Арыста теміржолшылар династиясы өз таңдауын жасады

0
230

Біздің әулеттен 20 теміржолшы шыққан.


Арыста теміржолшылар династиясы өз таңдауын жасады

Жалпыхалықтық референдумға белсене атсалысу әрқайсысымыздың азаматтық борышымыз деген Жаңабаевтар әулеті Қазақ елінің болашағына тікелей әсер ететін өзгерістен шет қалмай өз таңдауларын жасады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Арыста атадан балаға, одан әрі немереге ұласқан кәсіпті киелі санайтын әулеттер бар. Бұл да болса, олардың өз кәсібіне деген адалдығы мен шексіз құрметі болар.

Арыс қаласында осындай теміржолшылар династиясының бірі – Жаңабаевтар әулеті. Бұл әулетте бір атадан тараған 7 ұл бар ғұмырын теміржол саласына арнаған.
«Біздің әулеттен 20 теміржолшы шыққан. Бүгін ұлымыз бен немереміз, келіндерім түгел Жаңабаевтар әулеті болып референдумға келіп өз таңдауымызды жасадық», – дейді өмірінің 46 жылын теміржолға арнаған Қазыбек Жаңабаев.