5300 жастағы мумияның асқазанынан құймақ табылған

0
5 841

Сіз бен біз білетін тағамдардың да өзіндік тарихы бар.


5300 жастағы мумияның асқазанынан құймақ табылған

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Тамақ – барлық адам үшін маңызды қажеттілік. Дегенмен олардың әрқайсысы түрлі әдіспен, әр елге тән өзіндік стилмен пісіріледі. Сондықтан тағам, яғни әлем асханасының тарихы өте терең. Бұл мақаладан солардың ішіндегі жалпақ жұртқа танымал тағамдардың тарихымен таныса аласыз. Өйткені, біз күн сайын жейтін кейбір тағамдардың тарихынан бұрын-соңды ойымызға кірмеген ақпараттарды білеміз.

Кетчуп

Кей деректер оның американдық дәмдеуіш екенін дәлелдейді. Ол хот-дог, гамбургер сияқты кез келген фаст-фудқа қосылады, сонымен қатар әсіресе балалар ұнататын тағамдардың басым бөлігіне қосылатын тұздық. Тіпті, АҚШ тұрғындарының 97 пайызы оны тоңазытқышта сақтап, үнемі қолданатынын айтады. Осыдан-ақ, оның американдық өнім екені анық болмай ма? Әрине, жоқ!

Бір таңқаларлығы, кетчуптың шыққан жері іс жүзінде Қытай болып саналады. "Кетчуп" атауы қытайдың хоккиендік «ke-tsiap» сөзінен шыққан. Ол оңтүстік-шығыс Қытайға өте танымал ашытылған балық тұздығы дегенді білдіреді. Ал, британдықтар осы тұздыққа қатты қызығып, оны өздері қайталап жасауға тырысқан. Нәтижесінде 1732 жылы Ричард Брэдли "пастадағы кетчуп" тұздығын шығарған және оның қайнар көзі ретінде Шығыс Үндістандағы Бенкулинді атаған. Бірақ, ол бүгінгі біз сүйсініп қолданатын кетчуптан мүлдем өзгеше болған. Ал, қазіргі тұздықтың рецептін 1876 жылы Генри Дж. Хайнц деген адам жасап, содан бері өндіріліп келеді. Бұл нақты ақпарат болса, қалғаны тарих болып қала береді.

Қуырылған тауық еті (KFS)

Бұл да тарихы тереңге жайылған тағам. Оны шотландиялық полковник Сандерс 11 түрлі шөп пен дәмдеуіштерді қоса отырып ойлап тапқан. Шотландияда тауық еті танымал екенін бұрын-соңды естімегеніңізбен, бұл шындық. Және ортағасырлық кезеңдерде шотландтар біз қазір "фри" деп білетін әдіспен тауықты ыстық майға пісіріп жеуді жақсы көрген. 1800 жылдары көптеген шотландтық иммигранттар Америка Құрама Штаттарына келіп, Американың оңтүстігіне қоныстандырылды және осы тағамды әйгілі етті. Әрине, оларға африкалық құлдар көмектесіп, олар тауықты біз сүйсіне жейтін тағамға айналдырды.

Құймақ

Зерттеушілер 5300 жастағы мұз мумия Этцидің асқазанынан құймақтың белгілерін тапқан. Кейіннен Ежелгі Греция мен Римде құймақ бал, бидай ұны, зәйтүн майы және йогурт қоспасынан жасалғаны және ағылшын Ренессансы кезінде танымал таңғы асқа алма, Херес, раушан суы мен дәмдеуіштер қосылғаны анықталған. Тіпті, Британ королі Томас Джефферсон құймақты қатты жақсы көргендіктен, өзінің туған қаласына Ақ үйден құймақ рецептін жіберткен.

Ірімшік қосылған макарон

Балқытылған ірімшік соусымен араласқан макарон көптеген адам сүйсіне жейтін тағамның бірі. Ал, бұл тағамның тамыры Италияда екендігі таңқаларлық дүние емес. Алайда, шығу тарихы туралы көптеген қарама-қайшы әңгімелер де баршылық. Кейбір мәліметтерге сәйкес, макарон мен ірімшік Англиядағы шіркеудің кешкі асына кәстрөлмен әкелінген тағам ретінде ойлап табылған. Бұл оқиғаны тағамның ұзақ уақыт бойы "макарон пудингі" деп аталатындығы растайтын сынды. Кей ғалымдардың айтуынша, британдық король Томас Джефферсон (тамақ сүйетін адам) Италиядан макарон жасау машинасын алып келген, ал әйелі оны пісіру үшін қолданған. Тарих қалай сөйлесе де, макарон мен ірімшіктің арзын әрі дәмді кешкі ас екендігі даусыз.

Гамбургер

Гамбургерді 19 ғасырда Германияның Гамбург қаласында ойлап тапқаны белгілі, бірақ бұл ақиқат емес тек шындық. Ол бастапқыда жоғары сапалы тағам болып саналған. Өйткені дәмдеуіш қосылған пирогтар мен тоқашсыз ет жоғары деңгейлі мейрамхана мәзіріндегі ең қымбат тағамдардың бірі болды. Алайда, бөлкемен жасалған гамбургерлер ұзақ уақыт пісірілмеді және өнеркәсіптік революцияға дейін сэндвич түрінде шығарылды. Сол кезеңде зауыт қызметкерлеріне азық-түлік арбасынан гамбург стейктері таратылып отырған. Солай-солай тарихтан аты өше бастаған нағыз гамбургер жұмыс кезінде тамақтануды жеңілдету үшін екі нанның арасына ет салынған тағамға айналып кетті. Содан кейін дәл қазіргідей асығыс кезде жей салатын гамбургер пайда болды. Хот-дог та осылай пайда болған деседі.

Пицца

Пиццаның тарихы ежелгі дәуірден бастау алады. Бұл өнімнің алғашқы түрлері нанға ұқсас болған. Біз тұтынатын пицца алғаш рет Неапольде XVIII ғасырда фокаксияға қызанақ қосылып дайындалған. Дегенмен «Pizza» сөзі 997 жылы Италияның Гаэта қаласында кеңінен танымал болған және уақыт өте келе Италияның орталық және оңтүстігіне тарала бастайды. Әсіресе XIX ғасырда Италиядағы жаппай эмиграция басталуымен сабақтас. Ал, екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Италияға американдық әскерлер келіп, содан кейін пиццаның АҚШ-тағы танымалдығы артып, әлемнің әртүрлі елдеріне таралған.

Кәуап

Тау және малшы халық ойлап тапқан бұл тағамды жегісі келмейтін адам кемде-кем шығар. Бастапқыда ұсақтап кесілген қой етінен ғана жасалған. Кейіннен тұз, қара бұрыш, сірке суы сынды арнайы дәмдеуіштер қосатын болған. Ал қазір шошқа, құс, балық еті, көкөніс, тіпті саңырауқұлақтан да пісіріп жатады.

Палау

Палау – негізгі бөлігін күріш, сәбіз, ет пен дәмдеуіштер құрайтын шығыс елдерінің тағамы. Палаудың айрықша қасиеті – оның жұмсақтығы. Ол үшін аспаз күріш пісіру технологиясын қатаң сақтап, тамаққа дәнді дақылдардың бір-біріне жабысып қалуына жол бермейтін жануар немесе өсімдік майын қосады. Палау салатын ыдыс Орта Азия елдерінде ляган(леген) деп аталды.

Дәмі тіл үйіретін бұл тағам әсіресе қазақ, өзбек, тәжік, түркімен, ауған, әзірбайжан, иран және қырғыз асханаларында дайындалады.

Лағман

Лағманның тарихы Ежелгі Қытайдан басталады. Аңыз бойынша, бір кездері үш саяхатшы ұзақ саарға шығып, қарындары қатты ашады. Бірақ, үш саяхатшының әрқайсысында бар ингредиенттерден ешқандай тағам дайындалмайды. Біріншісі ет пен ұн, екіншісі су мен таба, үшіншісі көкөністер мен хош иісті шөптер алып жүреді.

Содан олар күш біріктіріп, лағманның алғашқы нұсқасын жасайды. Бір кезде қытай императоры саяхатшылардың қасынан өтіп бара жатып бейтаныс тағамнан дәм татқысы келеді. Лағман ел билеушіге ұнағаны соншалық, ол барлық халыққа оны үйде дайындауды бұйырады.

Ал, кей тарихшылар лағман ежелгі Қытай аумағында тұратын дүнген халқының дәстүрлі тағамы болған деп айтады. Дүнгендер Орта Азия мен Таяу Шығысқа көшіп, сол жерлерде лағман рецептін таратқан көрінеді. Содан бері бұл ұйғыр асханасы мәзірінің негізгі тағамы болған. Өзбекстанда тұратын ұйғырлар оны сол жерге, ал өзбектер Тәжікстанға алып келген және солай-солай көптеген елге жеткен. Қазір біздің елімізде де лағман жеуге асығып тұратындар аз емес.

Міне, өз асханасынан шыққан тағаммен дүйім елге танымал болған елдердің бір парасы осылар.


Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ.


Тағы оқыңыз:


Саяхаттан қандай базарлық әкелген дұрыс - МАГНИТ па, ДӘМ бе?


2021 жылы жаһандық туризм қалай өзгереді? Қызықты болжам