Елестер қаласы, жылан аралы, өлім алқабы: Бұл жерге барғандардың ТІРІ ҚАЙТУЫ екіталай!

0
3 774

Жер бетінде барған адамды тірі жібермейтін орындар бар.


Елестер қаласы, жылан аралы, өлім алқабы: Бұл жерге барғандардың ТІРІ ҚАЙТУЫ екіталай!

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Біздің ғаламшарда бүгінгі күнге дейін зерттелмеген жерлер жоқ сияқты. Бірақ, құпиясын қойнына сақтап жатқан, барған адамды тірі қайтармайтын орындар бар екен.


Бермуд үшбұрышы

Адамзат үшін жұмбақ болып келген Бермуд үшбұрышы ұзақ уақыт бойы қауіпті орындар арасында көш бастап келеді. Өйткені ол аймаққа барғандар қайта оралмайды. Бұл аймақ Флорида, Бермуд және Пуэрто-Рико шыңдарынан құралған геометриялық фигура. Дәл осы аномалды аймақта ұшақтар мен теңіз кемелері жоғалып кеткен. Яғни циклондар мен дауылдардың мекені. Мәселен, 1945 жылы бес әуе кемесі осы тұсқа жеткенде радардан жоғалып кетіп, осы уақытқа дейін бірде-бір белгісі табылмаған. Одан кейін, тағы бір ұшақ 1965 жылы осы үшбұрышта жұмбақ күйде жоғалған. Бұл жерде ғарыштық қозғалыстар мен уақытша ауытқулар, сондай-ақ навигациялық құрылғылардың істен шығуы байқалады деген қауесет бар.


Қарғыс атқан қала

Туристік маршруттан кездеспейтін тағы бір қауіпті жер – Бангар қаласы. Ол 1573 жылы Үндістандағы Раджастан штатында князьдің әскери ерліктерінің дәлелі ретінде салынған. Жергілікті тұрғындар бұл қаланы елес басып алған деп санайды. Мұның себебі – қарғыс. Сол себепті 250 жыл бұрын қала халқы қорқынышты жерден кетуді жөн көреді. Ал, қазір күн батқаннан таңға дейін ол жерге аттап баса алмайсыз.


Елестер қаласы

Пенсильванияда орналасқан Сентрейлия деп аталатын қаланы білесіз бе? Бұл жер 1962 жылға дейін кеншілер мекені болып, сосын қараусыз қалған шахтаның бір бөлігіне қоқыс жинала бастаған. Ал, өртенген қоқыстан шыққан жалын шахтаға, терең туннелдерге жайылып, қалашық түтінге тұншығады. Сол себепті 1980 жылдардан бастап бұл аумақ жер астына опырылып түсіп, бұл процесс әлі де жалғасуда.


Жылан аралы

Атлант мұхитындағы Кеймада Гранди деген жер жылан аралы деп аталады. Өйткені онда найза жыландарының ең қауіпті түрлері бар. Олар шақса, тірі қалуыңыз неғайбыл. Сондықтан 1985 жылдан бастап Бразилия билігі аралға баруға ресми түрде тыйым салды және планетадағы ең қауіпті жерлердің бірі болды. Жыландарды жою үшін ондағы орманды өртеу әдісі қолданылғанымен, нәтиже берер емес.


Чернобыль

Мұнда 1986 жылы жүздеген мың адамның өмірін қиған, табиғи массивтерді өмірге қауіпті етіп, жаңа қаланы нағыз елеске айналдырған биологиялық қайғылы оқиға болды. Ондағы атомдық жарылыстан тараған радиацияның әсерін адамдар 20-30 жылдан кейін сезінуі де мүмкін. Сондай-ақ, бұл қаладағы қалыпты өмірге оралу үшін шамамен 7 мың жыл өту керек екен! Бүгінде бұл қаланың іргелес аймақтарына, соның ішінде қызыл орманға арналған экстремалды туризм бар. Бірақ, екінің бірі өмірін уәде берген мамандарға сеніп тапсыра бермейді ғой.


Данакиль шөлі

Араб плитасы жарылған аймақта орналасқан Данакил шөлі – тірі табиғаттың нағыз химиялық зертханасы. Эфиопиядағы бұл жер ХХ ғасырдың басында белгілі болды. Ол жерге барған адам күкірт көлі мен тұрақты жер сілкінісі салдарынан немесе улы газдармен уланып, 50 градус ыстықтан көз жұмуы әбден мүмкін. Химиялық процестердің алуан түрлілігіне байланысты шөлдің беті қызыл, сары, жасыл түстерге боялған. Бірақ, табиғаты қауіпті болғанымен, жүйкесін басуды қалайтындарға ұнауы мүмкін.


Якутиядағы өлім алқабы

Якутияның солтүстігінде өлім алқабы деп аталатын жер бар. Ондағы қара батпақта ағаштар емес тек қарасора өседі және құстар да, жануарлар да болған емес. Ол орын Вилюй өзенінің оң жағалауында орналасқан. Куәгерлердің айтуынша, онда жер астынан шыққан металл қазандықтар немесе күмбездер және олардың ішінде көптеген металл бөлмелер бар. Егер кімде-кім ол жерге бірінші рет барса, айықпас дертке ұшырауы мүмкін, ал екінші рет барғанда ауыр өлім күтеді. Сондай-ақ, бұл алқап туралы тарихи кітаптарда да жазылған көрінеді.


Индонезия, Мерапи тауы

Ағылшын тілінен аударылған «Мерапи» сөзі — от тауы деген мағынаны білдіреді. Ал, бұл тау атына заты сай болып, Ява аралының тұрғындарына үнемі қауіп төндіріп тұрады. Өйткені, бұл таудағы жанартау жай ғана бықсып тұрғанның өзінде түтіні 3 шақырымға жайылады. Жылына екі рет кіші жанартау атқыласа, 7 жылда бір рет үлкен жанартау атқылайды. Соның салдарынан 1974 жылы екі ауылдың тұрғындары, туристер мен вулканологтар қайтыс болып, бір жылдан кейін тағы бір елдімекен жойылған. Ал 2010 жылы құрбан болғандар саны 353 адамға жетті.


Вашингтон тауының шыңы

Жер бетіндегі ең қорқынышты нүктелердің бірі – бар болғаны 1917 метрлік тау шыңы. Тау әуесқойлары оны бағындыру оп-оңай деп ойласа, қателеседі. Өйткені, мұнда күшті жел тұрады. Әсіресе, қараша-сәуір айлары аралығында суық жел 16 сағаттан тоқтамай ұйытқып тұрады. Тіпті, мұнда 1934 жылы 372 км/сағ жылдамдықпен Жердегі ең жылдам жел тіркелген. Таудың тағы бір тосын сыйы – оның температурасы. Тарихта мұндағы суық -50,5 градусқа жеткендігі туралы дәлелдер бар. Бір сөзбен айтқанда, оңай бағынбайтын туристік бағыт.


Суицид орманы

Мистикалық атаққа ие болған тағы бір таңғажайып орын Фудзи тауының жанындағы табиғи аймақ. Бұл жер суицид орманы ретінде белгілі. 1950 жылдардан бастап мұнда 500-ден астам адам өмірмен қоштасқан екен.


Торнадо серуені

АҚШ халқы, атап айтқанда Техас, Иллинойс және Миссури Штаттарының аумағы арқылы өтетін I-44 тас жолының бойында үнемі ең ауыр және жойқын табиғи құбылыстардың бірі — торнадо қаупі туындап отырады. Ауа-райы құбылыстарын тіркеу басталған кез, атап айтқанда 1890 жылдан бастап торнадо осы аймақты 120 рет қиратқан. Тіпті, 1999 жылдың өзінде Оклахома, Техас және Канзас Штаттарына бірден 70 құйын «шабуыл жасаған». Бүгінде табиғи апатқа ұшырайтын қалаларда күшейтілген ғимараттар салынуда. Әр аулада торнадо тұрғанда жасырынатын арнайы баспаналар бар. Сонымен қатар, қалаларда сирена түріндегі жедел хабарлау жүйесі жұмыс істейді.


Комодо аралы

Салмағы 80 килограмнан асатын, бойы үш метрлік құбыжықтар мекен ететіндіктен, бұл жер адамдар үшін ең қауіпті орын болып саналады. Ол құбыжықтар үлкен болғанына қарамастан, өте жылдам және ағаштарға өте жақсы өрмелейді. Ал, иіс сезу қабілеті 10 шақырым жерге дейін жетеді. Сондықтан, жақында жерленген мүрделерді, жараланған адамдарға жиі шабуыл жасайды.


Иа, әлемде таңғажайып дүниелер көп. Олар жайлы қызықты ақпараттардан құр қалмас үшін біздің апта сайын жарық көретін мақалаларымызды оқи жүріңіз.


Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Шет мемлекеттерден мына заттарды әкетуге ТЫЙЫМ САЛЫНҒАН


Бұлай да турист тартуға болады екен: Әлемде аты ӘЙГІЛІ әжетханалар да бар