ОСЫЛАЙ жасаған адамдар АУЫРМАЙДЫ

0
4 334

​Бұны біліп алсаңыз бақытты болмауыңыз мүмкін емес.


ОСЫЛАЙ жасаған адамдар АУЫРМАЙДЫ

Ата-анасы, құрбы-дос қоңырау шалған сайын «Менде бәрі жақсы, бақыттымын» деп айтады бәрі. Осылай дегеннің барлығы шынында да бақытты ма? Оны қалай білуге болады? Ал бақытты болудың құпиясы неде?



Ол жайында сұрамаңыз өзгеден...

Бір әншінің «Мен жайында сұрамашы өзгеден...» деген ән жолдары бар. Расында адамның тұрмыстық жағдайын, я болмаса бақытының деңгейін білгіңіз келсе – оның өзінен де, өзгеден сұрау қателік. Өйткені адамның түздегі көрініс келбетіне қарап, оның шынында да бақытты немесе бақытсыз екенін немесе ол адамның қандай екенін білу мүмкін емес.

Бір әйел сыртта әдемі киініп, сыланып, боянып, кейбіреулерді көргенде жиіркеніп, тыжыраяды... Ал соның үйіне бара қалсаң, көп күннен бері жуылмаған ыдыстарын, сүртілмеген шаң мен әр жерде шашылып жатқан киімдерін көресің. Тіпті, шай құйып берген ыдысының таза жуылмағанына куә боласың.

Дәл осы секілді кей әйелдер сыртта өте бақытты, төрт құбыласы түгел жандай боп өзін көрсетіп, өзгенің кішкентай сәтсіздігіне күледі, кекетеді, ал шындығында өз үйінде оның өзі бақытсыз.

Мұндайды көп кездестіруге болады. Сондықтан үйіне барыңыз. Бір күн қонақ боп қонып қайтсаңыз, көп нәрсеге көз жеткізесіз. Бұл әсіресе үйленгелі жүрген жігіттерге, перзентінің өміріне алаңдаған ата-аналарға жақсы көмектесетін кеңес.



Бақытты болу үшін...

Ал бақытты болуы үшін не істеу керек? Бұл жерде көп нәрсе қажет те емес. Өзіңізде бардың бәрін жақсы көріңіз. Өмірдің күші де, қуаты да – сүйіспеншілікте.

1. Біліп қойыңыз: денеңіз күш-қуатты болсын десеңіз, барлық мүшеңізді жақсы көріңіз. Бұл – белгілі психологтардың сөзі.

Білікті мамандардың айтуынша, өз тәніңізге көңіліңіз толмайтын болса, мұрныңыз немесе көзіңіз ұнамаса, онда ағзада ауру-сырқат пайда болады екен.


2. Дәл сол секілді адам бір шаңырақ астында тұратын отбасы мүшелерінің бірін жақтырмаса, жиі керісетін болса, өмірінен қуаныш қашып, басынан бағы тая бастайтын көрінеді. Бұл да зерттеуші мамандардың пікірі, өмірден түйген тәжірибесінің қорытындысы.


3. Шын бақытты боламын деген адам ең алдымен отбасы мүшелерінің барлығымен сыйластықта, татулықта бола білуі керек. Өмірлік жарыңыз жұмыста табысты, қуатты болсын десеңіз, оны шын көңілмен сүйіңіз.


4. Перзенттеріңіз жетістікке жетсін десеңіз, олардан сүйіспеншілігіңізді аямаңыз.


5. Шаңырағыңыз бақытқа, қуанышқа толсын десеңіз, үй ішіндегі әрбір жиһазды, затты таза ұстап, оларды жақсы көріңіз.


Біз көбіне бірінші олар мені жақсы көруі керек деп ойлаймыз. Жоқ, алдымен қызмет те, сүю де, құрмет те сіздің тарапыңыздан болуы қажет. Өмірдің өзгермейтін осы заңдылығын есте ұстасаңыз, өміріңізде бәрі реттеледі. Бұл - ақиқат!

(Сурет ашық дереккөздерден алынды)


Жазира СМАҒҰЛОВА,

ERNUR.KZ



Ұқсас оқиғалар:


Бұл 5 нәрсені еркекке істемеңіз (әйелдерге кеңес)

ҰБТ алдындағы қорқынышты жеңудің бір ТӘСІЛІ