​Халықтың референдумға деген қызығушылығы жоғары

0
887

Семинар жұмысына қатысушылар референдумның тарихи және саяси маңызына назар аударып, оны қолдайтындарын жеткізді.


​Халықтың референдумға деген қызығушылығы жоғары

Алдағы референдумның жай-жапсарын түсіндіру, насихаттау мақсатымен Мәжіліс депутаттары Әлия Сапарова, Екатерина Смышляева, Самат Ақышев Қостанай қаласында AMANAT партиясының бастауыш партия ұйымдарының өкілдерімен арнайы семинар өткізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бүгінде Қостанай облысында 263 бастауыш партия ұйымдарыжұмыс істейді. Олардың құрамында 1700-ден астам партиялық топ бар.

"Біз барлық сала өкілдерімен кездесіп жүрміз. Оның ішінде шалғайдағы елді мекендерді де қамтуға тырысып жатырмыз. Осы кездесулерде көз жеткізгеніміз – халықтың алдағы референдумға деген көзқарасы жақсы, қызығушылығы жоғары. Айтылған ұсыныстар мен пікірлер де мазмұнды", – дейді Мәжілістегі «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Әлия Сапарова.

Өз кезегінде семинар жұмысына қатысушылар референдумның тарихи және саяси маңызына назар аударып, оны қолдайтындарын жеткізді.

Сондай-ақ осы күні Мәжіліс депутаттары Сәлімжан Нақпаев, Нұрлыбек Ожаев және Дүйсенбай Тұрғанов Атырау облысындағы «Атырау Жылу Электр Орталығы» ұжымымен кездесіп, тақырып төңірегінде мазмұнды әңгіме өрбітті.

Депутат Сәлімжан Нақпаев саяси жаңғыру бағытындағы басталамалар және алдағы саяси іс-шараның маңыздылығы туралы айтты. Әсіресе, билік тармақтарының өкілеттіктеріне қатысты жан-жақты баяндалды.