​Сіздің ерекше қасиетіңіз бен түзету керек тұсыңыз

0
4 925

Оңашада өзіңмен-өзің қалып, өзіңнен-өзің тест алу — көп нәрсеге көзіңді ашады. Тіпті, кейде, көрмедім-білмедімге салып, көзжұмбаймен қарап келе жатқан қасиетіңізді көз алдыңызға әкеп қойып, онымен күресу жолын да көрсетіп береді. Сондай мағыналы да мазмұнды тестердің бірі алдыңызда. Жай қызық үшін емес, өзіңізді тану, дамыту, түзету үшін. Тест үш қадамнан тұрады. Алдымен өзіңіздің қандай құс екеніңізді анықтаңыз, одан соң ерекшеліктеріңізбен танысыңыз, соңғы қадамда сынақтың сізге берер кеңіесімен танысыңыз.


​Сіздің ерекше қасиетіңіз бен түзету керек тұсыңыз

Оңашада өзіңмен-өзің қалып, өзіңнен-өзің тест алу — көп нәрсеге көзіңді ашады. Тіпті, кейде, көрмедім-білмедімге салып, көзжұмбаймен қарап келе жатқан қасиетіңізді көз алдыңызға әкеп қойып, онымен күресу жолын да көрсетіп береді. Сондай мағыналы да мазмұнды тестердің бірі алдыңызда. Жай қызық үшін емес, өзіңізді тану, дамыту, түзету үшін. Тест үш қадамнан тұрады. Алдымен өзіңіздің қандай құс екеніңізді анықтаңыз, одан соң ерекшеліктеріңізбен танысыңыз, соңғы қадамда сынақтың сізге берер кеңіесімен танысыңыз.

1.Жасыңыз — 12-де делік. Қыдырмақ боп жиналып жатырсыз. Анаңыз «Кеш болды, отыр, ешқайда бармайсың!» деді. Сіз:

А) қатты өтініп сұранасыз, жібермесе, тыңдауға тура келеді;

Ә) «өзім де қатты талап тұрған жоқ едім» деп келісе кетесіз;

Б) «қазір келемін» деп, ұрсып жатса да, қашып кетесіз:

2. Қарама-қайшы пікір туындағанда, Сіз:

А) екі пікірді де тыңдап, ортақ шешімге келесіз,

Ә) өз пікіріңізде қаласыз;

Б) қарсы пікірдегілерге өз ойыңыздың дұрыстығын дәлелдеп, оларды өз жағыңызға тартасыз;

3. Өзіңізді қандай адам ретінде елестетесіз?

А) басқаларға ұнауға тырысатын;

Ә) қашанда өзімен-өзі болып қала беретін;

Б) басқаларды өз дегеніне көндіре алатын;

4. Романтикалық қарым-қатынасқа көзқарасыңыз:

А) сүйген адаммен бірге болу — ең үлкен бақыт;

Ә) сүйген адамың сені қайта тәрбиелеуге, өз дегеніне көндіруге әрекеттенбесе жақсы;

Б) жақсы көрген адамың қалағаныңджы алдыңа тосып тұрса;

5. Егер көңіл-күйіңіз бұзылса, Сіз:

А) жұбататын біреу іздейсіз;

Ә) назар аудармауға тырысасыз;

Б) бір інші кездескен адамнан ашуыңызды аласыз;

6. Қызметте бастығыңыз атқарған ісіңізді әділетсіз сынаса, Сіз:

А) жаныңызға тигенмен, байқатпайсыз;

Ә) қорғанып, өз ойыңызды ашық айтасыз;

Б) күйзеліп, сынды дұрыс деп қабылдап, қатеңізді түзеуге кірісесіз;

7. Кемшілігіңізді көзіңізге шұқып көрсетіп жатса, Сіз:

А) үндемейсіз, өкпеңізді тіште сақтайсыз;

Ә) ашуланып, оның да кемшіліктерін жіпке тізіп бересіз,

Б) жабығып, кемшілігіңізді түзеуге тырысасыз;

8. Қандай жағдайда белсенді әрі жақсы жұмыс атқарасыз?

А) өзіңізбен өзіңіз қалғанда;

Ә) көшбасшы, басшы болсаңыз;

Б) топ құрамында жұмыс істесеңіз;

9. Қиын істі атқарып болған соң Сіз:

А) жай ғана келесі іске көшесіз;

Ә) қандай іс тындырғаныңызды айтып мақтанасыз;

Б) өзгелердің мақтауын күтесіз;

10. Кештерде, әдетте:

А) жайлы бұрышта тыныш отырасыз;

Ә) шулы ортада жүруге тырысасыз;
Б) дастархан жайып, қонақ күткенді ұнатасыз;

11. Дүкен сатушысы қайтарым ақшаны түгел бермесе, Сіз:

А) талап етесіз;
Ә) ашуланасыз, бірақ үндемейсіз;
Б) ұсақ-түйек деп санап, назар аудармайсыз;

12. Ашуланып тұрғаныңызды сезсеңіз:

А) ашуды сыртқа шығарып, одан құтылуға тырысасыз;

Ә) өзіңізді жайсыз сезінесіз;

Б) өзіңізді өзіңіз басып, сабырға шақырасыз;

13. Ауырып қалсаңыз:

А) ашулы әрі шыдамсыз күйге түсесіз;

Ә) төсекке таңылып, өзгелердің күтім жасағанын қалайсыз;

Б) мән бермеуге, басқаларға білдірмеуге тырысасыз;

14. Біреу ашуыңызды келтіретін сөз айтып немесе іс-әрекет жасаса:

А) ойыңызды ашық айтасыз;

Ә) ашуыңызды басқа біреуден аласыз;

Б) оған ашуланғаныңызды басқа біреулер арқылы білдіресіз;

15. Ұстанымыңыз қайсысына сәйкес келеді?

А) Жеңімпаздыкі қашанда дұрыс!

Ә) Әлемді жақсы көргенді әлем де жақсы көреді!

Б) Тыныш жүрсең — ұзақ жүресің!

Берілген жауап нұсқаларын санау арқылы қай құс екендігіңізді анықтайсыз.

«Көгершін» тобы үшін алғашқы бес сұрақтағы «а» нұсқасы, 5-10 сұрақ аралығындағы жауаптардан «ә» нұсқасы, соңғы бес сұрақ ішінен «б» нұсқасы саналады.

«Түйеқұс» тобына алғашқы бес сұрақтағы «б» жауабы, екінші бестіктегі «а» жауабы және соңғы 10-15 сұрақтардағы «ә» жауабы саналады.

«Қаршыға» тобы үшін алғашқы бестіктен «ә» жауабы, екінші бестіктен «б» және соңғы бес сұрақтан «а» жауабын теріп санайсыз.

«Көгершін»

Өте сезімтал, сүйгеніне барын ұсынатын жұмсақ мінезді адамсыз. Өзгелердің мейірімін аңсап жүресіз, бақытыңызды содан табасыз. Әлсіздеу, ойын ашық та батыл айта алмау тән. Жұрттың орнына бәрін өзіңіз істей салуға дайынсыз және оны ар көрмейсіз. Қорқақтығыңыз да бар. Өз бетіңізше іс бастауға батылыңыз жетпейді. Ырымға көп сенесіз, тиымдарды көп ұстанасыз.

Осындай жұмсақтығыңыздың салдарынан өмірде көбіне екінші рөл ойнап жатасыз. Оған қоса, денсаулығыңызға да айтарлықтай зияны тиеді.

«Түйеқұс»

Салқынқанды, есепшіл, өте сақ және адамдармен белгілі бір қашықтық сақтап араласатындар. Өз тыныштығыңызды көбірек ойлайсыз. Содан да айналаңызда арнайы шеңбер құрып қойғансыз, одан сіздің рұқсатыңызсыз ешкім аттап өте алмайды.

Көмек сұрайтындардан қашасыз. Өзіңізде ешкімнен ештеңе күтпейсіз, өмірдің тосын сыйларына да сенбейсіз. Тек өз күшіңізге ғана сенесіз. Байқадыңыз ба, сіздің сипаттамаңызда «ӨЗ» сөзі өте көп жазылды. Дәл осы «ӨЗ»-дің көп болуы ортадан алыстатады.

«Қаршыға»

Батыл әрі әділдікті жоғары қоятындар. Сізге билік ауадай қажет. Мақсатыңызды айқындап алсаңыз, одан кейін жолыңызға ешкім кедергі бола алмайды. Болған күннің өзінде бұзып-жарып өте шығасыз. Бұл жолда жауласу, кекшілдік қасиеттеріңіз тебе көрсетіп, жеңіске жетуіңізге септігін тигізеді.

Жұрт алдында жиі мақталатын,тіпті, біреулер үлгі тұтатын адамсыз. Өзіңізге басқалардың сөзсіз бағынғанын, адал қызмет еткенін қалайсыз.

Ең көқп жұмыс жасайтын, тыным таппайтын жандар қатарынансыз. Бос жүру, әрекетсіздік, жағдайға мойынсұну сізге жат. Қашанда қазіргіден де жақсы өмір сүруге талпынасыз.

Нені түзеу керек?

«Көгершіндерге» есейген дұрыс. Басқалар үшін емес, өзіңіз үшін де өмір сүруді бастау керек. Бәрінің өтінішіне бас изей берсеңіз, өзіңізге уақыт қалмайды. «Жоқ» деп айтуды да үйреніңіз.

«Түйеқұстардың» салқынқандылығымен күрескені жөн. Өмір сіз ойлағандай сүрең емес, адамдардың бәрі бірдей қара ниетті емес. Жарқын түске толы әлем мен жылуға толы жандарды байқауды, оларға жақындауды үйреніңіз.

«Қаршығалар» мансап қуып жүріп, дұшпандарының санын арттырудың қажеті шамалы. Тіпті, оның бұйрықшылдығы кей достарының да жеккөрінішін туғызып, қасына айналдырып жіберуі әбден мүмкін. Соңында жалғыз қалатын болады. Сондықтан, жұртқа жылы сөйлеуді, күлімсіреуді үйреніңіз.