Мынандай 6 түрлі әйелге ҮЙЛЕНБЕ!

0
4 647

Оларды қыз күнінде-ақ тани аласыз.


Мынандай 6 түрлі әйелге ҮЙЛЕНБЕ!

Фото: static.diary.ru

Үйленген жастарға «Некең баянды болсын!» деген тілек айтылады. Түсінген адамға бұдан артық бата жоқ. Ал ата-ана үшін перзентінің басы екеу боп, отау тіккенінен асқан бақыт бар ма десеңізші?!

Бірақ та ата-ананың үміт тілегін, бақыттың бағасын білмей, «тіл табыса алмады, бір-бірімізден шаршадық» деп, ажырасып кетіп жатқан жастар аз емес.

Осы орайда барлық ұлтта жақсылық пен жамандықтың да, соғыс пен татулықтың да ұйытқысы – әйел екені айтылады. Олай болса, жігіт жар таңдағанда қателеспегені дұрыс-ақ.


Әрине қыздың жаманы жоқ, бірақ әйел болғанда өзгеріп, еркекті шаршатып, жүнжітіп жіберетіндері болады екен. Олар кімдер?


1. «Ауру» әйел

Шынында да аурушаң немесе ауырмаса да ауырған болып көрінетін әйел. Ол үнемі ыңыранып, күнде мазасы болмай ауырып жүреді. Ағайын-туыстың үйінде жиын-той бола қалса, ол аяқ астынан ауырып қалады. Күйеуінің достары қонақ боп келсе де, басын таңып, уһілеп отырады. Көңіл күйі болмаса, дегені орындалмай қалса, «Ауырып тұрмын» деп, теріс қарап жатады. Сондай-ақ ауруын күнде санап, күйеуінің есіне салып миын ашытады. Қысқаша айтқанда, «Күміс қатын күнде ауру, жаман әйел түнде ауру».


2. Міндетшіл әйел

Әр ісін міндетсініп отыратын әйел. Оның тамақ істегені де, ерте тұрғаны, тіпті екіқабат болғаны да – міндет. Тамақ істесе, оны өзі де жейді. Баланы тек күйеуі үшін тумайды, ол өзіне де керек. Үйін тазаласа, сол шаңырақта өзі де тұрады. Бірақ ол бұны ұқпайды, барлық әйелдің үндемей-ақ зыр жүгіріп істеп жүрген жұмыстарын «Сен үшін ананы істедім, мынаны істедім», «Сенің анаңның киімін жудым», «Сенің балаңды көтеріп жүрмін» деп, күйеуіне күнде де, түнде де айтып міндет қылудан шаршамайды. Бірақ сәл қимылдаса, шаршағанын айтып шыға келеді.

Бұндай әйел егер күйеуінен көбірек табыс табатын болса, еркектің басына әңгіртаяқ ойнатып, ата-енесіне өктем сөйлейді.


3. Бағалауды білмейтін әйел

Оның көп сөзі салыстырудан тұрады. Күйеуін құрбыларының жұбайымен, баласын абысынының немесе көршілерінің перзентімен, өмірін басқалардыкімен салыстырып отырады. «Пәленшеге тұрмысқа шыққанымда қазір өмірім басқаша болар еді», «Егер сенің досыңның әйелі болсам, ол сұранған жағыма жіберер еді. Оның әйелі неткен бақытты!» деген секілді күйеуін ашуландыратын, көңіл күйді түсіретін сөздері өмірінің соңына дейін таусылмайды.

Бұндай әйелдің көңілін табу өте қиын. Қанша жерден жақсы болуға тырыссаңыз да, көп табыс тапсаңыз да, еңбегіңізді бағаламайды.


4. Көрсеқызар әйел

Ол әрнәрсеге, әркімнің өміріне, мүлкіне бір қызығып, өзінде барға көңілі толмайтын әйел. Басқа әйелдердің өмірін аңдимын деп өз отбасына көңіл бөлмейді. Ең жаманы, тез қызығып, тез жалығады. Сондықтан да ол құрбысының үстінен көрген көйлекті бүгін сатып алса, ертең әпкесінікіндей киім кигісі келеді. Шамасына қарамай, әр үйге кірген сайын көрген «пәленшенікіндей жиһазды, ыдысты алып бер» деп, күйеуіне тыныштық бермейді. Тағы бір жаманы, ол қай жерде жаңа мейрамхана, жаңа саябақ ашылса, баруы керек, көруі қажет.

Мұндай әйелдің күйеуі қарыздан көз ашпайды. Оның өмірі әйелін киімге, жылтыраған дүниеге, мейрамхананың дәмді асына тойдыру жолында өтеді.


5. Өзін ғана ойлайтын әйел

Ол күнұзағына бет-аузын бояп, сәнденумен әлек болады. Мәселелерді, жоқты міндетті түрде дастарқан басында, ас ішіп отырғанда айтады. Сонымен қатар өзгелерге тоңтеріс боп, көбіне жеке отырып тамақ ішеді...

Бұндай әйел тек өзін ойлайды, күйеуіне жаны ашымайды. Өзінің сұлулығы мен жан рақаты үшін ешнәрсе аямайды. Күйеуінің басына бұлт үйірілсе, оп-оңай тастап кете салады.



6. Өтірік сөйлейтін әйел

Оны бірден тануға болады. Ол кербезденіп жасанды сөйлейді және сөзі көп. Әрине көп сөйлегені жаман емес-ау, бірақ психологтар көп сөз өтірікке бастайды дейді. Ал өтірік сөйлеуге әбден дағдыланған әйел сатқындыққа да, опасыздыққа да бара алады.


Бұл алты түрлі әйел некеде бақытты болмайды деген сөз емес. Тек еркектің өмірін тозаққа айналдырып жібереді. Оның жүйкеңізді жұқартатын мінезіне көніп қартаясыз, ал шыдай алмасаңыз, ажырасып кетесіз. Ең жаманы, бұл екі жол да берекелі емес. Бірақ бұндай алты түрлі әйелді қыз күнінде тану қиын емес.


Дайындаған. Т. Қалыбек,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:


ҚАНДАЙ түсті ӘМИЯН ақшаны магнитше тартады - тест


БҰЛ әдеттерден құтылсаңыз, ЖОЛЫҢЫЗ АШЫЛАДЫ