Ерлер гардеробындағы қыздарға үйлесетін киімдер

0
2 702

​Жігіттер: «Қыздар біздің шалбарымызды алып қойды, енді галстукке де таласуда» деп көп шағым айтса да, қыздар соңғы уақытта ер адамдардың гардеробындағы киімдерді қайталайтын болған. Ол киімдер біздің сымбатымызды арттырмаса, кемітпек емес. Олай болса, дәл қазір ер адамның гардеробындағы бізге жарасатын киімдерді санап көрейік...


Ерлер гардеробындағы қыздарға үйлесетін киімдер

Жігіттер: «Қыздар біздің шалбарымызды алып қойды, енді галстукке де таласуда...» деп көп шағым айтса да, қыздар соңғы уақытта ер адамдардың гардеробындағы киімдерді қайталайтын болған. Ол киімдер біздің сымбатымызды арттырмаса, кемітпек емес. Олай болса, дәл қазір ер адамның гардеробындағы бізге жарасатын киімдерді санап көрейік...

Ақ жейде. Бұл киімді күнделікті белдемшелермен немесе джинс шалбарлармен үйлестіруге болады. Классикалық үлгі қашанда сұранысқа ие болғандықтан, кеңсе мен мерекелік кештерге қатар жарайды. Тек оның қардай аппақ реңкін таңдау керек, ол сіздің ажарыңызды аша түспек.

"Толстовка". Аталмыш спорттық киім де ерлер гардеробына тиесілі. Бірақ ол сән үлгісіне келген сәттен бастап әйелдерге де ұнаған. Сондықтан өткен ғасырдың өзінде "толстовка" киген қыздар көп болған. Бұл киімге джинсы шалбар мен көйлектер жақсы үйлеседі.

Кең шалбар. Жоғарыда айтқанымыздай шалбардың біздің гардеробымыздың маңызды аргументіне айналғанына біршама уақыт болды. Кең тігілген шалбарлар беліңізді айқындап аяғыңыздың қисықтығын жасырады. Бірақ бұл шалбарды жинақы жеңіл жейдемен киген жөн.

Костюм-шалбар. 2017-2018 күз бен қыс маусымында хит болған түрлі стильдегі костюм-шалбарлар. Бұл образ кеңсе қызметкерлеріне керемет жарасатынына күмән жоқ. Биік өкшелі аяқ киіммен кисеңіз, мүсініңізді айшықтай түседі.

Фото: әлеуметтік желіден алынды

Қарашаш Есенбай