Осы үш нәрсе ақшаңызды көбейтеді

0
4 948

НЕГЕ сізде ақша АЗ? Себебін оқып біліп алыңыз.


Осы үш нәрсе ақшаңызды көбейтеді

фото: i2.wp.com

Ақша – қуат. Ол адамның көздеген мақсаттары мен ойға алған жоспарларын жүзеге асыру үшін берілетін қуат көзі. Яғни, ол адамға тек қуат күйінде беріледі, оны ақшаға айналдыру әркімнің өзіне байланысты.

Осы тұста әр адам білуі тиіс нәрсе – ақша қуаты мол жандарға келеді. Сондай-ақ оның қол жеткізгісі келетін ой-жоспарының да қуаты болуы керек. Демек, арман-мақсатты оған қол жеткенше ұдайы қуаттап отыру қажет. Қалай?



1. ҮЙЛЕСІМДІЛІК

Қалауыңыз табиғатыңызбен, болмысыңызбен, денсаулығыңызбен сәйкес келуі керек. Мысалы, сіздің арманыңыз Мальдив аралдарына немесе Турцияға барып теңізде жүзу, теңіз жағасында жалаң аяқ құмды кешіп жүру делік. Бірақ сізде «теңіз аурулары» бар болса, ішкі түйсігіңіз ол арманның орындалуына бағытталған қуатқа бөгет қояды.

Теңіз аурулары – кемелердің кеңістікте өзінің бастапқы қалпын тез ауыстырған кезінде, сонымен қатар жер бетінде жүретін көліктердің бұралаң жолда тез жүруіне байланысты кейбір адамдардың мазасызданып ауыруы. Оның негізгі белгілері: бастың айналуы, жүрек айнуы, құсу.

Сіз армандағанмен, ағзаңыз ауырлықты қаламайды. Сондықтан теңізге бару арманыңыз қуат алмайды.

Екінші мысал: қалада үш бөлмелі пәтеріңіз бар делік. Ал сіз таулы бір аймақтан саяжайым болса деп армандайсыз. Егер ауылдың тіршілігін ұнатпайтын болсаңыз, жұмысы шаршатады деп ауылдың өмірінен қашатын болсаңыз, саяжай сатып алуға қаражат жинай алмайсыз. Өйткені сіз оның қуатын ойша жойып отырғаныңызды аңғармайсыз. Ой мен қалау қуаты үйлескенде ғана ақша табуға күш тауып, табысыңыз көбейіп, ақша сіз ойламаған жақтардан өздігінен келе бастайды. Олай болса, нені шын қалайтыңызды анықтап, жүрегіңізді тыңдап үйреніңіз.



2. НАҚТЫЛЫҚ

Сізге ең бірінші не қажет екенін саралап алыңыз. Ол үшін қағазға арман-тілегіңіздің бәрін жазып шығыңыз. Әрине, адамға бәрі керек. Бірақ «балықшы мен алтын балық» ертегісіндегідей бәрін бірінен соң бірін қалау дұрыс емес. Өйткені ой әр қажеттілігіңізге шашыраса, оның ешқайсысы қуаттана алмайды.

Біреуін, негізгісін ғана таңдап алыңыз да, тек соны ойлаңыз. Бүкіл назарыңыз сонда болуы керек. Біресе баспананы, біресе көлікті ойласаңыз, екеуіне де қол жеткізу мерзімі алыстай береді. Өйткені ойдың қуаты екіге бөлінеді. Екіге бөлінген қуатты біріктіріп, бір арманыңызға ғана арнаңыз.

Мысалы, баспана қажет пе? Неше бөлме? Қай қабатта болуы қажет? Қай қаладан? Оны сатып алу үшін нақты қанша ақша керек? Жуынатын бөлмесі мен әжетханасы бөлек болуы керек пе? Бәрі-бәрін анық көз алдыңызға елестетіп, ойша армандаған үйіңіздің ішіне саяхат жасай алуыңыз міндетті. Ұйқыға жатарда және ұйқыдан тұрғанда да ең бірінші сол үй туралы ойлаңыз. Баспана алудың жолдары туралы біліміңізді арттырыңыз. Бұл да ойыңызды қуаттап, арманыңызға жақындатады.



3. БОЙ ҚУАТЫ

Ой қуаты орасан. Бұны барлық адам білсе керек. Бірақ ойға алған жоспар-мақсаттарды орындау үшін бойда да күш-қуат мол болуы қажет-ақ. Ал үнемі тұнжырап, әркімнің сөзіне ренжіп, еңсесін төмен салып қайғырып отыратын адамда қуат қайдан болсын.

«Қимылдаған қыр асар» деген сөз бар, ал мақсатқа жету үшін оны оймен қуаттап алған соң әрекет жасау қажет. Ал әрекет жасау үшін бойыңызда қуат болуы маңызды.

Олай болса, өткен қателіктерді, реніштерді ойлап өзіңізді мұңмен, уайыммен әлсіретпеңіз. Күліп ояныңыз, күніңізді спортпен бастаңыз. Зиянды әдеттерден және жағымсыз ойлардан аулақ болыңыз. Сонда бойыңыз да қуатталады. Ойда да, бойда да қуат болса, ақша сізде әрдайым болады.

Дайындаған: Т. ҚАЛЫБЕК,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:


Жүкті болуға кедергі болатын ОЙЛАР қайсы?


Күзгі МҰҢНАН қалай шығуға болады?