Сайрамдық қарт майдангер дауыс берудің маңыздылығы туралы айтты

0
248

Қарт жауынгер сондай-ақ референдумға келушілер мен ондағы комиссия мүшелері мен байқаушыларға бүгінгідей саяси науқанның сәтті өтуіне тілектестігін білдіріп, ақ батасын берді.


Сайрамдық қарт майдангер дауыс берудің маңыздылығы туралы айтты

Сайрам ауданы, Қарабұлақ ауылдық округінің №580 референдум учаскісінде Ұлы Отан соғысының ардагері Анартаев Ахмеджан атамыз өз таңдауын жасады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қарт майдангер: «Елдің болашағы үшін әрбір қазақстандық референдумда өз дауысын беруге міндетті. Бұл ел ертеңіне деген сенімімізді нығайтады. Бүгінгідей ел еңсесін тіктеген шақта ауызбірлігіміз мықты болуы тиіс. Біз сонда ғана алмағайып шақтардан аман өтетін боламыз», - деді.

Қарт жауынгер сондай-ақ референдумға келушілер мен ондағы комиссия мүшелері мен байқаушыларға бүгінгідей саяси науқанның сәтті өтуіне тілектестігін білдіріп, ақ батасын берді. Жалпы, сайрамдықтардың сайлауға деген белсенділігі жоғары деңгейде көрініс беруде.
Айта кетерлігі, қарт майдангер 1926 жылғы қарашаның 10-да Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам ауданындағы Қарабұлақ ауылында дүниеге келген.
Әскерге шақырылғанға дейін «Жұмысшы» ұжымшарында жұмыс істеді.
1944 жылғы мамырдың 5-де Сайрам аудандық әскери комиссариатынан әскерге шақырылып, 64-інші атқыштар полкында қызметтен өтті.
Әскери шені: Қатардағы жауынгер.
Польшаны азат ету жолындағы шайқастарға, Германиядағы ұрыстарға қатысты.
Жарақаттанбаған. 1949 жылғы сәуірдің 10-да әскерден қайтты.
ІІ дәрежелі «Отан соғысы» орденімен, «Германияны жеңгені үшін» медалімен және мерейтойлық сегіз медальмен марапатталған.
Әскерден келгеннен кейін 1950 жылдан зейнеткерлікке шыққанға дейін Ә.Науаи атындағы ұжымшарда жүргізуші болып істеді.
Қарабұлақ ауылында, Ашбұлақ көшесінде тұрады.
9 баласы, 28 немересі, 5 шөбересі бар.