Тұрмысқа шығу үшін сексуалдық қатынаста болған ЕРКЕКТЕРДІ ойша «ТУЫП» тастаңыз (видеожаттығу)

0
6 349

Белгілі психолог Құралай ханымның супер техникасы.


Тұрмысқа шығу үшін сексуалдық қатынаста болған ЕРКЕКТЕРДІ ойша «ТУЫП» тастаңыз (видеожаттығу)

Махаббат жолында кедергілер кездесе бере ме? Оң жақта отырып қалдыңыз ба? Екінші, үшінші рет тұрмыс құрсаңыз да бақыт таба алмай, қанша әрекет еткеніңізбен балалы бола алмай жүрсіз бе? Бұның бір шешімі – бұрынғы байланыстарды біржолата үзу, ағзаны эмоциялық қоқыстардан тазалау.


Ғалымдар адам ағзасы бала кезден бастап бүкіл ақпаратты жинауға қабілетті дейді. Ұмытқаныңызбен, ойдан шығарып тастағаныңызбен, жағымды да жағымсыз ақпараттар бейсаналы түрде санада жиналып тұра береді екен. Әрине эмоцияның бәрі естелік ретінде сақталатынын барлығымыз білеміз. Алайда осы естеліктердің қаншалықты зиынды екенін елеп, ескеретініміз аз.

Психолог мамандары эмоциялық қоқыстардан біржолата құтылмайынша, дегеніңізге жету қиын болады дейді. Ал қоқыстардан тазалану үшін алдымен ол жинаулы тұрған шелекті (немесе жәшік, қап) тауып алған жөн.



АҒЗАДАҒЫ ЭМОЦИЯЛЫҚ ҚОҚЫС ШЕЛЕГІ ҚАЙ ЖЕРДЕ?

Түсінікті болу үшін, ағзадағы эмоциялық қоқыс шелегін компьютердегі «корзина» қосымшасына теңейік. Мысалы, компьютердегі қажетсіз фотоларды, құжат қағаздары мен видеожазбаларды, папкаларды жойып отырасыз. Бірақ «D», «C» дискілерінен жойылған файлдарды кез келген уақытта қайтадан қалпына келтіруге болады. Өйткені олар әлі сақтаулы. Иә, олар «корзина» қосымшасында.

Файлдар «корзина» қосымшасынан жойылған соң ғана қайтадан қалпына келмейді. Дәл сол сияқты ағзаңыздағы эмоциялық қоқыс жәшігіндегі жылдар бойы жиналған ақпараттарды тазалағанда ғана өміріңізде өзгерістер орын ала бастайтын көрінеді.

Белгілі психолог, коуч-тренер Құралай Ошақбаева еркектердің ақпарат сақтаушы флешкасы – миы, ал әйелдерде – жатыры екенін айтады. Түрлі мәселелер мен аурулардан құтылу үшін осы флеш-картаны толық тазарту керек.



ҚАЛАЙ?

Мидағы ақпараттарды жою оңай екен. Сондықтан да әйелдерге қарағанда еркектер қаншама махаббат байланысында болса да жылдам оны үзіп, екіншісін бастап кете алады. Әйелі қайтыс болса да бір жылдан соң еркек адам оңай екінші әйелді тауып, онымен бас қоса алады. Бірінші некеден бала болмаса ажырасады да, келесі әйелге бала таптырып, бақытты болып жатады. Ал әйелдер ше?

Оларда қиынырақ. Өйткені әйелдердің ағзасында еркектерде жоқ бір мүше бар. Ол – жатыр деп аталады. Атауы айтып тұрғандай мұнда тек бала ғана жатпайды, бүкіл ақпарат та жатады екен. Мидағы эмоциялық қоқыстарды жою – ұмыту болса, жатырда жатқан ақпараттарды жою – туу. Шошымаңыз, эмоциялық ақпараттарды ойша «туып» тастап қана тазара аласыз.



ЖАТТЫҒУ

1) Тік тұрып, терең тыныс алыңыз. Ауаны мұрын арқылы ішке жұтарда екі қолыңызды жоғары көтеріп, көкірек тұсында алақандарды біріктіріп ұстаңыз.

2) Осы қалыпта ауаны өкпеде кідірте тұрып, саусақ ұштарын төмен түсіріп, біріккен алақандарыңыз кіндік тұсына апарыңыз. Алақандарыңызды жайыңыз. Ол құрсақ үстінде тұруы керек. Бас бармақтарыңыз бен сұқ саусақ бір-біріне жанасып тұруы тиіс. Яғни бас бармақтар күндікте түйісіп тұрады.

3) Ауаны ауыз арқылы шығарып, қайтадан мұрынмен терең тыныс алыңыз.

3) Ауаны іште кідірте тұрып, ойша бұрынғы жігітіңізді көз алдыңызға келтіріп, «Сен (есімін айтыңыз) маған қажет емессің. Сені босатамын. Сенімен ментальды байланысты үземін. Барлық естеліктерді, сенімен байланысты сезімдерді бойымнан, өмірімнен тазартамын!» деп дауыстап айтып, бар күшіңізбен ауаны сыртқа шығарыңыз.

4) Ауаны шығарарда ойша әлгі жігітті жатырыңыздан шығарып, «туып» тастадым деп елестетіңіз.


МАҢЫЗДЫ: Жаттығуды 30 күн бойы күнде жасау керек. Тұрмысқа шыға алмай жүрген қыздар оқушы шақтағы, студенттік өмірдегі, одан кейінгі ғашық болған, жанын жаралаған (алдаған, опасыздық жасаған, басқаға үйленіп кеткен, сезімімен ойнаған, белгілі себептерге байланысты екіге айрылысқан) жігіттердің бәрін осылай кезек-кезек «туып» тастауы қажет.

Ал ажырасқан келіншектер бұрынғы күйеуін ойша «туып» тастау жаттығуын 30 күн бойы қайталағаны дұрыс.


Жалпы, тән жақындастығы болса да, болмаса да ол адаммен арада болған сезімдер жатырда «жатады». Сезім жағымды болса да, жағымсыз болса да бәрін ойша «туып» тастау керек. Сонда ғана жатыр ментальды түрде тазарып, ақпараттардан босайды. Ал бос орынға жаңадан өмір гүлін, бақын гүлін еге аласыз.

(Суреттер ашық дереккөздерден алынды)


Табиғат ҚАЛЫБЕК,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:


Бұл ҮШЕУІН жасай берсеңіз, ЕШҚАШАН өзгермейсіз


Жаман әдеттерден ЖЫЛДАМ құтылудың СУПЕР әдісі