Шетелге шыққанда мұны есте сақтамасаңыз, айыппұл төлейсіз

0
4 703

Шет елдерге қыдыру, демалысты сонда өткізу – тамаша жоспар. Бірақ барған елдің кейбір қызықты заңдарын білмесеңіз, күлкіліге қалуыңыз немесе айыппұл төлеп, тіпті түрмеге қамалуыңыз мүмкін!


Шетелге шыққанда мұны есте сақтамасаңыз, айыппұл төлейсіз

көрнекілік суреттер: ашық дереккөзден

«Әр елдің салты басқа, иттері қара қасқа» дегендей әлемде қаншама ел болса, соншама қызықты дүниелер бар. Соның бірі – ұстаным, салт, заңдары. Сондықтан, саяхатқа шыққан кезде білмей қалмас үшін бүгін біз сіздерге түрлі елдердегі ерекше заңдарды ұсынамыз


Сингапурда жағымсыз музыка ойнамаңыз және сағыз шайнамаңыз

Сингапурда қоғамдық орындарда жағымсыз музыка ойнағандарға заң бойынша тыйым салынып, музыка ойнаған адам 1 мың АҚШ долларына дейін айыппұл төлейді екен. Бір жағынан бұл да жақсы – адамдар ұнамсыз әуендер тыңдамайды.

Сонымен қатар, Сингапурда сағыз шайнауға болмайды. Сағызды әртүрлі етіп шығаруға көп қаржы кететіндіктен, 1992 жылы билік осындай заң қабылдаған. Сондай-ақ, арнайы мамандар рұқсатын алған сағыздар ғана заңды болып табылады. Егер тыйым салынған сағыз шайнасаңыз, 100 мың долларға дейін айыппұл төлеуіңіз немесе екі жылға дейінгі мерзімге түрмеге қамалуыңыз мүмкін.


Шри-Ланкада Будданы суретке түсірмеңіз

Шри-Ланкада дінге өте қатты қарайды. Онда барған туристерге Будданы суретке түсіруге және онымен суретке түсуге, сүюге тыйым салынған. Олай істеу Шри-Ланка тұрғындарының сенімі мен сезімдерін қорлау болып есептеледі. Ал ережені сақтамаған туристер шартты мерзімге қамауға алынады және Будда ескерткішін сүйген адам жер аударылып кетуі мүмкін.


Испанияда тәпішкемен көлік айдамаңыз

Испанияда «шлепкамен» көлік жүргізу қауіпті деп саналады екен және екінші қайталанбас үшін — 200 еуро көлемінде айыппұл салынады. Негізі көпшілік жүргізушілердің пікірінше, бұл дұрыс заң болып есептеледі. Себебі, ыстық ауа райында аяқ «шлепкадан» сырғып кетіп, қауіп тудыруы мүмкін.


Тайландта электронды темекіні ұмытыңыз

Тайландта электронды темекі пайдалануға және сатып алуға 2014 жылы заң бойынша тыйым салынған. Егер, бұл заңды бұзсаңыз 10 жылға дейін түрмеге қамалуыңыз мүмкін!


Грекияда «каблук» киюге болмайды

Грекияда тарихи орындарға биік өкшелі аяқкиіммен келуге тыйым салынған. Оның себебі: біріншіден – грек ғибадатханаларының құнды жәдігерлері бұзылмас үшін, екіншіден – кез келген жерде жүруге ыңғайлы болуы үшін.


Франциядағы ашық бассейндерде шортымен шомылмаңыз

Бұл заң тазалық үшін қабылданған. Себебі заң қабылданбай тұрып, адамдар алдымен қалада қыдыруға киген шортымен ашық бассейндерге түсетін болған. Содан кейін гигиеналық талаптардың сақталмауынан түрлі аурулар тараған екен.


Итке деген шексіз құрмет

Италияның Турин қаласындағы заң бойынша – ит асыраушылар өз итімен бірге күніне ең кемі үш рет серуендеуге міндетті. Өйткені италияндықтар иттерді өздерінің төртаяқты достары ретінде қатты жақсы көреді және олардың иттермен жақсы байланыс жасайтынын кез келген ауладан аңғаруға болады. Сондай-ақ иттерге деген құрмет мемлекеттік деңгейде де көрінеді — итін қараусыз қалдырған иелеріне әкімшілік жаза қарастырылған, олар 25-500 еуро аралығында айыппұл төлейді. Бұл заң қатаң бақылауда жүреді.


Түркияда ақшаны жыртпаңыз

Түркияның қағаз ақшаларында елтаңбаның, тудың, президенттер мен министрлердің бейнесі суреттелген. Сондықтан Сіз Түркия көшелерінде ақшаны жыртсаңыз ірі көлемде айыппұл төлейсіз.


«Купальникпен» жүрмеңіз

Барселона және Майоркадағы жағажайлар аймағынан тыс жерде шомылуға арналған киіммен жүргеніңіз үшін 500 еуроға дейін айыппұл төлейсіз.


Дәрі-дәрмектерге тыйым

Көптеген елдерге мына дәрі-дәрмектерді апаруға болмайды:

• Эпинефрин – Жапония.

• Диазепам, трамадол, кодеин – Грекия, БАӘ, Индонезия, Жапония.

• Ұйықтататын дәрілер, антидепрессанттар – Сингапур, Индонезия.

Ал Коста-Рика мен Қытайда дәрігердің қолы қойылған демалыс уақытында ғана дәрі сатып алуға болады екен.


Міне әр елдің өзіне сай ерекшеленендіріп тұратын осындай заңдары бар екен. Бұл барлығы емес, тек бірқатар елдерге ғана шолу жасап өттік.

Құрметті оқырман, Сіз біздің апта сайын жарық көретін мақалаларымыздан қызықты мәліметтер таба аласыз. Әр санымызды оқып тұрыңыз!

Дайындаған: Б.Ерман

ERNUR.KZ