ТҮРКІСТАН: Жетісай қаласының тұрғындарын референдумды қолдауға шақырды

0
424

Аудандық штаб мүшесі және аудандық мәслихат депутаты тұрғындармен кездесті.


ТҮРКІСТАН: Жетісай қаласының тұрғындарын референдумды қолдауға шақырды

«AMANAT» партиясының Жетісай аудандық филиалы тарапынан референдумға қатысты үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


«AMANAT» партиясының Жетісай аудандық филиалы тарапынан Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі референдумды қолдауға құрылған аудандық штаб мүшесі, аудандық мәслихат депутаты Исаев Қахарбай Сансызбайұлы үгіт-насихат жұмыстарын Жетісай қаласы Сарыарқа атындағы жалпы орта мектеп ұжымына үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.


Штаб мүшесі кездесу барысында ел алдындағы, қоғам алдындағы жауапкершілікті сезіне отырып, референдум өткізу – саяси дамудың келесі кезеңі екендігі жайлы түсіндірді.


"Соңғы Жолдауда Президент саяси реформаларды жариялап, билік институттары арасындағы конституциялық құрылымды жетілдіруге мүдделі екенін танытты. Референдум арқылымемлекет пен қоғамның өзара іс-қимылының жаңа моделіне көшу жүзеге асырылатын болатындығы туралы, барша қазақстандықтарды өз азаматтық ұстанымдарын білдіру мақсатында Референдумға бір кісідей қатысып, азаматтардың игілігі үшін жасалып жатқан, елге оң өзгеріс әкелуге септігін тигізетін еліміздің Ата заңы -Конституцияға енгізіліп жатқан түзетулерді қолдауға шақырды", - деді ол өз сөзінде.