ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР ҮШІН: Наурыз айында қайда саяхаттаған дұрыс?

0
3 367

Түрлі талғамға сай келетін бағыттарды таңдадық.


ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР ҮШІН: Наурыз айында қайда саяхаттаған дұрыс?

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Наурыз – саяхатты ұнататындар үшін көптеген мүмкіндік сыйлайтын ерекше ай. Сәйкесінше, қазір көптеген қазақстандық қыстан қысылып шығып, демаллысы көп бұл айда жылы жерлер мен жағажайларға асығып отырғаны анық. Ал, арасында кездесетін қыс мезгілінде саяхаттағанды ұнататындар әлі де қар жатқан жерлерге барғысы келеді. Оған қоса, наурыз айында саяхаттайтындар әжептәуір ақша да үнемдей алады. Сондықтан, біз түрлі талғамға сәйкес келетін бағыттарды назарларыңызға ұсынып отырмыз.


ЖАҒАЖАЙ ДЕМАЛЫСЫ


Наурызда теңіз немесе мұхит жағалауында демалу – көктемнің алдағы күндері мен жаз мезгіліндегі демалысқа дайындалудың тамаша жолы.


Тиісінше, наурыз айында Үндістандағы мұхит жағалауы – Гоа штатында ауа-райы аздап өзгеріп, қыс айларымен салыстырғанда ауа температурасы біртіндеп көтеріліп, ылғалдылық жоғарылай бастайды. Дәлірек айтсақ, ауа температурасы орта есеппен +31°С, су температурасы – +28°С шамасында болады. Сонымен қатар, Гоа штаты наурыздағы жағажай демалысын қызықты экскурсиялық бағдарламалармен біріктіреді: қонақтар будда храмдары мен қолтырауындары бар өзен суларын тамашалай алады.

Ал, Таиландқа барғандар елдің көптеген аралдары мен оңтүстік-шығысындағы жағажайларда демалу мүмкіндіктеріне ие бола алады. Сәйкесінше, мұндағы ыстық ауа-райы мен жылы теңіз керемет естеліктер сыйлайды. Пхукет, Ланту (Лантау), Самет, Яояй, Краби және Пипи (фи-фи) аралдарында наурыз айында жаңбыр да жаумайды.


Сондай-ақ, наурыз айында біріктірілген турлар да көп болады. Мәселен, кейбір туроператорлар Шри-Ланканың көрікті жерлерін аралап, Мальдив аралдарында орналасқан керемет жағажайларда шомылу мүмкіндігін сыйлап жатады. Бұл тұрғыда қонақжай Шри-Ланка туристерді Сигирияға (Арыстан жартасы), Полоннарува мен Дамбуллаға, ежелгі үңгір ғибадатханасы мен Кандидегі Будданың қасиетті тіс ғибадатханасына, би шоуына, піл фермасына, корольдік ботаникалық бақ пен дәмдеуіштер бағына шақыратын болса, экскурсиялық бағдарламаға бай жұмақ арал Мальдив естен кетпес демалыс ұсынады.


Наурызда Египеттің курорттары – Хургада мен Шарм-Эль-Шейхте ауа температурасы +25°C-тан аспайды. Наурыз айында бұл елдің жағажайларында демалу қолайсыз болғанымен, Ніл өзені мен пирамидаларға саяхаттауға өте ыңғайлы болады. Одан бөлек, өлілер алқабы мен Фиваға барып, нағыз рахат ала аласыз.


Біріккен Араб Әмірліктеріндегі жайлы температура наурыздың екінші жартысында қалыптасады. Тура осы кезде БАӘ сауда орталықтарында қолайлы сатылымдар өтеді. Яғни Әмірліктердегі ең жақсы өндірушілердің сапалы заттарын әлдеқайда төмен бағамен сатып алуға болады. Балалармен демалу үшін Дубай жағалауындағы қонақүйлерді таңдаған дұрыс.


Ал, Доминикан Республикасының жұмақ жағажайлары мұхитта демалғысы келетін туристерге тамаша демалыс ұсынады. Бір ерекшелігі – бұл елдегі қоныстануға қолайлы орындар тек жағажайда ғана емес, елді мекендерде де көп.


Иорданияның оңтүстігіндегі Ақаба шығанағы наурыз айындағы ерекше микроклиматтың арқасында жағалауда жайлы демалуға мүмкіндік береді. Жыл бойы Қызыл және Өлі теңіздердегі судың температурасы +21°C-тан төмен түспейді. Одан бөлек, жаз айларындағы ыстық тамашалауға мұрша бермейтін көрікті және тарихи орындарды аралауға мүмкіндік туады.



ЭКСКУРСИЯЛЫҚ ТУРЛАР

Наурыз айында экскурсиялық және танымдық сапарлар жасау үшін Еуропа елдері қолайлы. Себебі, мұндағы жылы ауа-райы көктемнің келгенін сезінуге мүмкіндік береді. Жайлы ауа райы мен туристердің аздығы да Еуропаны еркін аралап, шынайы атмосфераны сезінуге орай тудырады. Мәселен, бұл мезгілде Испания, Италия, Португалия мен Грецияда күн ашық және жылы болады.


Ал Скандинавияда бұл кездегі ауа температурасы 0°C-тан әрең асады. Сондықтан бұл аумаққа саяхаттайтындар міндетті түрде жылы және су өткізбейтін киімдерді алып бару керек. Сонымен қатар, арагідік қатты жел тұратынын да жоққа шығармаймыз. Кешке қарай Швеция мен Норвегиядағы ауа температурасы төмендеп кетуі де мүмкін.


ЭКЗОТИКА


Экзотикаға әуесқойлар Наурызда Бразилияға, Чилиге немесе Мексикаға баруы керек.


Сондай-ақ, Наурызда экзотиканы сезіну үшін Қытай жағажайларына, соның ішінде Хайнань аралының оңтүстік жағалауына баруға болады.


Көрікті жерлер мен жағалаудағы демалысты біріктіру үшін Вьетнамды таңдауға да болады. Өйткені мұнда туристерді көптеген ландшафттар күтеді. Вьетнамның курорттарында наурыз айында ауа райы тұрақсыз болатынын ескерген жөн. Қатты жел мен қысқа мерзімді нөсер жоққа шығарылмайды. Осы кезеңдегі су мен ауаның ең қолайлы температурасы елдің оңтүстігі мен Далат курортына тән.

Сейшел аралдары да наурыз айында Солтүстік-Шығыс «муссон Норд» әкелетін ыстық және ылғалды ауа-райын сақтайды. Алайда, осы кезеңде аралдарда найзағай ойнап, жаңбыр жаууы мүмкін екенін есте ұстаған жөн.


Наурызда Сингапурда жауын-шашын жиі түседі. Осыған қарамастан, көктемнің бірінші айында ауа бағаны +28°C-тан аспайтынын да ұмытпаған дұрыс.


Наурыз айы Куба үшін құрғақ маусым болып саналады. Бірақ аралдарда ауа-райының өзгеруі жиі кездеседі, тіпті осы кезеңде қатты тропикалық нөсер де болуы ықтимал. Сондай-ақ, қатты желдер де болуы мүмкін. Дегенмен олар аса көп ыңғайсыздық тудырмайды.


ТАУ ШАҢҒЫСЫ КУРОРТТАРЫ


Наурыз айында көптеген курорттарда шаңғы маусымы аяқталады. Дегенмен, Андоррада, Италиядағы Доломиттерде, Австрия мұздықтарында және Францияда орналасқан тау шаңғысы кешендері шаңғышылар мен сноубордшыларды, сондай-ақ қысқы спорт түрлерін ұнататындарды қабылдауға дайын тұрады.

Наурыз айында Финляндия (Вуокатти, Тахко) мен Швециядағы (Оре) тау шаңғысы орталықтарында да шаңғы мен сноубордқа қолайлы ауа-райы сақталады.



БАЛАЛАРМЕН БІРГЕ ДЕМАЛУ


Көктемдегі оқушылар демалысы балалармен бірге танымдық және экскурсиялық демалысқа шығу үшін өте қолайлы. Тиісінше, мектеп оқушыларымен бірге ортағасырлық рыцарьлардың тарихымен, Германиядағы, Франциядағы немесе Чехиядағы ескі сарайлармен танысуға болады. Көктемнің жылы күндері Афиныдағы ежелгі грек қирандыларын зерттеп, әрі демалып қайтуға да мүмкіндік береді.

Егер балалармен бірге ойын-сауық сапарына барғыңыз келсе, онда еуропалық саябақтарға назар аударған жөн. Оның ішінде француздық Disneyland-ке және испандық Port aventura мен Parque Warner Madrid-ке назар аударған жөн.


Балалар демалысының тағы бір қызықты нұсқасы – Мальтадағы әртүрлі тілдік мектептер. Бұл сапардың бір артықшылығы – балалар лагерь өмірі мен түрлі экскурсиялардан бөлек, шет тілі сабақтарына да қатыса алады. Бірақ, ауа мен судың салқын температурасы сондағы теңізде шомылуға қолайсыз болады.



ВИЗАСЫЗ КІРЕТІН ЕЛДЕР


Наурыз – туризм саласындағы белсенділік төмендеу болатын маусым. Сондықтан кез-келген елге арналған визаны қиындықсыз алуға болады. Алайда, шекаралық формальдылыққа уақыт болмаса, визасыз немесе оңай кіретін елдердің тізімін пайдалануға болады.

Бұл тұрғыда жағажай бағыттарының арасында Тайланд, Доминикан және Шри-Ланкаға назар аударған жөн. Бұл уақытта Египеттің жағажайлары да өте ыңғайлы болуы мүмкін. Арзан демалыс іздесеңіз, Грузия мен Түркияны таңдаңыз. Ең бастысы – саяхатты жоспарлар алдында аталған елдердегі саяси-әлеуметтік ахуалды, ау-райын бір көріп алған абзал.


Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ

Тағы оқыңыз:


Көктемді АСЫҒА КҮТКЕНДЕР үшін – ТАМАША БАҒЫТТАРДЫ таңдап қойдық


Әлемдегі ЕҢ БАЙ ҚАЙЫРШЫ қайда және қалай өмір сүреді?