Киімнің түсін жұлдызнамаға сәйкес таңдаңыз!

0
3 408

​Дүкеннен көйлек таңдайтын уақытта киімнің түсін ұзақ ойланасыз ба? Енді ол уақыттың көлемі азаятынына уәде береміз! Әдетте адам көңіл-күйі астрология ғылымымен тікелей байланысты, ал киімнің түсі де сіздің көңіл күйіңізге айтарлықтай әсер етуі мүмкін екен. Сондықтан бүгін сіздің жұлдызнамаңызғы сәйкес түстердің жиынын ұсынуды жөн көрдік.


Киімнің түсін жұлдызнамаға сәйкес таңдаңыз!

Дүкеннен көйлек таңдайтын уақытта киімнің түсін ұзақ ойланасыз ба? Енді ол уақыттың көлемі азаятынына уәде береміз!

Әдетте адам көңіл-күйі астрология ғылымымен тікелей байланысты, ал киімнің түсі де сіздің көңіл күйіңізге айтарлықтай әсер етуі мүмкін екен. Сондықтан бүгін сіздің жұлдызнамаңызғы сәйкес түстердің жиынын ұсынуды жөн көрдік.

Тоқты. Сіздің өмірге деген құштарлығыңыз ерекше ғой, сол себепті жарқын түстерді ойланбай таңдай берсеңіз болады. Әсіресе қою қызыл мен қызғылт сары көйлектер энергияңызды еселей түседі.

Торпақ. Бұл байсалды мінез иелері, олардың жанын тыныштандырып тұратын жасыл, қоңыр, ақшыл сары реңктер.

Егіздер. Энергиясы мол егіздер өз жандары секілді айналасының да әппақ болып тұрғанын қалайды. Осы себептен де сіз егіздер белгісінде туылсаңыз маңызды кездесулерге ақ түсті көйлекті таңдаңыз.

Шаян. Сезімтал, нәзік келетін шаян белгісіндегі бикештерге көгілдір түсті киімдерді көбірек кию керек.

Арыстан. Бұл қыздар күннен жаратылған сұлулар! Олар күннің шуағы сықылды сары түспен жарқырап тұрса өздерін жайлы сезінеді.

Бикеш. Жұрт көзіне түсуді аса ұнатпайтын бұл белгідегі қыздарға бейтарап түстерді таңдауға кеңес береміз. Сұр, ақшыл сары, ашық қоңыр реңтегі киімдер оларға жайлылық сыйлайды.

Таразы. Сұлулыққа құштар бұл белгідегі арулар өздерін кербез, әдемі етіп көрсететін алқызыл, күлгін түске ойланбай таңдау жасауына болады.

Сарышаян. Сымбатты сарышаяндар қызыл, қою қызыл, қара сияқты құмарлықты оятатын түстерді киюге кеңес беріледі.

Мергендер. Олар жаратылысынан сабырлы келеді, сондықтан байсалды көрсететін түстердің барлығы дерлік олардың ажарын аша түседі. Әсіресе қою көк, қоңыр оларды тыныштандырады.

Тауешкі. Олар үшін ең жақсы таңдау күлгін түсті киімдер.

Суқұйғыш. Аты айтып тұрғандай бұл аруларға судың түсі сәттілік алып келеді. Көк түстің кез келген реңкі кездесулердің сәтті өтуіне ықпал етеді.

Балықтар. Оларда сумен қатысты белгі болғандықтан көк түстерді таңдауына болады. Одан бөлек күлгін мен алқызыл түсті көйлектерді көбірек кюі керек.

Фото ашық дереккөзден алынды.

Автор: @karashash_esenbay

ERNUR.KZ