Қыста да ЖАЗДАҒЫДАЙ демалуға болады

0
2 702

Ол жақта жағажай демалысы енді басталды.


Қыста да ЖАЗДАҒЫДАЙ демалуға болады

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Біз жазда ыстық, қыста суық климатта өмір сүргендіктен, аталған екі маусымдағы ауарайын керісінше қабылдауымыз қиындау. Дегенмен, жаз айларында салқын, ал қыстық темпартурасы ыстық болатын елдер аз емес. Ол жақтарда қазір жағажайдағы демалыс маусымы басталып жатыр және ерекше жемістері де енді піседі. Сіздің назарыңызға қысқы демалысты жаздағыдай өткізуге өте ыңғайлы жерлерді ұсынамыз.


1. Мысыр

Мысыр – көптеген туристер қыста баруға құмар елдердің тізімінде даусыз көшбасшы. Тіпті жаз айларының өзінде ең көп саяхатшы баратын он елдің ішінде екінші орынды алады. Өйткені, мұнда жаз мезгілінде Жерорта теңізінің жағажайларында, ал қыста Қызыл теңіздегі Шарм-эль-Шейх немесе Хургада аймақтарында керемет демалыс өткізуге болады. Оның үстіне аталған орындардағы қысқы ауа температурасы +45 градустан +25-30 градусқа дейін төмендесе, су температурасы +23°C-қа дейін жылынады екен. Сондай-ақ, Мысырға барған туристер Қызыл теңіздің ғажайып табиғатын төрт сағат бойы ұшақтан тамашалай алады және бұл жердегі демалыстың құны да өзгелерге қарағанда әлдеқайда арзан. Ал, ежелгі пирамидаларды өз көзіңізбен көрсеңіз, өмір бойы есте сақталатыны сөзсіз.


2. Біріккен Араб Әмірліктері

Шөлдің ортасына шыны мен темірден салынған мемлекеттегі жазғы ауа температурасы +50°C—тан да жоғары болады. Тіпті осы ыстықта туып өскен арабтар да мұндай аптап кезінде өзге салқын елдерге уақытша көшуге тырысады. Ал, қыс керемет қонақ үйлер мен ғимараттар, Шығыс колориті мен алтын толы базарлар еліне саяхаттау үшін тамаша уақыт. Бұл кезде мұндағы ауа температурасы +27°C, ал судың жылылығы + 23°C болады. Сондай-ақ, туристер дельтапландармен ұшып, ең биік шолу дөңгелектеріне міне алады және әр түрлі эмираттарға экскурсия жасап, көңілді ойын-сауықтарға қатысуға болады. Бірақ, БАӘ-дегі демалыс Мысырмен салыстырғанда көбірек қаржыны қажет етеді.


3. Үндістан

Үндістан үлкен ел болғандықтан бірнеше климаттық аймаққа бөлінеді. Тиісінше, түрлі аймақтардағы ауарайы өзгеше болады. Сондай-ақ, бұл елдегі жаз жаңбырлы, кейде аздаған дауылдармен өтеді. Ал, өте қолайлы маусым қараша айынан басталады және жайлы ауа райы, қалалардың сұлулығы, жемістердің пісуі мен жергілікті халықтың мәдениеті әлемнің түкпір-түкпіріндегі туристерді өзіне тарта бастайды. Сонымен қатар, экскурсиялық саяхат әуесқойлары "Алтын үшбұрыш", Гоаға, ал жағажайда демалғысы келетіндер Кералға баруға болады.


4. Шри-Ланка

Шри-Ланкаға саяхаттау үшін жылдың кез келген уақыты ыңғайлы. Мысалы, жазда Тринкомале, Пасикуда, Аругамбей, ал қыста Хиккадуве мен Уннаватун демалыс аймақтарына бара аласыз.


5. Таиланд

Таиландта жыл бойы үш түрлі ауа райы болады, оның ішінде қазан мен ақпан аралығындағы уақыт демалыс үшін ең ығайлы болып есептеледі. Ел аумағында әртүрлі таңқаларлық сәулет туындылары, дамыған мегаполистер, атышулы курорттар мен шағын дара аралдар бар. Мысалы, күндеріңізді керемет өткізу үшін Паттайя, Пхи-Пхи, Самет, Ланте мен Солтүстік Таиландқа баруға болады.


6. Мексика


Қараша мен науыз айларының аралығы Мексикаға саяхаттау үшін тамаша мезгіл. Сондай-ақ, ондағы жағажайлар, ойын-сауықтар, көне Майя өркениетінің қалдықтары мен дәмді тағамға толы асханалар демалысты керемет өткізуге себеп болады.


7. Куба

Кубадағы демалыс үшін ең қолайлы маусым желтоқсан айында басталады. Варадеродағы ақ құмды жағажайлар, көне Гавана, ғажайып су асты әлемі Сізді бұл жерге ғашық ете алады.


Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


ӨЗІҢІЗБЕН ӨЗІҢІЗ демалғыңыз келсе, мына жерлерге баруға болады


Теңіз түбіндегі ғажайыптар: Әлемдегі ЕҢ КЕРЕМЕТ су асты мұражайлары