Өзіңізді төмен санаудан құтылудың ең нәтижелі тәсілі

0
13 229

Көп адамның жетістікке жетуіне, өз кәсібін ашуына тұсау болып келе жатқан не? Ол – сенімсіздік. Сенімсіздік – бұл адамның өзін өзгеден төмен санауы дейді психологтар. Оны қалай жоюға болады?


Өзіңізді төмен санаудан құтылудың ең нәтижелі тәсілі

фото: fb.ru

Сымбатыңызды реттегіңіз келсе, сізге физикалық жаттығулар ұсынылады. Ал, психологияңыздағы кем-кетікті қалпына келтіру үшін, психологиялық тренинг сабақтарға қатысу керек. Осы орайда мысал ретінде көп адамның жетістікке жетуіне, өз кәсібін ашуына, бойындағы қабілет-қарымын пайдалануға кедергі боп келе жатқан – сенімсіздікті қарастырайықшы.

Сенімсіздік – бұл адамның өзін өзгеден, дұрысы айналасындағылардан төмен санауы дейді психологтар. Оны қалай жоюға болады?

Сенімсіздіктің орнын сенімділікпен толтыру үшін, арнайы маман сонау балалық шаққа шолу жасап, сізбен ұзақ уақыт психологиялық жұмыс жүргізеді. Немесе психологиялық курстардан өтуіңіз қажет. Мұндай психологиялық «емдеу» бірнеше айға созылуы мүмкін. Бұған көп адамның уақыты мен қаражаты жете бермесе керек. Сондықтан да мен әркім үйінде жасай алатын тегін бір әдіс туралы бөліскенді жөн санадым.

Бұл ҚР Халық емшілері қауымдастығының президенті, профессор, мәдениеттанушы-ғалым Зиядан Қожалымовтың тәсілі. Ол «Кейбір адамдардың психологиясына байланысты түрінде кемістіктер болмаса да, сүйкімсіз болып көрінеді. Бұл адамдар өздерін өзгелерден төмен санап, елеусіз қалғандықтан өмірден торығуы да мүмкін. Сондықтан бұл жағдайды ертерек ретке келтірген дұрыс» деп жазады өзінің «Рухани емшілік ғаламаты» кітабында.

Елімізге белгілі академик З. Қожалымов мынандай рухани әдісті ұсынады. «Сурет дәптерінің бір бетіне суретте келтірілген мәтінді қара сиямен анық етіп жазып, оны рамкаға салып қойыңыз. Күн сайын ұйықтар алдында осы мәтінге 0,3 метр аралықта тұрып 10-15 минуттай қарау қажет. Одан кейін «Кала Йабушра Хаза Гуламув Уә ассаруху Бида Атан» (Құранның 12-сүресі (Жүсіп сүресі), 19-аят) деп 100 рет қайталап оқыңыз. Сосын алдын ала дайындап қойған кең ыдыстағы суға үшкіріңіз. Осы сумен ұйықтар алдында бетіңізді жуыңыз, бірақ сүртінбеңіз. Қалған суды таза жерге төгіңіз. Бұл рухани емдеу әдісін 40 күн немесе 90 күн орындау керек. Әйелдер етеккірі кезінде жіберіп алған күндерін кейін өтеуі қажет».

(Сурет "Рухани емшілік ғаламаты" кітабынан алынды)

Міне, ғалым ағамыз осындай оңай тәсілді ұсынады. Күніне 1 сағат уақытыңызбен бірге қаражат жұмсап, екі-үш ай психолог маманының қабылдауына барған дұрыс па, әлде күнде 1 сағат уақытыңызды ешқайда бармай-ақ З. Қожамыловтың тегін тәсіліне арнаған жөн бе? Сіз үшін қайсысы тиімді? Ал, мен сізге былай деп кеңес беремін: алдымен ғалымның әдісін қолданып көріңіз, нәтиже болмаса психолог маманының қабылдауына жазылыңыз. Әйтсе де, мен бұл рухани емге сенемін.

Дайындаған: Табиғат ҚАЛЫБЕК.

ERNUR.KZ