ТМД бақылаушылары: Қазақстан референдумға толық дайындалған

0
675

ТМД елдерінен Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі референдумда бақылаушылар миссиясы әзірге заң бұзушылықтар анықтаған жоқ.


ТМД бақылаушылары: Қазақстан референдумға толық дайындалған

ERNUR.KZ. Бұл туралы миссия басшысы Леонид Анфимов айтты, деп жазды inbusiness.kz.

"Біріншіден айта аламын, Қазақстан дауыс беруге толық дайындалған, миссияның техникалық жағына да, заңнаманың бұзылуына да, референдумды өткізуге қатысты да шағымдары жоқ. Барлығы заңнама аясында және халықаралық нормаларға сәйкес", - деді Анфимов.

"Миссия штабы бақылау жүргізудің нормативтік-құқықтық базасын зерделеді, миссияның негізгі құрамы бір күн бұрын келді, біз оларды жеті облысқа бөлдік. Дауыс беру аяқталғаннан кейін миссия делегацияларының басшылары жиналып, қорытындыны қабылдайды. Ал ертең ОСК-да нәтижелер жарияланғаннан кейін өтетін қорытынды баспасөз мәслихатында біз ТМД байқаушылары миссиясының референдум бойынша қорытындысын жариялаймыз", – деп қосты спикер.