2020 жылы туристерсіз күні қараң болған 7 ел

0
1 547

Бұл елдердің экономикасы туризмнің тоқтауы салдарынан тіптен құлдырап кеткен


2020 жылы туристерсіз күні қараң болған 7 ел

Дүниежүзілік туризм ұйымы 2020 жылдың статистикасын жариялады. Осы жылдың бірінші жартысында әлемдегі туристік келіп-кету көрсеткіші алдыңғы маусыммен салыстырғанда 56% қысқарыпты. Бұған не себеп болғаны түсінікті.

Жылдың екнші жартысында біршама елдерде карантиндік шектеулер жұмсартылды. Әйтсе де, көрсеткіш әлі де айтарлықтай жақсара қоймаған.

Мәселен, мына елдердің экономикасы туризмнің тоқтауы салдарынан тіптен құлдырап, көрген күні қараң болып тұрғандай екен.


1-орын – Мальдив аралдары

Мальдив аралдары экономикасының 38,9% туризм құрайды. Ел шекарасын ашқалы әлем саяхатшыларына жайлы жағдай жасау үшін барын салуда. Айталық, дәл қазір ондағы қонақүйлер бағасы 40 пайызға дейін арзандатылған.


2-орын – Британдық Вирджин аралдары

Кариб теңізінде орналасқан ондаған арал тобының да туризмінің халі мүшкіл. Өйткені, арал шекарасы 19 наурыздан бері тарс жабық. Сәйкесінше, жергілікті қазынаның 33 пайызының орны ойсырап тұр екен.


3-орын –Макао ауданы, Қытай

Қытай аумағына кіретін Макао айрықша әкімшілік ауданы алдыңғы үштікке еніп тұр. Бұрындары жиһанкездер онда сәулетті архитектурасын тамашалау, сауда-саттық жасау, фестивалге қатысыу, басқа да түрлі ойын-сауықтары үшін баратын. Ал қазір мұндай шаралар да, туристер легі де тоқталған. Нәтижесінде жылдық табысы да 28 процентке қысқарған.


4-орын – Аруба

Аруба – Кариб теңізінде орналасқан голланд аралы. Биылғы жылға дейін жергілікті экономика кірісінің 27,6 пайызын туризм құраған. Қазіргі уақытта дәл осынша пайызға қысқарып, кішірігім арал тіршілігіне айтарлықтай залалын тигізуде.


5-орын – Вануату

Тынық мұхитының оңтүстік бөлігінде орналасқан арал. Туристер мұнда көбіне суасты маржанды жартастары мен суасты үңгірлерін тамашалау үшін келетін. Олардың легі тоқталғалы бері жылдың кірісінің 18,2 процентін жоғалтып отыр.


6-орын – Кабо-Верде архипелагы

Африкада орын тепкен Кабо-Верде архипелагы туристер арасында креол мәдениетімен, жанға жайлы жағажайларымен танымал. Жай ғана африкалық дәстүрлермен танысу үшін келетіндер де жеткілікті еді. Ең бастысы, олар ел қазынасының 17,7 пайызын толықтырып кететін.


7-орын – Сент-Люсия

Тағы да бір Кариб теңізі төсінде орын тепкен арал-мемлекеттің туризмі ақсады. Салдарынан жыл сайынғы кіріс мөлшері де 15,6 пайызға қысқарды.

Аударған: Бауыржан ЕРМАН,

ERNUR.KZ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:


Саяхатшы: Венеция СУ АСТЫНДА қалуы мүмкін


ҰШАҚТА ҰЙЫҚТАУдың соңы АУРУға соқтыра ма?