​САТҚЫНДЫҚты КЕШІРУ мүмкін бе?

0
1 961

Сезімдеріңіз алданған кезде не істеу керек?


​САТҚЫНДЫҚты КЕШІРУ мүмкін бе?

фото: milayaya.ru

Егер сіздің жұбайыңыз немесе сізге қамқорлық жасайтын адам сізді алдап кеткен болса, өте қиын. Жүрегіңіз ғана емес, бүкіл денеңіз ауырсынуды сезініп, күйгелектеніп, әрі қарай не істеріңізді білмейсіз. Кейде кеудеңізде ащы сезімдердің әсерінен өшпестей кек туындауы мүмкін. бірақ әрине кектену жақсы қасиет емес, өзіңізді одан сайын қинағаннан басқа, тағдырыңызды одан әрмен тығырыққа тіреуден басқа табар рахатыңыз жоқ. Ол адамды кешіре алмайтындай сезінесіз, бірақ оп-оңай өзіңізден жібергіңіз де келмейді.

Мұндай жағдайда не істейсіз?

Әрине, мұндай мысалдар өмірде өте көп. Жастай қосылған жарының опасыздығының куәсі бола тұра, ортадағы балалар үшін кешіріп, ары қарай өзін қинап бірге өмір сүріп жатқан ерлі-зайыптыларды мысал етіп алуға болады.

Дегенмен бұл да оңай шаруа емес. Сатқындыққа көз жұмыңыз, соған көніңіз деген сөзіміз емес, бірақ талап қоя отырып, қарым-қатынасты реттеуге болады.

Ол үшін бірнеше қиын сатылардан өтуіңізге тура келеді.

Егер сіз осыған дайын болсаңыз, қадамдарыңызды нық басыңыз. Бұл сіздің өміріңізді анағұрлым жеңілдетеді.


фото: canalk.com

Кешірместен бұрын мұқият ойланыңыз!

Бұл сіз үшін ең маңызды қадам. Ол адам сізге соншалықты қажет пе, кешіруге тұрарлық қасиеттері бойында бар ма?

Бұл эмоционалды қиындықтардың бірі екендігін жақсы түсінсеңіз, оңай болмасын ұғыңыз.

* Егер бұл сатқындық бір реттік, абайсыздық болса.

* Жасаған ісі үшін шынымен өкінетін болса (оған толықтай көз жеткізіңіз);

* Келесі рет қайталамауға уәдесін алып, ары қарай отбасына деген құрметін арттырып, өзі де бұл жайлы ұмытуға тырысып жүргенін байқасаңыз.

Бұлардың барлығы да сіздің оны кешіре алуыңыздың негізі.


Эмпатия кешіруді жеңілдетеді

Отбасылық терапевт Моше Ратсон былай дейді: «Егер біреу саған опасыздық жасаса, оны кешіру өте қиын болуы мүмкін. Кешірім - бұл жанашырлық пен кішіпейілділік екенін есте сақтауға тырысыңыз және баяу жүріңіз».


Үзіліс жасаңыз

Сатқындық туралы білгеніңізде онымен ашық сөйлескіңіз келе ме, айғайлайсыз ба, жылайсыз ба әлде оны да қорлап ренжіткіңіз келе ме? Осыны анықтап алыңыз.

Уақытша одан бөлек кеткеніңіз жөн. Балаларыңыз болса да ата-анаңыздың үйіне барғыңыз келмесе, уақытша қонақүйде немесе пәтер жалдап тұрыңыз. Сол кезде ол адамның сізге қаншалықты маңызды екенін анық түсінесіз. Ол да сіздерсіз қиын екендігін түсініп, өкінетініне көз жеткізіңіз.


Ешқашан өзіңізді кінәламаңыз

«Кінә өзіңде. Сондықтан ол осындай қадамға барды» деп сатқындық жасаған адамды ақтап алуға болмайды. Мұндай пікірлер өкінішке орай жиі айтылып жатады. Шынында да бұл сіздің емес, оның кінәсі. Қандай жағдай болса да, әйелдің көңілін ауыртуға жол жоқ. Егер онымен бірге тұра алмайтынын білсе, адамгершілікпен, ақылмен қоштасқан дұрыс. Егер балалар бар болса, онда жауапкершілікті ысырып тастауға болмайды.


Сезімдеріңізді тексеріңіз

Сіздің сүйікті адамыңыз сіздің сезімдеріңізді мойындауы маңызды. Ол істегеніне өкінуі мүмкін, бірақ бұл сіздің жүрегіңіздегі ауыртпалықты алып тастай алмайды. Оған әрине уақыт керек. Оған өзіңіздің не сезінетіңізді, мүмкін қорлағна шығарсыз, жүрегіңіз жараланды ма, қалай ауырды осының барлығын айтуыңыз керек. Ол сіздің сезіміңізді түсінген кезде шынайы өкінетінін білуіңіз керек.

Сіздің серіктесіңіз алға жылжудан бұрын сізді қиын жағдайға түсіргенін толық түсінсін. Сонда алға қарай жылжу жеңілірек болады.

Дайындаған: Г. Жұмаділдаева,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:


ИНТРОВЕРТ немесе ЭКСТРАВЕРТ, әлде АМБИВЕРТ - қай типке жатасыз

ӨТКЕН ШАҚпен, КЕЛЕШЕКпен емес, ОСЫ ШАҚпен өмір сүр!