«Автокөлікті өзіне тартады»: Тылсым күшке ие трасса мыңдаған туристер мен ғалымдар назарына іліккен

0
2 483

Мұндай ерекше құбылыстың себептері туралы түрлі ғалымдар сан қилы болжам айтқанымен, сырын ешкім аша алмаған.


«Автокөлікті өзіне тартады»: Тылсым күшке ие трасса мыңдаған туристер мен ғалымдар назарына іліккен

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Қазір адамдар күн сайын жүздеген, мыңдаған шақырым жолдарды жүріп өтеді. Дегенмен, көбісі қандай жолмен жүретініне назар аудара бермейді. Бірақ мұндай трассалар, көпірлер мен тоннельдер өздерінің таңғажайып көрінісі және бірегей құрылысымен көзге бірден көрінеді.


«Мас» көпір

Норвегиядағы тағы бір көрікті орын – теңіз суының бетіне салынған жиырма үш метрлік Атлант жолының ең ұзын көпірі. Бұл көпір Атлант жолының бір бөлігі ретінде 1980 жылдан бастап сегіз жыл бойы салынған.

Қызықты көпір құрылысының тағы бір ерекшелігі – жолды белгілі бір бұрышынан қарағанда әлі аяқталмаған сияқты көрінеді және оны «Пьный мост» деп атап кеткен.


Тролль сатысы

Тролль сатысы – Норвегияда орналасқан атақты туристік бағыт. Бұл ерекше жолдың құрылысы 1936 жылы аяқталған. Сондай-ақ, тау беткейінен иірімделе салынған жолдың үстінен 180 метр биіктіктен шығатын сарқырама ағады.


Музыка жолы

Калифорнияда классикалық музыка ләззатын сыйлайтын ерекше жол бар. Жол жабынында белгілі бір жылдамдықпен жүрсеңіз әйгілі Россинидің «Вильгельм Телль» операсының соңғы бөлігінің әуендері секілді дыбыстар пайда болады. Алайда, оны тыңдау үшін жылдамдықты дұрыс ұстап, салмағы ауыр көлікпен жүру қажет. Сонда ғана жолдағы шарлар туғызатын дірілден әуен түріндегі дыбыстар шығады.


Болдуин-стрит

Бірден жоғары қарай жетелейтін жолдарды әдетте таулардан кездестіреміз. Алайда, Жаңа Зеландияда қарапайым тұрғын үйлер арасынан өтетін ең тік жол салынған. Сонысымен Данидин қаласындағы Болдуин-стрит Гиннестің рекордтар кітабына әлемдегі ең керемет жолдардың бірі болып енгізілген. Ұзындығы 359 метрлік жолмен 80 метр биіктікке көтерілуге болады.


«Жапония шатыры»

Жапониядағы Мудоре-даре деп аталатын биік таулы ауданда табиғат-Ананың туыдысы іспетті ерекше жол бар. Нақтырақ айтсақ, 1971 жылы ол жерде рекордты жауын-шашын түсіп, бұған дейін ешкім көрмеген мол қар жабыны жиналған. Содан кейін, мұндағы ұзындығы 90 шақырым жолда бір ай бойы тазалау жұмыстары жүргізілген. Ал, тазалап болғаннан кейін жол жиектерінде биіктігі жиырма метрге жуық болған қар қабырғалары пайда болып, керемет көрініске ие болған. Содан бастап осылай тазалау жыл сайынғы дәстүрге айналып, «Жапонияның шатыры» деп аталған орын жыл сайын миллион адамға дейін баратын туризм нүктесіне айналған.


Аэропорт + жол

Бір кездері бұл қаладағы қозғалыс өте қатты жанданып, автокөлік жолының қиылысынан ұшақ ұшыруға тура келген. Сондай-ақ, бүгінгі таңда осындай ерекше оқиға күн сайын орын алатын алаң «Уинстон Черчилль айлағы» деп аталып кеткен. Нәтижесінде, North Front әуежайының ұшу-қону жолағы кесіп өтетін жол арқылы жол салуға орын болмау мәселесі шешілген.


Нанпу Көпірі

Қытайда жол үшін де, тұрғын үй үшін де орын жоқ. Сондықтан, Шанхайда кезекті жол салудың қажеттілігі туғанда ұзындығы мен ауданын қысқарту үшін спираль үлгісі бойынша көпір салуға шешім қабылдаған. Нәтижесінде 1991 жылы Хуангпу өзені арқылы өтетін көпі салынып, ұзандығы 8346 метрді құрайтын сәулет туындысы әлемдегі ең ерекше жолдардың қатарына енген.


Жер үсті мұнарасындағы жол

Азиаттар жер жетіспеушілігі мәселесін шешу жолындағы өзіндік тәсілдерімен танымал. Соның бірі Осака қаласында орналасқан бірегей он алты қабатты «Gate Tower Building» кеңсе ғимараты. Бір ерекшелігі – 1989 жылы ғимараттың 4-қабатынан 8-қабатына дейін жоғарғы жылдамдықпен дүруге арналған Хансин трассасы салынған.


Магнитті жол

Кейде Үндістандағы Лех-Каргил-Баталик тас жолында орналасқан магнитті жолмен жүрген адамдар нағыз мистикаға тап болады. Сондықтан аталған орын табиғаттың тылсым құбылыстарына құмар көптеген туристердің назарын өзіне аударып үлгерген. Нақтырақ айтсақ, төбенің үстімен өтетін жолдың етегінде қалған автокөліктер бір орында тұрмай, жол бойымен жоғары қарай қозғалады. Мұндай ерекше құбылыстың себептері туралы түрлі ғалымдар сан қилы болжам айтқанымен, сырын ешкім аша алмаған. Тек «Бұл жерде магниттік кеннің шоғыры болуы мүмкін, олар темір тұлпарды өзіне тартады» деген болжам ғана шындыққа жанасады.


Дайындаған: Б.Ерман,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


ҚЫСҚА мерзім ішінде АДАМ ТАНЫМАСТАЙ өзгерген қалалар

"Масондар мекен еткен": Құпияға толы "МЫҢ АРАЛ" жайлы не білесіз?