​Проблемаңыздың диагнозын анықтау әдісі

0
1 347

Бұл техникамен тек мәселені емес, өзіңізге не жетпей жүргенін, қажетті мотивацияны да біле аласыз.


​Проблемаңыздың диагнозын анықтау әдісі

фотолар: ашық дереккөздерден алынды

Бүгінде не көп – психолог көп. Көбісі психологиялық бірнеше тренингке қатысады да дайын психологиялық техникаларды қолданып кеңес береді.

Жалпы әр адам дайын әдістерді қолданып, өзіндегі психологиялық проблемасын табуына болады дейді психологтар. Мысалы, белгілі аналитикалық психолог Карл Юнгтың «Бос ассоциация» деп аталатын әдісін пайдалануға болады.

Бұл әдісті психологтар өтірікті анықтау детекторы ретінде және адамның тұлғалық мотивациясын табу үшін де қолданады. Ал сіз психологтың көмегінсіз-ақ осы техника арқылы дәл қазір не нәрсе толғандырып жүргенін, мәселеңіздің түйіні өміріңіздің қай сферасында, неде жатқанын анықтай аласыз. Оның дайын формуласы бар.


Карл Юнгтың «Бос ассоциация» техникасының формуласы

Карл Юнгтың «Бос ассоциация» әдісін психологтар мәселені шешу үшін қолданылатын «дайын карта» деп те атайды. Ендеше, сіз де мәселеңіздің картасын сызып, оның көмегімен жай-күйіңізді түзеңіз.

Қажеттілер: тыныш бөлме, екі-үш дана А4 қағазы, қаламсап.


1-қадам: Дискомфорт туғызып, мазаңызды қашырып, көңіл күйіңізді болдырмай жүрген нәрселерді сөзбен анықтап 16 зат есім жазып шығыңыз.

Жалғыздықтан жабығып жүрген болсаңыз, «махаббат» деп, қарызыңыз титықтатып жүрсе «ақша» деп, осылай өзіңіздің психологиялық күйіңізді зерделей отырып, 16 сөзді жазасыз. Бастапқыда бұл әдісті үйрену үшін ойланбастан кез келген 16 сөзді жазып шықсаңыз да болады. Түсінікті болу үшін мысал келтірейік:

  1. Жұмыс
  2. Ақша
  3. Денсаулық
  4. Бала
  5. Баспана
  6. Машина
  7. Саяхат
  8. Уақыт
  9. Дос
  10. Телефон
  11. Ұйқы
  12. Салмақ
  13. Кино
  14. Той
  15. Мінез
  16. Айна


2-қадам: Жазылған 16 зат есімді екеуден жұптастырып, екеуіне ортақ ассоциация жазыңыз.

Біреу бірдей әріптеріне қарап жұптастырса, біреу мағынасына қарай топтайды. Бастапқыда сөздердің орнын ауыстырып жұптастыра беріңіз. Кейін қатар тұрған әр екі сөзге ассоциация жаза алатын боласыз.

Ассоциация латын сөзі, қазақша «біріктіру» деген мағынаны білдіреді. Мысалы: телефонның ассоцициясы – интернет, байланыс, тұтқа, зат. Жұмыс сөзінің ассоциациясы – ақша, еңбек, кеңсе, жұмысшылар, мамандық, білім т.б. Есте ұстаңыз екі сөзді жұптастырып, қасына бір ғана ассоциация жазасыз. Үлгі:

  1. Жұмыс, ақша – жалақы (ассоциация сөз)
  2. Денсаулық, бала – өмір
  3. Баспана, машина – қаражат
  4. Саяхат, уақыт – қозғалыс
  5. Дос, телефон – байланыс
  6. Ұйқы, салмақ – тәртіп
  7. Кино, той – қуаныш
  8. Мінез, айна – сұлулық


3-қадам: Бұл қадамда ассоциацияларды ассоциациялайсыз. Мақсат ассоциация сөзінің қатарын азайту. Мысалы:

Жұмыс, ақша

жалақы

Байлық

Денсаулық, бала

өмір

Баспана, машина

қаражат


Ләззат

Саяхат, уақыт

қозғалыс

Ұйқы, салмақ

тәртіп


Спорт

Дос, телефон

байланыс

Кино, той

қуаныш


Көңіл күй

Мінез, айна

сұлулық

4-қадам: Пайда болған жаңа ассоциация 4 сөзді екеуден жұптастырып, тағы да ассоциация табасыз. Мысалы, байлық пен спорт сөзін біріктіретін ассоцияция – алтын сөзі бола алады, спорттан чемпион атанғанда алтын медаль алады және байлықты алтынға теңейді. Немесе екеуінің ассоцияциясы – жетістік, жеңіс, демалыс сөздері бола алады. Ойлансаңыз, әр сөздің ассоциациясы өте көп. Өзіңізге ұнағанын, әрине сол сәттегі көңіл күйіңізге қарай таңдап жазыңыз.

Байлық


Демалыс

Спорт

Ләззат


Сезім

Көңіл күй

5-қадам: Соңғы екі ассоциацияны бір сөзбен ассоцициялаңыз. Негізі бір параққа кесте сызып, бірінен соң бірін жазғанда проблемаңызды анықтайтын дайын карта шығады.

Соңғы сөз мәселеңіздің «кілт сөзі». Мәселені тудырушы немесе ол сізге қажет мотивация болар. Оны өзіңіз анықтай аласыз, өйткені сіздің ішкі жай-күйіңізді, мәселеңізді сізден артық ешкім білмейді. Ал соңғы сөз сіздің түпсанаңыздың тапқан сөзі. Сондықтан бұған бей-жай қарамаңыз. Біздің мысалымызда соңғы кілт сөз – эмоция. Ал одан алдыңғы сөздер мәселені шешетін көмекші сөздер.

Жұмыс


жалақы



Байлық





Демалыс



ЭМОЦИЯ

Ақша

Денсаулық


өмір

Бала

Баспана


қаражат



Ләззат

Машина

Саяхат


қозғалыс

Уақыт

Салмақ


Тәртіп



Спорт





Сезім

Ұйқы

Телефон


Байланыс

Дос

Кино


Қуаныш



Көңіл күй

Той

Мінез


Сұлулық

Айна

Осындай дайын картаңызға (әркімде әр түрлі болады, бұл жай мысал ғана) үңіліп қарап отырып, проблемаңыздан шығаратын жолды, әрекетті іздеңіз.

Бұл картаны пайдаланудың бірнеше жолы бар:


1) Мысалы, біз келтірген үлгіде «эмоция» мәселенің бастауы, ол жағымсыз ашу, қызғаныш, агрессия секілді эмоция болуы мүмкін. Оны жою үшін оның алдында тұрған ассоциция сөздерге назар аударыңыз: демалыс, сезім. Демалу керек немесе сезімге ерік бермеу керек. Олардың алдындағы ассоциация сөздер арқылы демалыс пен сезімді ноқталаудың жолын таба аласыз. Демалу үшін әр сәттен ләззат алуды үйрен деген сияқты. Егер картаңызға қарасаңыз, онда мәселеден шығатын жол анық көрсетілген.


2) Немесе бірнеше күн бойы тек «кілт сөзді» ойлай берсеңіз, түпсанаңыз арқылы небір идеялар келеді. Сол идеяларды қағазға жазып жүріңіз. Идеялар сізге шешуші ой тастайды.


3) Я болмаса кілт сөзді, мысалы «эмоция» деген сөзді өміріңіздің әр сферасына қойып көріңіз. Әр адамның өмірінде 4 сфера бар: физикалық (денесімен, денсаулығымен байланысты ұйқы, спорт, тамақтану, сымбат т.б.), материалдық (финанстық жағдайы, карьерамен, жұмыспен байланысты жетістік, ақша т.б.) әлеуметтік (отбасы, адамдармен қарым-қатынасына байланысты дос, әріптес, ата-ана, бала т.б.), рухани (білім, ішкі жан-дүниесімен байланысты арман, мақсат, жоспар, құндылықтар, сенім т.б.)


Осы өзіңізге тиімді жолмен проблемаңыздың картасына қарап отырып расшифровканы өзіңіз жасайсыз. Әрине, бастапқыда түсініксіз, қиындау болуы мүмкін. Карл Юнгтың бұл әдісін әр проблемаңызды шешуде қолдана беріңіз. Сонда не нәрсенің де себебін жылдам әрі анық көре алатын боласыз.

Дайындаған: Жазира Смағұлова,

ERNUR.KZ

Тағы да оқыңыз:


Сүйген жардың КӨҢІЛІН ҚАЛДЫРАТЫН БЕС ЖАҒДАЙ


Баланың омырауын СЫҚҚАН дұрыс па? (педиатр жауабы)