ТҮРКІСТАН: Арыста референдум бойынша семинар-кеңес өтті

0
440

Референдумды заң аясында өткізу мәселесіне терең тоқталды.


ТҮРКІСТАН: Арыста референдум бойынша семинар-кеңес өтті

Арыстағы байқау орталығы референдум бойынша семинар-кеңес өткізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Арыс қаласындағы «Ардагерлер орталығы» ғимаратында 2022 жылдың 5 маусымына тағайындалған референдум бойынша «Партиялық емес байқау орталығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Түркістан облыстық филиалының төрағасы Бақытжан Әшірбаевтың жетекшілігімен семинар өтті.


Семинарға қаламыздағы 35 референдум комиссиясының төрағалары мен хатшылары, аталмыш қоғамдық ұйымнан байқаушы ретінде ұсынылатын азаматтар, қаламыздағы қоғамдық ұйым төрағалары мен мүшелері қатысты.


Бақытжан Шәкірұлы референдум өткізу барысында байқаушылардың міндеті, референдум комиссиясы төрағаларының жұмысы, жалпы осы референдумды заң аясында өткізу мәселесіне терең тоқталды.


Семинар барысында қатысушылар тарапынан түскен сұрақтарға Бақытжан Шәкірұлы заңға сәйкес жан-жақты жауап берді.