Ерлердің шұлық кию әдебі

0
5 284

Бүгін біз жігіттер туралы... дәлірек айтқанда олардың шұлықтары туралы сөз етеміз. Жігіттер үшін пайдалы ақпарат, ал олардың шұлығын таңдайтын және тазалайтын әйелдер. Демек, олар үшін де пайдалы ақпарат болмақ. Батырманы төменге қарай жылжыта беріңіз!


Ерлердің шұлық кию әдебі

Жігіттердің негізгі аксессуары – нәски. Олардың киіну стиліндегі маңызды бөлшек екені де даусыз. Бірақ көп жігіттер оны таңдауда көп дүниені ескере бермейді. Бүгін біз шұлықты таңдау мен оның түстерін үйлестіру туралы айтамыз.

Шұлық таңдау

Бірінші ереже: Ер адамның шұлығының түсі костюммен бір реңкте болуы керек, бірақ аяқ киімнен бір тонға ашық болғаны жақсы. Шалбармен де бір түсте болған жақсы, егер бір реңк таба алмасаңыз, шұлықты шалбардың түсінен күңгірттеуін алыңыз.

Ақ түсті шұлықтар іскерлік кездесулерге жарамайды. Ондай ашық түсті шұлықтарды спортпен шұғылданған уақытта, демалысқа шыққан кезде киген дұрыс. Сондай-ақ түрлі түсті өрнектері мен суреттері бар шұлықта ер адамдарға жараса қоймайды. Өрнектелген нәскилерді алатын болсаңыз, ұсақ, білінбейтіндерін таңдаңыз.

Екінші ереже: Шұлық ұзын болу керек! Аяқтың ашық бөлігі көрінбегені абзал. Тіпті сіз аяқтарыңызды айқастырып отырған кезде де шұлық пен шалбар ортасынан аяғыңыз көрінбесін.

Үшінші ереже: Тағы бір ескеретін дүние - шұлықтың сапасы. Ер адамдарға таза мақтадан дайындалған нәскилер. Сапасыз таңдалған нәски аяқтың иісін шығарып, тері ауруларын тудыруы да мүмкін. Негізі мамандардың айтуы бойынша, шұлықтың құрамында синтетика 5% жоғары болмауы керек.

Төртінші ереже: Ер адамның шұлығын күн сайын жуған дұрыс. Ең дұрысы, бірден 7 нәски сатып алыңыз. Яғни жұмыс күндері таза шұлық үнемі дайын тұрады.


Түстердің үйлесімі

Сұр костюм – ақ, көк, алқызыл көйлекпен, кез келген түстегі голстук жарасымды, ал шұлықты голстук түстес етіп кие беріңіз.

Күңгірт костюм – ақ, алқызыл түсті жейде мен қызыл-қара голстук, қара түсті нәски мен бәтеңке.

Қаракөк костюм - ақ және ақшыл түсті жейделер, қою қызыл голстук және нәскидің сұр немесе қою қызыл түсін киюге болады.

Қара түсті костюм – ақ пен сұр түсті жейделер және қара қызыл голстук пен қара немесе күлгін түсті нәски үйлеседі.

Фото ашық дереккөзден алынды.

Автор: @karashash_esenbay

ERNUR.KZ