2019 жыл: Сөмкеңізден тастамайтын далап түстері қандай?

0
2 728

​Жыл бойы бәрін шиедей ерінмен еліктіргіңіз келсе, бізді мұқият оқып алыңыз!


2019 жыл: Сөмкеңізден тастамайтын далап түстері қандай?

2019 жылдың ең сәнді, ең таңдаулы далап түстерін таңдап трендтен қалмау кез келген сұлудың мақсаты емес пе? Олай болса, бүгін ағымдағы жылдың үздік 5 үлгісімен танысайық?!

Шарап түсті далап

Шарап түсті далап осы жылы міндетті түрде косметикалық сөмкеңізден табылуы керек. Өйткені ол ең танымал және тартымды түстер қатарына кіреді. Бұл образ тек мерекелік кештерге ғана емес, күнделікті өмірде де жарасымды.


Нюд

Десе де көбінде күнделікті макияжда тым ашық, қою түстерді қолдана бермейді. Сол себепті кей күндері нюдті далаптарды да таңдауға қосуға болады.


Жарқын түстер

«Осы жылы тек мына түс сәнде» деп нүкте қойып тастауға болмайды! Жоғарыдағы түстерден басқа жасыл, көк, күлгін реңктерде сәнге айнала алады. 2019 жылы өзіңізге жарасатын кез келген жарқын түстерді образыңызға қосып көріңіз.


Тағы оқыңыз:

Жеңілдіктер маусымы:

Қызыл

Қызыл – классикалық далаптың түсі. Ол осы кезге дейін де, бұдан кейін де тренттен түспейді. Әйелдік мүсіннің сұлулығын арттыра түсетін қызыл түс барлық сұлуға жарасады.


Түссіз далаптар

Табиғи болмыс - мәңгілік трендте және 2019 жылы да осы сатыдан түспейді. Кей күндері макияжды тек жылтыр блескпен толықтырып көріңіз.



Тағы оқыңыз:

Жасартатын сырт киім үлгілері


Фото: edinstvennaya.ua

Автор: @karashash_esenbay

ERNUR.KZ