Аяқ киім тренді 2018: Кез келген киіммен үйлесетін бәтеңкелер

0
3 706

Бүрмелі көйлекпен де, джинс шалбармен де үйлесетін бәтеңкелердің үлгісімен таныс болыңыздар.


Аяқ киім тренді 2018: Кез келген киіммен үйлесетін бәтеңкелер

Күз келіп, күн суытқан уақытта гардеробымызды жаңартамыз. Әр қыз қалтаға салмақ салмай, сәнді көрінуді қалайтын шығар?! Ол үшін киім таңдайтын кезде мұқият болу керек. Яғни кез келген киіммен үйлесетін аксессуарлар мен аяқ киім таңдау образды түрлендіріп қана қоймай, қаржыңызды да үнемдейді.


Шұлық-бәтеңкелер

Соңғы кезде трендке енген матадан тігілген бәтіңкелер аяғыңызға шұлық сияқты киіледі. Бірақ жауынды күндері кие алмайсыз. Дегенмен күздің салқыны сезілген, жапырақтар жерге құлай бастағанда көйлек пен пальто немесе шалбар мен күртеше кисеңізде образыңызды бұзбайды.


Бақташылардың стиліндегі бәтеңке

Кантр-бәтеңкелер осы жылдың күз маусымындағы басты тренд. Жарқын түстері мен бейтарап түстері де әрбір образға жаңаша реңк бере алады. Сондықтан бұл үлгідегі аяқ киімнің кез келген түсін таңдай беруге болады. Джинс және классикалық шалбарлармен, көйлек пен белдемшеге де қатар үйлеседі.


Платформа бәтеңкелер

Бұл үлгі қыздар арасында бұрыннан танымал және сұранысқа ие. Аяқ киім дәл осы үлгісін «әмбебап» деп айтуға толықтай болады. Өйткені неше түрлі көйлекпен, шалбарлармен де кез келген орынға киім бара бересіз.


Басы үшкір келген бәтеңкелер

Жануарлардың терісі іспетті аяқ киімдер өте сәнді көрінеді және образға нәзіктік сыйлайды. Сымбатыңызды арттыра түсу үшін бұл бәтеңкелерді мини ұзындықтағы көйлектерді таңдаңыз.

Фото: edinstvennaya.ua

Автор: @karashash_esenbay

ERNUR.KZ