Өміріңізді «ЕМДЕУГЕ» көмектесетін 3 ӘДІС

0
1 784

​Бұл әдіс-тәсілдер әйелге де, еркекке де отбасы құруға, жаңа өмір бастауға көмектеседі.


Өміріңізді «ЕМДЕУГЕ» көмектесетін 3 ӘДІС

Өткен шақта орын алған жағымды да ұнамсыз оқиғалар, қателіктерді әңгіме ету, ойлау адамның алға жылжуына тұсау болады. Өткенді ұмыту әрине қиын, бірақ оған орала беру де дұрыс емес.

Психологтар бұдан өміріңіз өзгермейді дейді. Көңіліңізге қаяу салса да, тәніңізге жара салса да өткен шақтағы естеліктерді ой-санаңыздан босатыңыз. Қалай?



Бұл тұрғыда психологиялық техникалардың көмегіне жүгінуге болады. Біз ұсынғалы отырған психологиялық үш әдіс «Бос кеңістік заңы» деп аталатын өмір заңдылығымен байланысты. Сондықтан 100 пайыз көмектесетініне күмәніңіз болмасын.

МЫСАЛ: Айманның некесі сәтсіз болды делік. Ол екі баласымен ажырасып кетті (Немесе күйеуі қайтыс боп, жесір қалды). Айман ажырасып кеткен (немесе қайтыс болған) күйеуімен өткен тәтті (немесе азапқа толы) күндерін, оқиғаларды ойлай беретін болса, оның өмірінде басқа ер адам кездеспейді. Кездессе де олардың арасында баянды байланыс орнамайды. Өйткені Айманның өмір кеңістігінде басқа адамға орын жоқ, ол кеңістікте әлі де бұрынғы күйеуі бар.

Жаңа адамға, жаңа нәрсеге кеңістік босатылуы керек. Ал кеңістікті босату үшін ой-сана өткен шақтағы естеліктерден, қажетсіз адамдардан тазаруы қажет.



БІРІНШІ ТЕХНИКА

Фото: sun9-54.userapi.com

Кеңістікті босату үшін психологтар көпке көмегі тиген, тәжірбиеден өткен мынандай тәсілді жасауға кеңес береді.

  1. Көзге көрінбейтін байланыс арқылы қуатсорғыштардан арылу үшін орныңыздан тік тұрыңыз.
  2. Оң қолыңыздың бас бармағы мен сұқ саусағын біріктіріңіз, сосын сол жақ иығыңызға қарай басыңызды бұрыңыз. Бұл сіздің – өткен шағыңыз. Көз апдыңызға бұрынғы күйеуіңізді елестетіп ойлаңыз.
  3. Біріктірілген бас бармақ пен сұқ саусағыңызды кіндіктен сәл төмен әрі денеңізден сәл алшақ ұстаңыз да бірнеше рет сағат тілінде ораңыз. Дұрысы, қанша жыл онымен бірге тұрдыңыз, сонша рет айналдыру қажет.
  4. Оң иыққа басыңызды бұрыңыз да саусақтарды да ажыратыңыз. Бұл тәсілді бір рет жасаңыз.
  5. Психологтар нәтиже болу үшін күніне бір рет, 21 күн бойы қайталауды ұсынады.



ЕКІНШІ ӘДІС


Фото: www.culture.ru

Сізге жібі таусылған орама қажет, яғни тігін жібі ораулы тұратын пластмасса орама. Сосын ақ жіп керек.

  • Сол қолдың аты жоқ саусағына ақ жіпті ораңыз (күйеуіңізбен неше жыл бірге тұрдыңыз, сонша орам жасауыңыз керек).
  • Орап отырып «біз бір-бірімізді жақсы көрдік, әрқайсысымыз бақытты болуға лайықтымыз» деп айтыңыз.
  • Сақина тәрізді бірнеше орамадан тұратын саусақтағы жіпті бұзбай алыңыз да қайшымен қырқып бөліңіз. Қырқудан бұрын «күйеуіммен (есімін атаңыз) байланысты үземін, жаңа сезімге жол ашамын. Бақытты, тәтті өмірді бастаймын» деп дауыстап айту керек.
  • Екіге бөлінген ақ жіпті суға ағызып жіберіңіз немесе жерге көміп тастаңыз, я болмаса өртесеңіз де болады. Желге ұшырып жіберу де дұрыс. От, жер, ауа, су – осы төрт стихияның әрқайсысы да теріс қуатты жоюға, ескіні құртып, жаңаны «тууға» қуатты.
  • Ескі байланыс өз қуатынан айырылып, оның біржолата үзілгенін өзіңіз-ақ аңғара бастайсыз.



ҮШІНШІ ТӘСІЛ

Фото: medvoice.ru

Ариэль Форд есімді зерттеуші өзінің «Тартылыс заңы» атты кітабында мынандай кеңес береді.

  1. Ваннаға ыстық су толтырып (дене күймейтін температурада), 350 грамм теңіз тұзы мен осындай шамада ас тұзын қосыңыз.
  2. Ванна ішінде жатып, бүкіл тәніңізді босаңсытыңыз. Үйдің бітпейтін шаруасын бір сәт ұмытып, тек өзіңіздің жеке өміріңізді «сауықтыруды», тағдырыңызды «емдеуді» ойлаңыз.
  3. Ажырасып кеткен немесе белгілі бір себептермен екіге айырылысқан бұрынғы күйеуіңізді ойлап, оның бейнесін ойша елестетіңіз.
  4. Оны кешіріңіз және алғыс айтыңыз.
  5. Көздеріңізді жұмып, онымен сізді байланыстырып тұрған сезім жібін елестетіңіз. Яғни, көзге көрінбейтін бір жіп байланыстырып тұр деп ойлаңыз. Ол жіп сіздің жүрегіңіз бен оның жүрегін жалғап тұр. Сонымен бірге, жыныс ағзаларыңызды да да жалғап тұрған жіп бар деп ойлаңыз. Енді ойша осы байланыс жібін кесіңіз немесе отпен өртеп үзіңіз.
  6. Үш рет алақандарыңызды шапалақтаңыз да еркіндікке шыққандай қуаныңыз. Үшінші шапалақтаудан соң көздеріңізді ашып, ваннадағы суды ағызып жіберіңіз. Сумен бірге ескі өмір естіліктері де жуылып кетті деп сеніңіз.


Бұл тәсілдер тұрмысқа шыға алмай жүрген қыздарға да көмектеседі. Олар күйеуіңіз деген сөздің орнына жігітіңіз деп оқып, осы әдістерді жасағаны абзал. Сонымен қатар ажырасқан, бойдақ еркектер де бұл психологиялық техникаларды жасаса, жәрдемдеседі.


Табиғат ҚАЛЫБЕК,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:


ӨМІР СҮРГІҢІЗ КЕЛМЕЙ жүр ме? Көр қазушылар "көмектесе" алады


БАСТАҒАН істі АЯҚТАУҒА көмектесетін ӘДІС