Көктемде ҚАЙДА және ҚАЛАЙ саяхаттаған дұрыс?

0
3 089

Кейбір адамдар саяхатқа шығу үшін жаз мезгілін тағатсыздана күтеді.


Көктемде ҚАЙДА және ҚАЛАЙ саяхаттаған дұрыс?

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Әрине, жаздағы теңіз, жағажай демалыстарының орны ерекше. Дегенмен, көп күткіңіз келмесе, көктемгі саяхатқа қорықпай шыға беріңіз. Өйткені, біздің елдің көктемінде тіршілік енді оянып жатса, басқа мемелекеттерде теңіздің жағасына туристер толып, тіпті кейбірінде қысқы демалыс қайнап жатады.


Еуропадағы көктем

Кәрі құрлықта наурыз айынан бастап ауа райы жылынып, табиғат түрлене бастайды. Сонымен қатар, бұл кезеңде турагенттіктер түрлі жеңілдіктер ұсынып, көптеген көрікті жерлер мен қайталанбас сәулет туындыларын тамашалауға мүмкіндік береді.

Негізі, ерте көктемде Италия, Венгрия, Германия, Чехия, Португалия және Испания мен Австрия елдеріне саяхаттаған дұрыс. Себебі, аталған мелекеттерде ең көрікті көшелер, тамылжыған табиғат, саябақтар, театрлар мен сурет галереялары шоғырланған.

Сондай-ақ, жас ерекшеліктеріне байланысты да түрлі таңдауды таба аласыз. Мысалы, олардың қатарына жастарға арналған ойын сауық орталықтары, заманауи интерактивті мұражайлар, Венадағы музыка үйі, Венгриядағы мерекелік жәрмеңкелер мен фестивальдер, Италиядағы арзан баға, Чехия, Испания мен Германиядағы дәмі тіл үйіретін тағам фестивальдерін жатқыза аламыз.


Теңіз, күн, жағажай...

Егер, рухани емес, жағажайда жатып демалуды қаласаңыз Таиланд, Қытай (Хайнань), Гоа, Вьетнам, Сейшелдер, Канар аралдары (Испания), Мальдивтер мен БАӘ-ге барыңыз. Себебі, көктемде Тайландтағыдай ауа райы, арзан баға мен ойын-сауықты еш жерден таба алмайсыз. Ал, Қытай, Вьетнам мен Шри Ланка – өте жайлы қонақүйлер, дәмді тағам, жағажайлар, теңіз бен демалыс орындары арқылы баяғыда танылып қойған.

Сондай-ақ, Индонезия дайвинг пен серфинг әуесқойларының екінші үйіндей болса, Доминикан, Куба мен Мексикадан экзотикалық табиғатты таба аласыз.


Көктемде шаңғымен сырғанау


Мамыражай көктемде Австрия, Германия, Франция, Швейцария, Андорра, Италия, сонымен қатар Болгария, Финляндия мен Швецияға саяхаттап, шаңғымен сырғанауға болады. Тіпті, Ресейдегі Сочи де бұл елдерден кем емес.


Мерекелер мен фестивальдер

Көктемде шет елдерге барып, көптеген қызықты мерекелердің куәсі бола аласыз. Мысалыға, Ницца(Франция), Венеция(Италия), Кадис(Испания) және Рейн(Германия) карнавалдарын, Голландия, Австрия мен Италия гүлдерінің фестивалін айтуға болады.


Денсаулық үшін!!!

Денсаулық үшін пайдалы тағы бір нұсқа бар, ол – демалысты сауықтыру курорттарында өткізу. Олардың ішінен өз еліміздегі, көрші Ресейдің немесе еуропалық курорттарды таңдаған абзал.


Емдік сулар

Бұл тақырыпқа келгенде, бірден мына орындарды ұсынамыз: Карловы Вары (Чехия), Иския аралы (Италия), Висбаден (Германия) мен Баден-Баден (Австрия). Өйткені, бұл жерлерге көктемде көп адам бармайтындықтан, баға өте қолайлы болады.


Қырымға барамыз

Қырымдағы климат көктемде демалуға өте ыңғайлы. Мұнда түрлі экскурсиялар жасауға, саябақтарда серуендеп, тып-тыныш жағажайда демалуға мүмкіндік бар. Әдемі Ливадийский және Воронцов сарайларына немесе Севастопольге барыңыз... Сондай-ақ, туристердің көбі жазда келетіндіктен, демалыс құны да төмен болады.


Арзан демалыс

Егер, қалтадағы қаржыңыз аздау болса, Кипр, Тунис, Чехия, Италия мен Испания және Марокко елеріне саяхаттаңыз. Себебі, бұл жерлерге де туристер жазда келетіндіктен, баға өте арзан болады.

Көктемдегі демалыс естен кетпестей болады, егер оны ерекше жерде өткізсеңіз!


Дайындаған: А.Мейірхан,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Қай елде қандай АУРУДАН сақтану керек?


Әлем елдеріндегі ҚАЗАҚША аталған ерекше орындар - КӨШЕ, ЕСКЕРТКІШ, МҰРАЖАЙ