ЖАЛҚАУ ЕРКЕК белдік тақса, өмірі ӨЗГЕРЕДІ

2
18 141

Ал жүкті бола алмай жүрген әйелдер беліне жіңішке жіп байлау керек екен.


ЖАЛҚАУ ЕРКЕК белдік тақса, өмірі ӨЗГЕРЕДІ

Соңғы уақытта «бел будым», «бел байладым» деген сөзді жиі естіп жүрміз. Бұл сөзді праймеризге қатысып жатқан үміткерлерден сіз де естіп жатқан шығарсыз. Осы сөзде қандай психологиялық, энергетикалық күш бар екенін білесіз бе?


Бұл сөзді айтқанда емес, белін буғанда адамның бойы мен ойында ерекше күш, жігер пайда болады екен. Сондықтан да бұрынғы заманда ер-азаматтар белінен белдік тастамаған.



ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ

Қай елдің тарихи фильмін тамашаласаңыз да, хан мен сұлтандардың, батыр мен жауынгерлердің белінен жалпақ белдікті көресіз. Хандық дәуірде ол адамның дәрежесін көрсететін бедел белгісі саналса, одан беріректегі халық белдікке ерлердің мықтылығын, күштілігін білдіретін атрибут ретінде қараған. Расында белінен белдік тастамайтын сол уақыттағы ерлердің барлығы дерлік айбынды, намысшыл, сайыпқыран, сұсты, кемеңгер, ержүрек, батыл, бірсөзді болған.

Жантану ғылымын зерттеуші мамандар бұны белдікпен байланыстырады. Белдіктің тән мен жанды тәртіпке келтіретін энергетикалық күші бар дейді олар. Сондықтан да адам беліне белбеу байлағанда, сымбаты тіктеліп, ойы жинақталып, бойында сенімділік пайда болатынын айтады.

Тіпті психологтар белге кез келген нәрсені байлағанда адамның көңіл күйі де өзгеретінін байқаған. Психотерапевтік әсеріне көз жеткізу үшін ойға алған істі бастауға қорқақтап жүргендерге, қиындық қырынан аса алмай таусылғандарға белдік тағуға кеңес береді.

Әсіресе бойын жалқаулық жайлап, жамбасын жұмсақ көрпешеден көтергісі келмейтін еркектерге «белдік тағу керек» дейді. Сырт көзге байқалмайтын етіп, киіміңіздің ішінен белге жіңішке жіп байлап алсаңыз да оның психологиялық күшін байқауға болады екен. Қиын емес қой, осы әдісті қолданып көріңіз.



ДЕНСАУЛЫҚҚА ӘСЕРІ

Халқымызда кісісі өлген үйдің еркектерінің қайғыда бекем болуы үшін беліне ақ орамал байлайтын салты бар. Белді белбеумен, матамен байлау тек психологиялық тұрғыда ғана пайдалы емес, оның денсаулықты сақтауда да көмегі бар екен. Медицина мамандарының айтуынша, ұзақ егіліп жылаған адамның бауыры ісіп кетеді екен. Сақтық шарасы үшін мұндай кезде белді матамен қысып байлаған дұрыс.

Ауыр атлетика спортшыларына да бел мен омыртқа жарақаттарынан қорғану үшін штангы көтерерде белін жалпақ белдікпен буу міндеттеледі екен. Спорт залдарда да тренерлер арқа, қарын, кеуде мен сан бұлшықеттерін «жыртылуға» әкеп соғатын жаттығуларды арнайы белдіксіз жасауға рұқсат бермейтін көрінеді.

Қытай медицинасында барлық ауру кіндіктен басталады деп сенеді. Кіндікті суықтан ғана емес, жаз айларында желден де қорғау үшін жалпақ матамен байлап жүру керек дейді.

Қытай емшілері кіндікте ағзаның барлық жүйке жүйесімен, ағзадағы 361 нүктені байланыстыратын Шэнчю нүктесі орналасқанын айтады. Осы нүктені массаждау арқылы олар көптеген ауруды емдейді. Сонымен бірге кіндік адамның екінші аузы саналады. Ағза өмірлік қуатты кіндік арқылы қабылдайды екен. Барлық аурудың алдын алу үшін кіндіктегі денсаулық нүктесін суықтан, желден қорғап, белді орап ұстаған жөн.

Ал вирусологтар адам кіндігінде 1400-ге жуық бактерия түрі тіршілік ететінін анықтаған. Бір таңқаларлығы, бұл бактериялар ағзаның иммунитетін қорғау қызметін атқарады.



БЕЛДЕ ӨМІРЛІК ҚУАТ КӨЗІ БАР

Ежелгі грек мифологиясында сұлулық құдайы Афродитаның тартымдылық күші белдігінің астында жасырылған деп айтылады. Сондықтан да грек халқында тұрмысқа шығатын қыздың өз қолымен белдік тігіп, храмға әкелетін жоралғысы болған.

Ал ғалымдар адам бойында ақпараттық қуат көзі асқазан мен кіндік аралығында, белде орналасқан дейді. Осы тұста кез келген металды байлап жүру сыртқы электромагниттік теріс әсерлерден қорғайды екен.

«Бала белде» деген мәтел де, «белсіздік» ауруының атауы да ұрпақтың бел арқылы тарайтынын білдіреді.


Айта берсек, белдік туралы әр сала маманының зерттеу мақаласы, келтірген дәлелі көп-ақ. Сол көп мәліметті аз сөзге сыйдырсақ, барлық аурудан қорғану үшін белді суық пен желден қорғаңыз. Жалқаулық пен қайғыны қуу үшін белді белдікпен қысып буыңыз. Ал жүктілікті жоспарлаған әйел беліне жіңішке белдік (жіп) байлап алғаны дұрыс.


"Халық айтса қалт айтпайды". Орындап көріңіз!

(Суреттер ашық дереккөздерден алынды)


Табиғат ҚАЛЫБЕК,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:


НЕГЕ отбасылы еркекке «бойдақпын» деп айтуға БОЛМАЙДЫ?


ЖАҒДАЙды өзгерте алмағанда НЕ ІСТЕГЕН ДҰРЫС??