РЕНІШтен ҚҰТЫЛУдың 5 супер-әдісі

0
4 521

​Осы әдіс-тәсілдер көмегімен көңілді реніштен тазартып отырыңыз.


РЕНІШтен ҚҰТЫЛУдың  5 супер-әдісі

фото: i.ytimg.com

Өкпе-ренішті сақтауға болмайды. Бұл физикалық та, психологиялық та тұрғыдан зиян. Қаупі де бар. Психосоматиктердің зерттеуінше, ол қатерлі ісік ауруларын тудырады екен.

Сондықтан да оны ішке жұта бермей, дер кезінде құтылып отырған дұрыс. Ал біз сізге көмектесетін бірнеше психологиялық әдіс-тәсілдерді іздеп таптық. Орындаңыз!



1. Ең оңай жолы – жылау. Көңілдің кірі (реніш, өкпе, кек, уайым) көз жасымен жуылады. Ренжігенде көзіңізге жас келді ме, оған бөгет болмаңыз. Мүмкін мықты боп көрінгіңіз келер, тәкаппарлығыңызға нұқсан келер, бірақ оның бәрі денсаулықтан қымбат емес. Ешкімнен ұялмай, жасырмай жылап-жылап алыңыз.



2. «Ұрып шығару» әдісі де кең тараған. Әрине мұнда адамды ұрмайсыз. Үйіңіздегі бір жастықты таңдап алыңыз. Оны жастанбайсыз, тек ренішіңізді өзгеге айта алмай қиналғанда тоқпақтап ұрасыз. Ұрып жатып ренжіткен адамға айта алмаған сөздерді айтсаңыз да болады.



3. Сөз арқылы шығару. Адам көбінесе ең жақын адамдарына ренжиді. Бұл әбден дәлелденген. Бірақ жақын адамдармен қарым-қатынасты салқындатып алмау үшін ренжіткенін ашып айта алмайтындар көп.

Құрбыңызға, досыңызға айтып үйреніңіз. Ал егер олардан жеке, отбасылық мәселелеріңізді жасырғыңыз келсе, онда суға айтыңыз.

Ағып жатқан өзеннің жағасына барып, жайғасып отырыңыз. Жаныңызды ауыртқан жағдайды, өкпеңізді суға айтып шығарыңыз. Тіпті жылап та алсаңыз болады. Бүкіл реніш өзен суымен алысқа ағып кетті деп ойлаңыз. Соңында бет-қолыңызды жууды ұмытпаңыз.

Егер өзен таппасаңыз, үйдегі су құбырын баяу ашып, суды ағызып қойып, осы бір амалды жасауға болады.


4. Айқайлау да ренішті іштен қуып шыға алады. Ешкім жоқ жерге барып, айқайлаңыз. Ренжіткен адамды сырттай сыбап алуға да рұқсат. Айқайлап жатқанда тіліңізге келген сөздердің бәрін айтып салыңыз. Ал егер айтарға сөз таппасаңыз ренішті, ашу тудырған лас энергия айқайлаған дауыспен сыртқа шығып жатыр деп елестетіңіз.



5. Жазыңыз. Жазу арқылы да ренішті, басқа да жағымсыз эмоцияны босатуға болатынын көп адам білсе керек. Бірақ орындайтындар аз.

Бір парақ қағаз бен қалам алып, жүректегі, көңілдегі реніштерді жазыңыз. Қағаз толып қалса, келесі параққа жазыңыз. Іште бір жеңілдік пайда болғанша жаза беріңіз.

Жазып болған соң оқып шығыңыз. Қағазды жыртып, содан кейін өртеңіз. Отқа қарап отырып, реніштің жанып жоқ болғанын ойлаңыз.



Психологтар ренішті ұмыту үшін кешіру керек дейді. Бірақ іштен реніш шықпайынша кешіру де қиын. Олай болса, қарапайым осы бес амалмен реніштен уақытылы құтылып отырыңыз.

Жазира Смағұлова,

ERNUR.KZ



Тағы да оқыңыз:


СТУДЕНТ ҚЫЗДАРҒА әпкелерінен 8 КЕҢЕС


Біреу туралы пікір айтуға АСЫҚПАҢЫЗ!