ҚЫЗЫҚТЫ әрі ҮНЕМДІ саяхат: Тәжірибелі туристерден ӨТЕ пайдалы кеңестер

0
3 398

Бұл кеңестер Сізге саяхатты дұрыс жоспарлау үшін көмектесетіні сөзсіз!


ҚЫЗЫҚТЫ әрі ҮНЕМДІ саяхат: Тәжірибелі туристерден ӨТЕ пайдалы кеңестер

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден


Көптеген адамдар саяхаттау үшін көп ақша қажет деп ойлайды. Шындығында, бұл пікір қате. Өйткені, Сізге алдымен ойыңыздағы жерлерге баруға ұмтылыс пен тапқырлық қажет. Ал, оған қол жеткізу үшін мына кеңестерді жақсылап ойға тоқып алыңыз.


Тиімді турларды жіберіп алмаңыз

Ыстық турлар (Горящие туры) – арзан әрі қызықты демалыс жасаудың тамаша тәсілі. Бұл әсіресе кез келген уақытта қолы босайтын, осындай ұрымтал сәтті күтіп жүретін саяхатшыларға өте қолайлы. Мүндай кезде демалыс басталатын күн қаншалықты жақын болса, бағасы да соншалықты арзан болады.

Мамандардың айтуынша, турагенттіктер демалыс маусымы басталардар бұрын қонақүйлерден нөмірлер сатып алып, әуе билеттерін бұғаттап қояды екен. Сосын, демалысқа арналған жолдамалардың өтпей жатқанын төмен бағада сатады. Тіпті, күн өткен сайын бағасы түсе береді. Бұл туристер үшін өте тиімді емес пе?


Арзан билет іздеу

Егер, жолға кететін ақшаны үнемдегіңіз келсе, саяхатты турагенттіктердің көмегінсіз-ақ алдын-ала бүге-шүгесіне жоспарлаңыз. Өйткені, ең арзан саяхат – өз қалауыңызбен болған сапар. Қай жерлерге баратыныңызды да, қандай әуе компаниясының ұшағымен жол жүретініңізді де өзіңіз білесіз. Бірақ, барлық әрекетті ойланып жасау керек.

Арзан әуе билетін алу үшін біраз уақыт бұрын іздеп, бұғаттап қою қажет. Ол үшін ғаламторды ашып, ресми сайттарға кірсеңіз болғаны. Сонымен қатар, үнемі бағаның төмендегенін күтіп отыру керек.


Арзан ұшқыштармен ұшыңыз

Арзан әуе билеттерін ұсынатын авиакомпаниялар көпшілікке танымал. Өйткені, билеті арзан және оқтын-оқтын жеңілдіктер ұсынып отырады. Олар негізінен Еуропа елдеріне ұшады. Оны да ғаламтордан анықтай аласыз. Тағы бір айта кетерлігі, баратын жеріңіз жақын болса, өзге де көлік түрлерін қарастырып көріңіз. Иа, іздеуге, жолға біраз уақытыңыз кетер, бірақ, жолай өзге де жерлерді көріп барасыз.

Жергілікті тұрғындардың ұсынысын тыңдап көріңіз

Кез келген турист барған жерден тұрғынжай іздейді. Көбісі қоанүйге жайғасады. Дегенмен, ақша үнемдеу үшін жергілікті тұрғындар ұсынатын пәтерерді де қарастыруға болады. Алайда, арам пиғылды адамдардың алдауына түсіп қалудан сақтаныңыз. Қала шетіндегі, тіршілігі күмән тудыратын жерлердегі пәтерлерді жалдап, өміріңізге қауіп туындатудың керегі жоқ.



Ақша төлеп, бір бөлігін қайтарып алыңыз

Қазір cashback-сервистер белсенді түрде дамып келеді. Яғни, қандай да бір затты сатып алып, белгіленген пайызбен бір бөлігін қайтарып ала аласыз. Ол ақша банк картаңызға түседі және банкоматтан шығаруға болады. Солардың ішінде әуе билеттері де бар. Бұл да тұтынушы тартуға арналған акциялардың бірі. Сондай-ақ, аталған жүйе қонақүйлерде, мейрамханалар мен дүкендерде де болуы мүмкін. Оны арнайы уақыт бөліп анықтап алған дұрыс.

Туристік белсенділіктің бәсеңдегенін күтіңіз

Саяхатқа кететін шығын жылдың қай мезгілі екеніне де байланысты. Мысалы, барлық адам демалысқа шығатын жез мезгілінде Еуропа елдеріне барудың керегі жоқ. Өйткені, бұл кезеңде қонақүйлерде де, демалыс орындарында да туристер көбейіп, баға қымбаттайды. Ал, Қара теңіздің маңайына күзде бару керек. Сондай-ақ, мереке кездерінде де баға қымбаттайтынын ескеріңіз. Сосын, теңізге барып жатсаңыз, пәтерді тура жағажайдан алудың қажеті шамалы. Әлбетте, ақша үнемдегіңіз келсе.


Арзан тамақ қайда?

Саяхат кезіндегі ең арзан тамақ – өзіңіз пісірген немесе туристік орыннан алыстау жердегі дәмхананың тамағы. Жергілікті халық тамақтанатын жерлерден қарын тойдырсаңыз не бопты, есесіне біраз ақша қалтада қалады.

Тәжірибелі туристердің кеңестері

  • Егер сіз виза қажет елге баратын болсаңыз, оны заңды түрде рәсімдеуге ерінбеңіз. Бұл күрделі жұмыс емес, қайта арадағы делдалдарға ақша төлемейсіз.
  • Шетелдегі ашық базарда сауда жасауға қысылмаңыз. Әсіресе шығыс елдерінде. Бұл ақша үнемдеуге әрі қалаған затыңызды таңдап жүріп алуға мүмкіндік береді.
  • Қажет кезде Viber немесе Skype арқылы қоңырау шалыңыз. Өйткені, бұл әлдеқайда арзан әрі кез келген елмен байланыс орнатуға болады.
  • Ұшақта багажға ақша төлемес үшін шағы сөмкеге керек заттарды ғана салып шығыңыз.
  • Сапар алдында қай елдегі баға арзан болып жатқанын зерттеңіз. Әлеуметтік желі немесе ғаламторда көптеген блогерлер осы тақырып бойынша пайдалы кеңестермен бөліседі.


Еске сақтаңыз!

Қазір көптеген төлем банк карталарымен жасалады. Сондықтан, Еуропа елдеріне саяхаттасаңыз MasterCard картасын, ал АҚШ-қа барсаңыз Visa картасын қолданған тиімдірек. Себебі, MasterCard-тың негізгі валютасы – еуро болса, Visa картасының валютасы – доллар.


Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Бұлай да турист тартуға болады екен: Әлемде аты ӘЙГІЛІ әжетханалар да бар


Елестер қаласы, жылан аралы, өлім алқабы: Бұл жерге барғандардың ТІРІ ҚАЙТУЫ екіталай!