ТҮРКІСТАН: Штаб мүшелері референдумды қолдау бойынша жеке кәсіпкерлермен кездесті

0
394


ТҮРКІСТАН: Штаб мүшелері референдумды қолдау бойынша жеке кәсіпкерлермен кездесті

«AMANAT» партиясының Келес аудандық филиалы кәсіпкерлерге үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


«AMANAT» партиясы Келес аудандық филиалы тарапынан Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі референдумды қолдауғақұрылған аудандық штабының мүшесі,аудандық мәслихат депутаты Қуанышбаев Марат Есбергенұлы Қошқарата ауылдық округінде жеке кәсіпкерлерге үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.


Кездесу барысында ел алдындағы, қоғам алдындағы жауапкершілікті сезіне отырып, референдум өткізу – саяси дамудың келесі кезеңі жайлы түсіндіріп, референдум - қоғам арасында қызу талқыланып, қолдау тауып отырғандығы, Конституцияны бүкілхалықтық дауыс беру арқылы өзгерту халықтың еркін білдіруінің айқын көрінісі болатындығын жеткізді.


Сонымен қатар "Референдум әрбір азаматқа ел тағдырын шешуге тікелей қатысуға мүмкіндік беретінін" атап өтіп, референдум арқылымемлекет пен қоғамның өзара іс-қимылының жаңа моделіне көшу жүзеге асырылатын болатындығы туралы, сонымен қатар барша қазақстандықтарды өз азаматтық ұстанымдарын білдіру мақсатында Референдумға бір кісідей қатысып, азаматтардың игілігі үшін жасалып жатқан, елге оң өзгеріс әкелуге септігін тигізетін еліміздің Ата заңы –Конституцияға енгізіліп жатқан түзетулерді қолдауға шақырды.