОВА,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:


Не үшін «ШҮКІР» деп айту керек?

ҰЙҚЫ өте маңызды! Оны бұзуға сәбиіңізден басқа ешкімнің құқы жоқ!