ТҮРКІСТАН: Заңға енгізілетін өзгерістер —заман талабы

0
498

Ата Заңның үштен бір бөлігі өзгертіледі.


ТҮРКІСТАН: Заңға енгізілетін өзгерістер —заман талабы

Созақтық тұрғындар референдім жайлы ойларымен бөлісті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


«Заңға енгізілетін өзгерістер —заман талабы». Бұл – Түркістан облысы, Созақ ауданы, Сызған ауыл округі, Қайнар ауылы тұрғындарының Конституциялық референдум туралы ортақ ұстанымы.


Айтап өтсек, таяуда, дәлірек айтсақ маусымның 5 күні референдум өтіп, Қазақстан Республикасының Конституциясына біраз өзгерістер енгізілмек. Яғни, Ата Заңның үштен бір бөлігі өзгертіледі.


«Бұл бүгінгі заман талабына сай жүзеге асырылмақ. Себебі, Жаңа Қазақстан құруды мақсат тұтқан Мемлекеттік басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұған дейінгі мәлімдемелері мен жолдауларында да бұл жайлы жиі тоқталып жүр», - дейді Қайнар ауыл округінің әкімі.


Қайнарлық тұрғындардың пікірінше, зайырлы, құқықтық мемлекетте барлық мәселе заң аясында шешіледі. Күнделікті кездесетін ұсақ-түйек мәселелерден бастап, күрмеуі қиын күрделі проблемаларға дейін Конституцияны негізге ала отырып түйінін тарқатуға болады.


«Егер Ата Заңда айбар болмаса, ол бәрінен алда жүрмесе, биік тұрмаса, онда ел ішінде тәртіпсіздік көбейіп, келеңсіз жағдайлар көбейіп кетеді. Сол үшін қабылданатын заң өте байсалды, жан-жақты зерттелген, барынша қамтылған болғаны жөн. Оны жасайтын да өзіміз», - дейді олар.


Ақпараттық топ мүшелерімен кездескен тұрғындар үгіт-насихат жұмыстарының соңында: "референдум арқылы әркім өз пікірін айтуға, ой-ұсынысын білдіруге құқылы. Осы мүмкіндікті тиімді пайдаланып, барынша белсенділік танытамыз", - деген пікірлерін білдірді.