Әлем елдеріндегі ҚАЗАҚША аталған ерекше орындар - КӨШЕ, ЕСКЕРТКІШ, МҰРАЖАЙ

0
2 947

Қазақтан шыққан алыптар түрлі жағдайға байланысты әлем кезіп, бірі өздері барған жерде зор ықыласқа ие болса, енді бірінің ерен еңбегіне құрмет көрсетіп жатады.


Әлем елдеріндегі ҚАЗАҚША аталған ерекше орындар - КӨШЕ, ЕСКЕРТКІШ, МҰРАЖАЙ

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Қазақ жерінде туып, өзге елде танымал болған қоғам қайраткерлері, мәдениет және саясат майталмандары өте көп. Олардың құрметіне әлемнің бұрыш-бұрышында ескерткіштер орнатылып, көшелер мен білім беру мекемелеріне аты берілген. Бүгінгі мақаладан солар жайлы біле аласыз.


Ресей

Атақты күйші Құрманғазы 16 жыл Астрахань түбіндегі шағын ауылда тұрып, сол жерде жерленген. Астрахань облысының Алтынжар ауылында қазақ өнеріне сүбелі үлес қосқан күйшінің рухына арналған кесене мен шығармашылығына арналған мұражай бар. Мұражайына барған адамдар түрлі жәдігерлер арқылы қазақ халқының тұрмысымен таныса алады екен. Айта кету керек, Астрахань қазақтары — негізінен Бөкей Ордасының ұрпақтары және ол жерде Ресей бойынша ең көп қазақ диаспорасы өмір сүреді.

Ресейдің астанасы Мәскеу де қазақтан шыққан ағартушыларды назарынан қалдырмаған. Мәселен, Мәскеудегі Чистопрудный саябағында қазақтың Ұлы ақыны – Абайдың ескерткіші орнатылған. Сонымен қатар, бас ақынның ескерткіші тек Мәскеуде ғана емес, Будапешт, Пекин, Тегеран, Витебскі және Ташкент қалаларында да орнатылған.

Сондай-ақ, Кеңес Одағының батыры, мерген қыз Әлия Молдағұлованың атына көше беріліп, ескерткіш орнатылған.

Ал, Ресей құрамындағы Шешен Республикасында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың құрметіне аталған көше мен лицей бар. Кезінде қуғын-сүргінге ұшыраған шешендер Қазақ халқының жасаған жақсылығын ескеріп, осындай шешімге келген екен.


Мысыр

Тарихқа сүйенсек, Қыпшақ даласының перзенті, атақты Бейбарыс қолбасшы Мсыры аумағында да сұлтан болған. Сондықтан, осы елдегі Каир қаласы, Аз-Захир аумағында Бейбарыстың аты берілген мешіт салынған. Өкінішке қарай, 1269 жылы салынған бұл мешіт қалпына келтіру жұмыстарын қажет етеді.


Польша


2006 жылы «Астана күніне» орай Варшавадағы көшелердің біріне «ҚАЗАҚША» деген атау берілген. Ел билігі осылайша күштеп жер аудару кезінде Қазақ халқының поляктарға көрсеткен ықыласы мен қолдауына алғыс білдірген.


Түркия

Түркия – Қазақстанның тәуелсіздігін мойындаған алғашқы мемлекет ретінде тарихта қалды. Сонымен қатар, Стамбулда Абай Құнанбайұлының атына мектеп беріліп, Анкарада Нұрсұлтан Назарбаевқа арналған ескерткіш орнатылған.


Иордания

Амман және Нұр-Сұлтан бауырлас қалалар болғандықтан, 2010 жылы Амман қаласының орталық көшелерінің біріне Нұрсұлтан Әбішұлының есімі берілді.


Франция

Франция мен Қазақстан тарихына ортақ оқиғалар жоқ, бірақ дәл осы елге гуманист, қоғам қайраткері және Түркістан тәуелсіздігі үшін күрескен Мұстафа Шоқай еріксіз көшіп кеткен. Ол жарымен бірге Париж қаласының маңындағы Ножан-сюр-Марн деп аталатын қалашықта тұрған және ескерткіші орнатылған. Ал, қайтыс болғасын Берлиндегі түрік зиратында жерленген.


Үндістан

Үндістанның астанасы Делидің Лаченсов деп аталатын ауданында Қазақтың Ұлы ақыны, ойшыл Абай Құнанбайұлының құрметіне аталған көше бар. Көше "Абай Мардж"деп аталады. Үндістандағы Қазақстан елшілігінің пікірінше, Нью-Делиде Абай көшесінің болуы Үндістан мен Қазақстан арасындағы тығыз байланысты білдіреді.

Жалпы, Қазақстан Республикасының сыртқы істер министрлігінің мәліметіне сүйенсек, әлемнің басқа елдерінде қазақша атау берілген 70-ке жуық көше бар екен.


Дайындаған: А.Мейірхан,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Шетелге шыққанда бұларды ЕСТЕН ШЫҒАРМАҢЫЗ!


Қай елде қандай АУРУДАН сақтану керек?