Түркістандық әжелерге референдум барысы түсіндірілді

0
695

Ата Заңымызға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар жайлы әңгіме өрбіді.


Түркістандық әжелерге референдум барысы түсіндірілді

Республикалық референдум өткізу жөніндегі Түркістан облыстың қоғамдық штабының мүшесі әжелермен кездесті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облыстық Қоғамдык кеңес мүшесі, Республикалық референдум өткізу жөніндегі Түркістан облыстың қоғамдық штабының мүшесі, "Бітімгер" медиаторлардың қоғамдық бірлестігінің басшысы Бақытжан Бейсембаев Түркістан қалалық ардагерлер ұйымының жанындағы "Әжелер алқасының" мүшелерімен кездесу өткізді.


Кездесуде 5 маусымында өтетін Республикалық референдумда қаралатын мәселе – Ата Заңымызға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар жайлы, атап айтқанда, конституциялық реформалардың тұжырымдамалық негіздері мен ерекшеліктерін және аталған реформалардың негізгі бағыттарын егжей-тегжейлі түсіндіре келіп, жиынға қатысущыларды конституциялық реформаларды қолдауға және азаматтық белсенділік танытып, Республикалық референдумға бір кісідей қатысуға шакырды.


Өз кезегінде "Әжелер алқасының" мүшелері еліміздіңАта Заңына енгізілетін өзгертулер мен толықтыруларды қолдайтындықтарын білдірді.