Ел білмейтін таңғажайып елдімекендер

0
4 098

Бүгінде саяхаттағысы келетін адамдарда тек қана қымбат демалыс аралдары немесе жағажай және т.б. танымал орындар туралы түсінік қалыптасып қалған. Ал, осы жазбада сіз көретін елдімекендер өз жаратылысымен ерекшеленіп тұрады. Бұл елдімекендердегі таза ауа, халықтардың аз шоғырлануы және кішігірім жайлы кеңістік жанға нағыз рахат сыйлайтыны сөзсіз.


Ел білмейтін таңғажайып елдімекендер

көрнекілік суреттер: ашық дереккөзден

Сонымен, жұрт біле бермейтін әлемдегі ең таңғажайып орындарға шолу жасайық.


Су бетіндегі Урос аралдары, Боливия және Перу (Floating Islands of Lake Titicac, Bolivia, Perú)

Титикака көлінің бетінде қалықтаған, Уру тайпасы мекендейтін 42 арал Перу және Боливия шекарасында орналасқан. Бұл аралдарды Уру тайпасының өздері қамыстан жасаған. Сондай-ақ, адамдар балық аулауға шығу үшін осы аталған материалдан қайықтар жасайды екен. Тайпа әлемдік өркениеттен алыстағанымен, мұнда жергілікті тұрғындарға теледидар қарауға мүмкіндік беретін күн сәулесі панельдерін бар көрінеді.


Симиан ла Ротонд, Прованс, Франция (Simiane-La-Rotonde Village in Provence, France)

Бұл мекеннің ең көрікті жерлерінің бірі – іргетасы XII ғасырда қаланған Агу қамалы. Қала атауы осы қамалдағы12 бұрышты пирамида тәріздес ротондаға байланысты қойылған. Мұнда антикалық музыканың жазғы фестивалі ұйымдастырылып тұрады.

Сондай-ақ, көгілдіраспан астындағы лавандалар алқабы, аспанмен таласқан Альпі тауы, Жерорта теңізі өнімдерінен дайындалған тағамдары бар. Ал, сіз жанның тынығуына осылардан артық не керек деп ойлайсыз?!


Теңіздегі мектеп, Куа Ван, Вьетнам (Fishing Village Cua Van, Vietnam)

Куа Ван – Халонг шығанағындағы балық шаруашылығы кәсібімен күн көретін табиғаты тамаша орын. Бұл жер дәл су айдынында орналасқан жүзбелі мекен. Жергілікті халықтың Оңтүстік Қытай теңізінің алуан байлықтарын өндірумен айналысып жатқанына куә болу үшін еспелі қайықпен жетуге болады.

Айта кетсек, мұндағы тұрғындар түрлі түсті үйлер мен салдарда (байластырып суға ағызатын ағаштар) мекен етеді, сондай‑ақ мұнда жүзбелі үйлердің бірінде мектептері орналасқан екен.


Түрлі түсті мекен, Тайчжун, Тайвань (Rainbow Village, Taichung, Taiwan)

Тайчжун қаласының айналасындағы жерлер бұрынырақ тұрғындары тастап кеткен әскери елдімекен болған екен. Бір кездері биліктегілер мұндағы үйлерді бұзу туралы шешім қабылдаған. Содан кейін, 86 жастағы бір қария өз ауласын бұзудан сақтап қалу үшін үйінің қабырғаларын әртүрлі кейіпкерлермен және ою‑өрнектермен әрлеп бояп тастаған. Қазіргі таңда мына суреттегі орын Тайвань қаласының саяхатшылар ең көп тамашалайтын көрікті жерлерінің біріне айналған.


Марсашлок, Мальта (Marsaxlokk, Malta)

Марсашлок – Мальтадағы балық шаруашылығымен қарқынды айналысатын көрікті мекен. Марсашлок тұрғындарының саны 3000‑ға жуық қана. Ер адамдардың көбі айналысатын балық аулау кәсібі ата‑бабасынан мұра болып келе жатыр екен. Сондай-ақ, бұл жердегі теңіз айлағында дауыл болмайды, сондықтан да сары құмнан соғылған үйлер суға қарай өте жақын орналасқан. Сонымен қатар, онда адамдар жүруге арналған жағалау мен көлік өтетін шағын ғана жолдар бар.


Тас үйлер, Монсанто, Португалия (Monsanto, Portugal)

«Нағыз португалиялық елдімекен» атауын иеленген – шағын ғана Монсанто елдімекені. Жергілікті халықтардың: «Монсантода алдымен үйлерден тас пайда болды ма, әлде тастардан үй пайда болды ма, ажырата алмайсың», - деген сөзі жергілікті ерекше сәулет өнерін дәлме‑дәл суреттейді. Мұндағы таудың алып тастары кейбір үйлердің қоршауы немесе шатырына айналып кеткен.

Бұл жердегі қызыл шатырлы шағын үйлер алып тастардың астында қалып қойғандай көрінеді, ал ондағы тар көшелер алып тастардан ойып қойғандай болады.


Англия көнесі, Бибури, Ұлыбритания (Bibury, England)

Бибури – Англияның ең көне әрі табиғаты әсем, көрікті шағын мекендерінің бірі. Оның негізінің қалануы сонау XI ғасырлардан бастау алған. Мұнда сол кезден бері бейне бір уақыт тоқтап қалғандай көрінеді, оның дәлелі, сол баяғы ескі шағын үйлер, мөлдір табиғат. Сондай-ақ, мұнда қалашық әсемдігінің бүлінбеуі үшін, тіпті ешбір қоғамдық көліктер қатынамайды екен. Бұл елдімекенге талай ақындар мен суретшілер шабыт алу үшін ағылып келіп жатады, сонымен қатар мұнда кинематографтар– «Бриджит Джонстың күнделігі» және Агата Кристидің «Миссис Марпл жайлы әңгімелері» фильмдерін түсірген.


Тауға өрмелеген ел, Учхисар, Түркия (Uchisar, Turkey)

Осы аталған аудан халық ең тығыз қоныстанған шағын елдімекендер қатарына кіреді. Мұндағы тұрғындардың басым бөлігі қираған үйлерде, біршамасы шатқалдарда және кейбіреулері заманауи елдімекенде трады. Сондай-ақ, тұрғын алаптары шатқалдардың биігінде де орналасқан.

Бұл мекен ортадағы биік шыңды айнала орналасқан, мұнаралы және үшкір ақ тасты бірден бір биік шатқалды қоныс. Ал шатқалдың ең биік нүктесінен кең даланың керемет көрінісін тамашалауға болады.


350 тұрғынды Рейне, Норвегия (Reine Lofoten, Norway)

Сюрреалистік табиғатымен таң қалдыратын балықшылар мекені – Рейне. Үйлері көз тартарлықтай әдемі, ал мұндағы халық саны небәрі 350-ге жуық.

Бұл мекеннің тарихи негізі сонау 1743 жылдан басталады. Кішігірім елдімекеннің айналасын Фьорд тауы қоршап тұр. Сондай-ақ, елдімекен бейне бір суреттен қарағандай көрініс қалдырады. Бұл жердің әсем табиғатына куә болып, тамашалау үшін әлемнің түкпір‑түкпірінен туристер ағылып келіп жатады.


Лунцзи күріш террасасы, Қытай (Longji Rice Terraces, Chinese)

Лунцзидағы күріш террасасы Қытайдағы ең көрікті орындардың бірі. Халық арасында оны «Айдаһар қыраты террасасы» деп те атайды екен. Сондай-ақ, бұл жер Пинь Ан атты табиғаты ғажайып өлкенің маңында орналасқан. Бұл террасалардың негізі XII ғасырдың соңына таяу, тау шатқалдарына қарай 100 метр биіктікке дейін қаланған көпжылдық еңбектің жемісі. Аталмыш террасаның іргетасын қалаған шаруалар таулы аудандардағы өздерінің басты күн көрісі болып табылатын алқапта тынбай еңбек етудің қамын ойлаған. Сондай-ақ, бұл кәсіп олардың отбасын тамақпен қамтамасыз етудің жалғыз мүмкіндігі болған екен.


Парианган, Индонезия (Pariangan, Indonesia)

Парианган елдімекенінен бастап Батыс Суматраға қарай көтерілетін сөнбеген Мерапи жанартауы осы елдің табиғи мұрасының бірі. Сондай-ақ, Парианган «минангкабау» халқының ең көне қонысы, сондықтан да туристерге мұндағы халықтың мәдениеті мен әдет‑ғұрыптары жайлы көбірек білуге болады.

Сонымен қатар, мұнда үшкір тәріздес келетін дәстүрлі үйлер қазіргі уақытқа дейін мінсіз сақталып қалған, олардың арасында ротангтан өрілген 300 жылдық құрылыс және XIX ғасырдағы сәулетті мешіт бар.


Гальштат, Австрия (Hallstatt, Austria)

Альпі таулары мен Хальштаттарзе көлінің арасындағы жердің тар бөлігінде керемет көрікпен орналасқан Гальштат тұрғындарының саны 1000 адамнан аспайды.

Ондағы тау басына қарай өрмелей салынған бірнеше қабатты көз қызығарлық әдемі үйлер, көгілдір айдында жүзген аққулар, айнадай су бетіне шағылысып көрінетін Альпі сілемдерінің суреті, міне осының бәрі көрген адамға ертегі әлемін аралағандай әсер сыйлайды.


«Голландиялық Венеция», Гитхорн, Нидерланды (Giethoorn, the Dutch Venice, Nederland)

Голландиядағы ең көрікті орындардың бірі – Гитхорн, сондай‑ақ оны көбінесе «Голландиялық Венеция» деп те атайды. Себебі, ол шамамен 7,5 шаршы шақырымды қамтитын жасанды су айдынында орналасқан. Ал, халықтардың қоныстануы 1230 жылдан басталған. Сондай-ақ, елдімекендегі қозғалыс үшін велосипед жолы мен көптеген су жолайрықтары орнатылған. Тұрғындар негізгі көліктері ретінде ескекті қайықтар мен электр қозғалтқышты катерлерді қолданылады екен. Ондағы үйлер шағын аралдарда орналасқан және олар бір‑біріне ағаш көпірлермен жалғанған (жалпы елдімекен бойынша 50 шақты үйлер бар).


Гасадалур мекені, Фарер аралы, Дания (Faroe Islands, the Village of Gásadalur, Danmark)

Гасадалур мекені Фарер архипелагтарының құрамына кіретін, Вагар аралының ең биік өткелдерінің арасындағы тамаша жазықтықта орналасқан. Сондай-ақ, 2002 жылы аталмыш өлкенің халық саны небәрі 16 адамды құраған. Өйткені сол уақыттарда бұл жерге қоныс тебу талайлар жете бермейтін қиынның қиыны, бір жағынан аса көп уақытты қажет ететін болған. Ал, 2004 жылы адамдардың өлкеден әрі‑бері қоныс аударуына жеңіл болуы үшін, мұнда арнайы өткел орнатылып, содан кейін мұнда бірте‑бірте туристер келе бастаған.


СанДжиминьяно, Тоскана, Италия (San Gimignano, Toscana, Italia)

Сан‑Джиминьяно б.з.д. III ғасырда шағын елдімекен ретінде этрускілер өркениеті тұсында негізі қаланған. Бұл шағын өлке б.з. X ғасырында ғана шағын қалашыққа айналады. Қазіргі таңда Сан‑Джиминьяно ортағасырлық ұлы держава және де өзінің мұнараларымен әйгілі кішігірім қалашық. Мұнда ортағасырларда 72 мұнаралы үйлер болса, қазір олардың тек 14-і ғана қалған.

Сондай-ақ, жергілікті халықтар Сан‑Джиминьяноны Тоскана мен бүкіл Италияның жүрегі деп санайды.


Альберобелло,Италия (Alberobello, Italia)


ЮНЕСКО‑ның тарихи және гуманитарлық мұраларының бірі ретінде мойындалған Альберобелло мекені 1400 кешенді күмбезді үйлерімен танымал болған. Қайталанбас құрылыс үлгілерінің бірі болып табылатын Трулли – қарапайым шаруалардың әктастан жасалған, қабырғасы құрғақтай қаланған тұрғын үйлер. Трулли атауы латын тіліндегі «trulla», яғни «күмбез» деген мағынаны білдіреді екен.

Дайындаған: Б.Мейірханұлы

ERNUR.KZ