Қыс маусымына арналған 5 тренд

0
3 683

Қыс маусымына дайындықты бастамас бұрын, бүгінгі кеңестерге көз жүгіртіп шығыңыз.


Қыс маусымына арналған 5 тренд

Күн суытқан уақытта, қыздардың гардеробты жаңалайтын әдетіміз бар. Осы маусымды жылы әрі сұлу көрінудің барлығы қалайды. Осы орайда, көптеген дизайнерлердің үлгілерінен қалмай келе жатқан тұрақты бірнеше трендті ерекше атауға болады. Біз алдағы күз-қыс айларының сән үлгісіне айналатын 10 идеяны таңдадық.


Тұрақты қара түс

Бұл жолы дизайнерлер готикалық үлгідегі ұзын пальто мен кең етекті белдемшелер киюді ұсынып отыр. Дәстүр бойынша, сәнді киімдер - панк стилімен, ал тері – шілтерімен үйлесім таппақ және осы готикалық үлгідегі нуар реңкінен әркім өзіне қажеттісін алады деген сенімдеміз. Теріден жасалған қысқа (мини) және кең көлемді ұзын пальтолар мен дене пішімі бойынша тігілген көйлектер ешқашан сәннен түскен емес.

Богема сән үлгілері

Сәнді әрі қарапайым киім үлгісін қалайтындар үшін жаңа богема үлгідегі киімдер өте қолайлы. Маусымға бағынбайтын, сәннен түспейтін бірнеше түс гаммалары үйлесім тапқан жеңіл көйлектер, қатпарлы белдемшелер, күрделі өрнектермен кестеленген және түрлі суреттер бастырылған жинақы блузкалар мен тар шалбарлар сіздің жеңіл әрі еркін қозғалысыңызға ерік береді.


Ерлер үлгісіндегі классика

Ерлер киімдері тек ерлерге ғана арналмаған деген қағиданы ұстанушылар осы маусымдағы тренд фанаттарына айналмақ. Подиумға шыққан бірыңғай ерлер костюмдеріне ұқсас топтамалар талғампаз көрермендерді таңғалдырды. Өткен жылы бикештерге кең балақты, бетіне ұсақ тор түскен сұр түсті шалбарлар мен тері салынған жеңіл классикалық пальтолар ұсынылса, әр кезеңнен қалмайтын біртүсті көйлек пен ерлер үлгісіндегі қара қанық түсті ұзын пальтолар оған қосымша.

Теңіз түстес киімдер

Классикалық қара көк жакет пен аппақ түсті шалбар арқылы үйлесімін тапқан үлгілер сіздің "теңіз" стилінде еркін жүруіңізге мүмкіндік береді. Кең балақты шалбар мен екі жақты қаусырмалы жакеттер, екі қатарға тізіле орналасқан түймелері бар пальтолар мен аппақ түсті жейделер...Бұл әр бикешті ұстамды әрі байсалды көрсетеді.

Спорттық сән үлгілері

Богемдік өрнектер мен барқыттан жасалған киімдер сән үлгісінің ажырамас бөлігі деп кім айтты? Көпшілігіміз әрине образымызға еркіндік бергенді жөн санаймыз. Мысалы, спорттық үлгіде тігілген шалбарлар, жазулары бар күлкілі әрі көңілді бас киімдер, ақ кедылар мен қара жылтыр ботфорттар, мини джинсылар мен оверсайз жакеттер – шулы мегаполистің сүйікті таңдауы.

Фото ашық дереккөздерден алынды

Автор: @karashash_esenbay

ERNUR.KZ