ТҮРКІСТАН: Ордабасыда референдум аясында кеңес өтті

0
545

Комиссия мүшелеріне жұмысты үйлестіру бойынша бағыт-бағдар берілді.


ТҮРКІСТАН: Ордабасыда референдум аясында кеңес өтті

Ордабасы ауданында республикалық референдумды ұйымдастыру мен өткізу мәселелері жөнінде кеңес өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Ордабасы ауданының орталығы Темірланға ҚР Орталық референдум комиссиясының Төрағасы Нұрлан Әбдіров арнайы келіп, Қажымұқан ауылдық округінде орналасқан референдум учаскелерінің жай-күйімен танысты.


Әуелі комиссия Төрағасы аудан әкімі Бағлан Батыршаевтың жол бастауымен аудандық Мәдениет үйіне келіп, аумақтық референдум комиссиялары мен жергілікті атқарушы органдардың өкілдерімен кездесті. Жиында халық мол үміт артқан республикалық референдумды әзірлеу мен өткізу туралы жұмыс барысын тексеріп өтті.


Кездесуде Нұрлан Мәжитұлы референдумның мемлекет болашағына оң өзгеріс әкелетінін айтып, алда болатын саяси науқанды өткізудегі ұйымдастыру жұмыстарына тоқталды.


Жиын барысында «Референдум өткізу бойынша жергілікті атқару органдарының тарапынан атқарылып жатқан жұмыстардың барысы туралы» Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов, Түркістан облысы аумақтық референдум комиссиясының Төрағасы Әлібек Өмірәлиев референдум күнін ұйымдастыру және дауыс беру учаскелерінде референдум комиссияларының қызметінің ерекшеліктері туралы өз ойларын ортаға салды.


ҚР Орталық референдум комиссиясының Төрағасы Темірландағы Ш.Уалиханов атындағы мектеп-гимназиясы, Темірлан жалпы орта мектебі, С.Нұрмағанбетов атындағы жалпы орта мектебіндегі референдум учаскелерін аралап, комиссия мүшелеріне жұмысты үйлестіру бойынша бағыт-бағдар берді.