​Қысқы етік пен белдемшені қалай үйлестіруге болады?

0
3 707

Қандай етік сатып алған дұрыс?


​Қысқы етік пен белдемшені қалай үйлестіруге болады?

Әскери стилдегі етік + миди өлшемдегі белдемше

Әскери стилдегі етік суық аймақта тұратын қыздар үшін өте ыңғайлы аяқ киім. Ол аяғыңызды тоңдырмайды және джинс шалбармен де, гүлді көйлекпен де жараса кетеді. Ерлер гардеробынан табылатын бұл стилт осы маусымда миди белдемшелермен бірге трендке шығады.

Етік пен трикотаж белдемше

Бұл образ анаңыздың жас кезін есіңізге түсіруі мүмкін, өйткені олардың заманында ең сәнді қыз осылай киінген. Өткен ғасырдың тренді осы жылы сән алаңына қайта оралды. Мүсініңізге сенімді болсаңыз, ойланбай осы материалдан белдемше кие беріңіз! Ол сізге нәзіктік сыйлайды.

Ұзын көйлек пен түстек етік

Егер киіміңіз бен аяқ киіміңіз бір түсте болса, ол сіздің бойшаң болып көрінуіңізге көмектеседі. Бойы қысқа, артық салмағы бар қыздарға таптырмас образдардың бірі – осы.

Тек образыңызды толықтыратын көлемді аксессуарлардан бас тартпаңыз!

Қысқа белдемше мен ұзын етік (ботфорты)

Бірден айтайық, бұл талдырмай белді, аяғы ұзын қыздарға арналған образ. Егер бойыңыз қысқа болса, қам жемеңіз өкшесі биік ботфорт аяқ киіммен үйлестіруге болады. Белдемше етіктің аз мөлшерін жауып тұрғаны абзал.

Фото: www.elle.ru

ERNUR.KZ