ТҮРКІСТАН: Референдумды қоғамдық қолдау жөніндегі штаб ХҚКО-да кездесу өткізді

0
322

Өзгерістерді егжей-тегжейлі түсіндіріп, референдумға белсенді қатысуға шақырды.


ТҮРКІСТАН: Референдумды қоғамдық қолдау жөніндегі штаб ХҚКО-да кездесу өткізді

Референдумды қоғамдық қолдау жөніндегі штаб Түркістан қаласындағы Халыққа қызмет көрсету орталығының ұжымымен және орталыққа келген халықпен кездесті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


5 маусымда өтетін референдумды қоғамдық қолдау жөніндегі облыстық штаб өңір көлемінде ақпараттық-насихаттық жұмыстарды кеңінен және белсенді түрде жүргізуде.


Осы мақсатта Түркістан облыстық қоғамдық штаб төрағасы, облыстық мәслихат хатшысы Қ.Балабиев және облыстық штаб мүшесі, облыстық мәслихаттағы мемлекеттік-құқық мәселелері және жергілікті өзін-өзі басқару жөніндегі тұрақты комиссия төрағасы Ө.Мелдеханов Түркістан қаласындағы Халыққа қызмет көрсету орталығы ұжымымен және сондағы халықпен жалпы, 150-ге жуық адаммен кездесті.


Қ.Балабиев және Ө.Мелдеханов облыс тұрғындарына Ата Заңымызға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың тұжырымдамалық негіздері мен ерекшеліктерін егжей-тегжейлі түсіндіріп, референдумға белсенді қатысуға шақырды.


Өз кезегінде, жиынға қатысушылар референдум төңірегіндегі маңызды сұрақтарға жан-жақты жауап алып, референдумға қатысатындықтарын жеткізді.