Күзгі тренд: Тоқыма жемпірлерді үйлестіріп үйрен!

0
5 109

Сіз тоқыма киімдерді ұнатасыз ба?


Күзгі тренд: Тоқыма жемпірлерді үйлестіріп үйрен!

Кішкентай кезімізде тоқыма жемпірді терімізді жыбырлататыны үшін ұнатпайтын едік. Соңғы жылдары бұл киім әйел гардеробындағы маңызды атрибут саналады. Өйткені оның сәннен түспей келе жатқанына бірнеше жыл болды және қолөнер болғандықтан жоғары бағаланады.

Бірақ көптеген сұлулар оны таңдау мен үйлестіруде қателікке бой алдырып жатады. Сондықтан да болар сатып алынғанымен жиі киілмей, сөреде жатып қалады. Десе де жылы жүріп, сымбатты көрінуге әрдайым мүмкіндік бар. Осы себептен де күн суыта бастаған уақта сіздергі тоқыма жемпірді үйлестірудің бірнеше тәсілдерін көрсетеміз.

Тоқыма жемпірлерді өрнектері арқылы бөліп қарастыруға болады. «Сегіздік», «Өрім» аталып кеткен бұл үлгі джинс жалбарлармен жақсы үйлесім табады.

Соңғы жылдары ірі айналымдар арқылы тоқылған киімдерге деген сұраныс ерекше. Бұларды шалбармен де, белдемшемен де киюге болады. Тек мүсініңіздің мінсіз болғаны дұрыс, өйткені бұл үлгі толық қыздарға аса жараса қоймайды.


Қалыпты тігіспен тоқылған жемпірлер кез келген мүсіндегі қыздарға жараса береді. Керісінше бұл түрдегі жылы киімдер сіздің артық майларыңызды жасырып тұрады.

Тоқыма киімдерді бұрын тек шалбарлармен ғана кисе, қазіргі кезде белдемше, көйлектермен де бірге үйлестіруге болады. Әсіресе, барқыт белдемшелер сіздің сәнді көрсетеді.


Тоқыма киімдерді үйлестірумен қатар, күтімі де ерекше болуы керек. Мысалы оларды кір мәшинесіне жууға болмайды. Дұрысы суық суға өзіңіз қолмен шайып алғаныңыз дұрыс. Бірақ сықпағыз және іліп қоймаңыз. Сүлгіге орап суы сіңген соң тақтайды үстіне жайып қойған абзал.

Ал денеңізді қышытқанын басқыңыз келсе шашқа арналған бальзамды жағып жуып тастаңыз.

Фото: women.ru

ERNUR.KZ