Қысқы маусым: Жасөспірімдерге арналған сән үлгілері

0
884

Сұлулыққа құмар жеткіншек қыздарға cәнгерлер ерекше материалдардан, ашық түстегі киім үлгілерін ұсынып отыр.


Қысқы маусым: Жасөспірімдерге арналған сән үлгілері

"Қыздың көзі қызылда" екенін дизайнерлер осы жолы жадында жақсы сақтаған сияқты. Өйткені мамандардың қысқы маусымға жас қыздар үшін ұсынған үлгілері тек жарқын және ашық түстерден құралған.

Сәнқойларға арналған сыртқы киім

Ашық түсті, әртүрлі фасондағы мамықтан жасалған сырт киімдер осы жылдың суық мезгіліне арналған ең озық үлгілер болып табылады. Олар жылы, жеңіл және ыңғайлы. Оған қоса бұл сәнді күртешелер шалбарлармен, джинсылармен және белдемшелермен жақсы үйлесімділік табады. Сонымен қатар, XX ғасырдың 60-х жылдарындағы әйгілі бір түсті және клеткалы пальтолар да сәнге қайта оралып жатыр.

Сasual стиліндегі киімдер

Әртүрлі әшекейлермен безендірілген, портреттер мен жазулар бейнеленген свитерлер, жыртық джинсылар, спорттық киімдер, жіңішке шалбарлар, бүрмеленген белдемшелер - cәнқой қыздардың бірнеше жылдан бергі сүйікті киімдері. Осы жылы да сәнгерлер сол атрибуттарды жиірек пайдаланған. Сондықтан дүкенге барғанда қызыңызға түрлі-түсті жемпір мен бүрмелі белдемшелерді үйлестіріп алып беруіңізге болады.

Жасөспірімдерге арналған сәнді көйлектер

Қысқы мезгілдегі ең озық материалдар әуелден-ақ табиғи тері, трикотаж, алтын және күміс түстес маталар болып табылады. Ал, осы жылғы сәнде геометриялық және леопард, ала құлан, керік сынды жануарлар бейнеленген киімдер. Бұндай киімдер бұрыннан трендтен түспейтіні белгілі, тек кішкентай қыздар үшін емес, егде әйелдерге де леопард өңді киімдер бағалы саналады.

Қыстың суық маусымында көтеріңкі көңіл- күй сыйлайтын ашық түстер де сәннен қалмайды, олар : қызыл, сары, жасыл және аспан түстес көк.

Қысқы аяқ киімдер

Ең алдымен қысқы аяқ киімдердің ыңғайлылығы өте маңызды. Әсіресе, жеткіншек балаларға оның ыңғайлы әрі суық өткізбейтін болғаны дұрыс. Аяқ киім үлгілерін бірнеше түрге бөліп қарыстыруға болады. Мысалы былғары теріден тігілген етіктер, термобутсылар мен сноубутсылар, угги. Қысқы мезгілге аяқ киім сатып аларда оның жеңіл, ыңғайлы және сапалы болуын қадағалау керек. Салмағы ауыр аяқ киімдерді алмаған жөн.

Фото ашық дереккөздерден алынды.

ERNUR.KZ

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет