ТҮРКІСТАН: Дауыс берушілер тобын қариялар бастап, көпке үлгі болды

0
404

Сайрам ауданының әрбір азаматы #референдум учаскесіне ерекше көңіл күймен келіп қатысуда.


ТҮРКІСТАН: Дауыс берушілер тобын қариялар бастап, көпке үлгі болды

Қазыналы қарттар таң атқаннан тайлы-тұяғымен келіп, өз таңдауын жасап, алдағы ел болып күткен өзгерістерге батасын беріп жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Әрбір референдум учаскесіндегі патриоттық әндер бойға күш-жігер сыйласа, ақсақалдардың батасы баршаны рухтандырып-ақ тастады.
Майлықожа Сұлтанқожаұлының "Атыңа батса алтын ер — атып ұр да, отқа жақ, Ынтымақ-үлгі іздесең — қариясы басшы топқа бақ" дегені осы болса керек. Сайрам ауданының әрбір азаматы #референдум учаскесіне ерекше көңіл күймен келіп қатысуда.